| Күні: 22.10.2020 | Мұғалімнің аты-жөні: Жұмағұлова Ж.М. | |
| Сынып: 8Г | Қатысқандар: 25 | Қатыспағандар:1 |
| Сабақтың тақырыбы: | Трапеция мен үшбұрыштың орта сызықтары | |
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Оқушылар: 8.1.1.12 үшбұрыш орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану; 8.1.1.13 трапеция орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану; | |
| Сабақтың мақсаты | Оқушылар үшбұрыштың және трапецияның орта сызығының қасиеттерін біледі және есеп шығаруда қолдана алады. | |
| Жетістік критерийлері | Оқушылар: -үшбұрыш орта сызығының қасиетін біледі - трапеция орта сызығының қасиетін біледі - үшбұрыштың және трапецияның орта сызығының қасиеттерін есеп шығаруда дұрыс қолдана алады | |
| Тілдік мақсаты | Оқушылар:
- трапецияның қасиеттерін қолданады. Пәнге тән лексика мен терминология: -Үшбұрыштың қабырғаларының орталарын қосатын кесінді үшбұрыштың орта сызығы деп аталады. -Үшбұрыштың орта сызығы бір қабырғасына параллель болады және сол қабырғаның жартысына тең. - Үшбұрышта үш орта сызық жүргізуге болады. - Трапецияның екі бүйір қабырғаларының орталарын қосатын кесінді трапецияның орта сызығы деп аталады. - Трапецияның орта сызығы оның табандарына параллель және сол табандардың қосындысының жартысына тең болады. |
ефлексия:
аған барлығы түсінікті
