kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жігіт сұлтаны"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сайыс сабақ және оқушылар өз өнерлерің көрсетті

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жігіт сұлтаны"»

Сабақтың тақырыбы: «Жігіт сұлтаны»

Сабақтың мақсаты: Патриоттық тәрбие бере отырып оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Сабақтың түрі:Сайыс сабақ.

Көрнекілігі:Шарлар,нақыл сөздер, дартс ойының құралдары.

Жүргізуші: Кеш жарық, ардақты азаматтар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 7 мамыр – Қазақстан Қарулы күштер мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады.

Жүргізуші: Жүрекке адалдықтың ескен гүлін

Ғажайып келешектің төккен үнін

Ардақты жігіттерге шын көңілден

Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін.

Жүргізуші: Құрметті ер азаматтар, сайысқа қатысушы оқушылар!

Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз!

Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!-дей отыра «Сарбаздар» әнімен ортаға Ундаганова Назеркені шақырамыз. Слайд 2.

Жүргізуші: Осы мерекеге орай мектеп – интернатымыздың жігіттерінің араында өткізгелі отырған «Жігіт сұлтаны» атты сайысымызды бастауға рұхсат етіңіздер. Жігіттерімізді ортаға шақырайық

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Жүргізуші:

Әділдікпен бұл сайысты байқайтын.

Туралықтан ешқашанда қашпайтын,

Әділ қазы алқаларын сайлайық.

Олай болса, қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сайыс алдында жігіттер өз нөмірлерін таңдап алсын.

Жүргізуші:

Сайыстың шартымен танысып өтейік. Сайыс төрт кезеңнен тұрады:

1. « Тегімді менің сұрасаң» Таныстыру сайысы (1-5 ұпай)

2. «Білімдіден ақыл шығар,

Ақылдыдан нақыл шығар» Сұрақ – жауап сайысы (әр сұраққа бір ұпай)

3. « Жігітке жеті өнер де аз» Өнер сайысы (1-5 ұпай)

4. «Ақылына күші сай» Спорттық ойындар сайысы (қол күшімен сынасады,көздеп ату)

Жүргізуші:1). Бірінші кезеңді бастайық « Тегімді менің сұрасаң» деп қатысушылар өздерін таныстырады. (Әділқазылар сайыстың ұпайын жариялайды)

Жүргізуші:

2) «Білімдіден ақыл шығар,

Ақылдыдан нақыл шығар» - дегендей, сайысымыздың келесі сынағын байқайық (Сұраққа жауап беріп болған соң, әділқазылар алқасы ұпайларын белгілейді)

1. Қазақ халқының тарихында қандай батырлар өткен? (Сыпатай, Қабанбай, Наурызбай, Бөгенбай, Кенесары, Есет, Қайдауыл, т. б)

2. Үш жүзді атаңыз? (ұлы, орта, кіші жүз)

3. Ұлттық ойын түрлерін атаңыз? (ақсүйек, арқан тарту, сақина салу, көкпар, қыз қуу, бәйге)

4. ХХХ жазғы олимпиада ойыны қай қалада өтті? (Лондон)

5.ҚР Қарулы күштері қашан құрылды ? (1992 жылдың 7 мамыр)

6.Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы кім? (Қазақстан Республикасының Президенті)

7.Ұлы Отан соғысы кезіндегі батырлар. ( Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова,Мәншүк Маметова,Рақымжан Қошқарбаев)

8.Президенттің тікелей өз қамқорлығындағы әскер (Президенттік Гвардия)

9. Қазақстанның қарулы күштеріне қандай әскер жатады (құрлық әскері, әуе әскері, әскери теңіз әскері, Ұлан әскері жатады)

10. Бес қаруды атаңыз? (мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта)

11. Қазақстан Республикасының әскери анты қашан бекітілді? (1992)

12. Қазақ халқының тарихында қандай билер өткен? (Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би)

13. Үш арсызды атаңыз? (ұйқы, тамақ, күлкі)

14. Жеті қазынаны атаңыз? (ер жігіт, сұлу әйел, ақыл – білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы)

15. ҚР Қарулы Күштерінің министры кім? (Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов)

16.Мектеп – интернатымыздың Алғашқы Әскери Дайындық пәнінің мұғалімі. (Абитов Сандарбек)

17.Тәуелсіздік үшін күрескен Желтоқсан оқиғасының құрбандары кімдер?

(Қ.Рысқұлбеков,Ербол Сыпатаев,Ляззат Асанова)

18.Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Тоқтар Әубакиров)

19. Мәдениет және спорт министрі ата ( Мұхамедиұлы Арыстанбек)

20.Алғашқы әскери дайындық сабағы нешінші сыныптардан бастап өтеді. (10-11 сынып)

21. «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы мен міндеті» деп қандай құжатта атап көрсетілген. (Еліміздің ата заңы – Конституцияда)

22. Қазақтарда офицерді қалай атаған? (Сардар)

23. Рейхстагқа Жеңіс туын алғашқы болып қадаған қазақ халқының даңқты ұлы (Рақымжан Қошқарбаев)

24.Ұлы Отан соғысының басталған күні (22 маусым 1941жыл)

25. 2015 жылы қыркүйек айында ұшған Үшінші қазақ ғарышкері. (Айдын Айымбетов)

Жүргізуші:

3) Кедеймін деп қысылма

Өнерің болса қолыңда

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатыр жолында –кезекті өнер сайысына берейік

« Жігітке жеті өнер де аз» дегендей қатысушы жігіттеріміздің өнерін тамашалайық.

Жүргізуші:

4) «Ақылына күші сай» деп жігіттеріміздің мықтылығын, күштілігін сынайтын кезеңімізде жетті.

Бұл сайыста жігіттерімізге берілетін тапсырмамыз мынадай :

1. Қол күшімен сыңасады.

2. «Дартс» ойыны

3. «Қораз» ойыны.

Әділқазылар әр номинация бойынша жеңімпаздарды анықтағанша ән тамашалаймыз.

Ән: «Алға қазақ жігіттері»

Сайыстың соңында қорытынды жасалып қатысушылар марапатталады.

Номинациялар:

1. Сегіз қырлы бір сырлы

2. Сері жігіт

3. Епті жігіт

4. Тапқыр жігіт

5. Жігіт сұлтаны



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Геометрия

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Жігіт сұлтаны"

Автор: Бапашева Даурия Талпынбековна

Дата: 05.04.2019

Номер свидетельства: 506134

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Т???ыш президентіміз Н?рс?лтан  ?біш?лы Назарбаев "
    ["seo_title"] => string(58) "tu-n-g-ysh-priezidientimiz-nu-rsu-ltan-bishu-ly-nazarbaiev"
    ["file_id"] => string(6) "240982"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1445165121"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмірі, шығармашылығы"
    ["seo_title"] => string(56) "mailyk_ozha_su_ltank_ozhau_lynyn_omiri_shyg_armashylyg_y"
    ["file_id"] => string(6) "360203"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1479483738"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "«Жігіт сұлтаны» тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(32) "zhighit_su_ltany_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "414335"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1494478811"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(24) "Жігіт с?лтаны"
    ["seo_title"] => string(15) "zhighitsultany2"
    ["file_id"] => string(6) "322387"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1461578131"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Майлықожа Сұлтанқожаұлы.9-сынып."
    ["seo_title"] => string(37) "mailyk_ozha_su_ltank_ozhau_ly_9_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "362553"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1480093079"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства