kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жер асты сулары, мұздықтар.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жер асты сулары, мұздықтар тақырыбына ашық сабақ жоспары.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жер асты сулары, мұздықтар.»

Сыныптар 6-«А», 6-«Ә»

Сабақтың тақырыбы

Жер асты сулары, мұздықтар.

Уақыты:

18.01.2018ж.

Сілтеме

«Физикалық География» 6 сынып. Авторлары: Ә. Бірмағамбетов, К. Мамырова, 2015 ж. Алматы «Атамұра» баспасы.

Жалпы мақсаты

Жер асты сулары мен мұздықтардың пайда болуымен, түрлерімен және маңыздылығымен танысу.

Терминдер

Грунт суы, Артезиа суы, миниралды су, жабынды мұздық, таулы мұздық.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ.

Көрнекілік құралдары

6-сынып Атласы.Дүниежүзінің физикалық картасы. «Физикалық География» 6 сынып оқулығы, видео.

Сабақтың әдіс-тәсілі

Топтық жұмыс

Оқыту әдістері

Репродуктивті, түсіндірмелі, проблемалық сұрақ.

Сабақтың кезеңдері

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, оқушыларды түгендеу. Топқа бөліп отырғызу.

Шаттық шеңбері

Қайырлы күн, достым,

Қайырлы күн болсын.

Бейсенбінің сәті,

Сәттілікке толы болсын!

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын!

Үй тапсырмасын тексеру

«Көлдер» тақырыбын тексеруге географиялық диктант.

  1. Еуразиядағы................көлі – дүние жүзіндегі ең терең көл.

  2. Дүние жүзіндегі ең ірі көл - .......................

  3. Арал аумағының үлкендігі жөнінен ............... орын алады.

  4. Қазақстанда көлемі жағынан үшінші орынды ............... көлі алады.

  5. Сөнген жанартаулардың кратерлерінде................көлдер пайда болады.

  6. Ешбір өзен ағып шықпайтын .................. көлдерге біртіндеп тұз жинақтала береді.

  7. ...................көлге тұз жинақталмайды.


Географиялық диктант жауаптары:

  1. Еуразиядағы Байкал көлі – дүние жүзіндегі ең терең көл.

  2. Дүние жүзіндегі ең ірі көл – Каспий.

  3. Арал аумағының үлкендігі жөнінен екінші орын алады.

  4. Қазақстанда көлемі жағынан үшінші орынды Балқаш көлі алады.

  5. Сөнген жанартаулардың кратерлерінд жанартаулық көлдер пайда болады.

  6. Ешбір өзен ағып шықпайтын ағынсыз көлдерге біртіндеп тұз жинақтала береді.

  7. Ағынды көлге тұз жинақталмайды.







Бағалау шкаласы.

7 дұрыс жауап 5 ұпай

6-5 дұрыс жауап 4 ұпай

4-3 дұрыс жауап 3 ұпай

2 төмен жауап 2 ұпай

Ауызша сұрақтар-жауап:

  1. Көл дегеніміз не?

  2. Көлдердің шаруашылықта маңызы қаңдай?

Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі

«Табыс баспалдағы» (Оқушылар жаңа тақырыптың басында өз деңгейлерін көрсетеді)


1. Жер асты суының пайда болуы. Жер қыртысының жоғарғы бөлігіндегі сулар жер асты суы деп аталады. Олардың тегі әр түрлі. Жер астындағы судың біразы атмосфералық жауын-шашыннан құралады. Екінші жолы – атмосферадағы су булары жерге сіңіп салқындағанда су тамшыларына айналады. Мұндай жағдайлар көбіне шөл мен шөлейттерде кездеседі. Үшінші жолы – судың өте аз бөлігі жер астындағы балқыған магмадан су буының бөлінуі арқылы пайда болады.

2. Еспе су мен қабатаралық су. Жер бетінен есептегенде су өткізбейтін бірінші қабатқа дейінгі суды еспе су деп атайды. 

3 . Минералды және жылы жер асты сулары. Құрамында еріген заттар мен газдар кездесетін жер асты суын минералды су деп атайды. Қазақстан аумағындағы жер астынан шығып жатқан минералды бұлақ «арасан» деген атпен белгілі. Алмаарасан, Жаркентарасан, Қапаларасан және т. б. атауларды естіген де боларсыңдар? Арасанның суы буын, тері, асқазан ауруларына шипа болады. Минералды су бұлақтары Қазақстанның шығыс, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда көп кездеседі.

4. Жер асты суының әрекеті. Жер асты сулары табиғатта үлкен орын алады. Тұрақты ағып шығатын бұлақтар мен көздер өзендер мен көлдердің молығуына айтарлықтай үлес қосады. Жер асты сулары жер бедерінің түзілуіне де қатынасады. Жер асты суларының әрекетінен сырғымалар, үңгірлер пайда болады.

Сырғыма тауда немесе жазықтағы өзен, көл, теңіз жағалауында жүреді. Ол үшін су өткізгіш жыныстардың астындағы су өткізбейтін жыныстар қабатының беті беткейдің еңістік бағытына сәйкес орналасуы шарт. 

6. Мұздықтар. Қар жиегі. Егер қар жылда еритін мөлшерінен артық түсетін болса, онда ол жата-жата нығыздалып, өзгеріп, мұзға айналады. Бір жерге жинақталған мұз мұздық құрайды.

Мұндай жағдайлар тауларға және полярлық аймақтарға тән. Тауларда жаздың өзінде ауаның температурасы биіктік артқан сайын төмендей беретіні белгілі (әр жүз метр көтерілгенде қанша төмендейтінін естеріңе түсіріңдер). Сондықтан биік тау бастарында, жаздағы ыстық кездің өзінде ауаның температурасы 0°С-тан төмен тұрады. Соған байланысты онда түскен қар еріп кетпей, жинақтала береді.

Таудағы жауған қардың жыл бойы ерімей, жинақтала беретін биіктігін белгілейтін шартты сызық қар жиегі немесе қар шекарасы деп аталады.

7. Тау мұздықтары мен жабынды мұздықтар. Құрлық аумағының 11%-ын мұздықтар алып жатыр. Мұздықтардың 2 түрі бар, олар: жабынды немесе материктік мұздықтар және тау мұздықтары. Жабынды мұздықтар жер бетіндегі мұздықтар көлемінің 98%-ын құрайды. Антарктида, Гренландия және Арктиканың біраз аралдарын жабынды мұздықтар алып жатыр. Мысалы, Гренландиядағы жабынды мұздықтың қалыңдығы 2000 м-ге дейін барады. Мұндай мұздықтардың пішіні қалқан және күмбез тәрізді болып келеді.

Артезиа құдығы туралы видео көрсетіледі.

Бекіту және жалпылау кезеңі

1 тапсырма:

Сәйкестендір

1. Грунт суы

2. Минералды су

3. Мамонт үңгірі

4. Артезиа суы

5. Мұздық

6. Жабынды мұздық

7. Тау мұздығы


А. Ол тәулігіне бірнеше сантиметрден 3 м-ге дейін жылжыйды.

Ә. Жердің терең қабатындағы қысымды су.

Б. Пішіні қалқан және күмбез тәрізді болып келеді.

Г. Жер асты суының құрамына еріген заттар мен газдар қосылуынан пайда болады.

С. Дүние жүзіндегі ең ірі үңгір.

Д. Жер бетінен есептегенде су өткізбейтін бірінші қабатқа жиналған су.

Е. Бір жерге жиналған мұз.

Жауап:

  1. Д

  2. Г

  3. С

  4. Ә

  5. Е

  6. Б

  7. А

Сергіту сәті: 2 мин.

2 тапсырма:

1-топ.

Фишбоун әдісі арқылы «Жер асты суын қорғау және оларды ұқыпты пайдалану» мәселесінің шешу жолдарын жазу.

2-топ.

Венн диаграммасы: Тау мұздықтары мен жабынды мұздықтардың айырмашылығын және ұқсастықтарын жазу.

3-топ.

«Мұздықтардың маңызы» кластер құру.

Бағалау

Үй жұмысын орындағандарына, сабаққа қатысқандарына, тапсырмаларды орындағандарына қарап мұғалім және спикерлер бағалайды. (Бағалау кестесі экранға шығарылады)

Үй жұмысы

Мәтінде аталған тауларды кескін картаға түсіру.


Қорытындылау


Рефлексия

«Табыс баспалдағы» (Оқушылар сабақтың аяғында өз деңгейлерін көрсетеді)

«Мен ештене білмеймін»

«Мен толық түсінген жоқпым»

«Мен барлығын түсіндім»

























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жер асты сулары, мұздықтар.

Автор: Оспанова Каламкас Жаныбековна

Дата: 23.04.2018

Номер свидетельства: 467447

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Еуразия ішкі сулары"
    ["seo_title"] => string(22) "ieuraziia_ishki_sulary"
    ["file_id"] => string(6) "445187"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1513661446"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Еуразияның ішкі сулары"
    ["seo_title"] => string(27) "ieuraziianyn_ishki_sulary_1"
    ["file_id"] => string(6) "445198"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1513664632"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "8-сынып. ?аза?станны? ішкі сулары, ?зендері "
    ["seo_title"] => string(46) "8-synyp-k-azak-stannyn-ishki-sulary-oziendieri"
    ["file_id"] => string(6) "176424"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424420203"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(136) "География пәнінен сабақ жоспары "Оңтүстік Американың ішкі сулары" (7-сынып)"
    ["seo_title"] => string(79) "gieoghrafiia_p_ninien_sabak_zhospary_on_tustik_amierikanyn_ishki_sulary_7_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "404858"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490845195"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Су-тіршілік к?зі "
    ["seo_title"] => string(17) "su-tirshilik-kozi"
    ["file_id"] => string(6) "158503"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421755494"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства