Мақсаты: 1.Оқушылардың «Табиғат» тарауы бойынша алған
білімдерін тереңдету, қайталау, пысықтау;
2. Оқушылардың танымдық әрекетін дамыту, ойын
арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру;
3. Жануарлар мен өсімдіктер, жалпы табиғат туралы
оқушылар білімін жетілдіре отырып, оларды қорғау
қажеттілігін түсіндіру негізінде, экологиялық тәрбие
беру.
Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақ түрі: Ойын элементі кіріктірілген сайыс сабақ
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу,ойын, талдау
Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта, карточка
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезең
Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындық деңгейін анықтау
ІІ. Негізгі бөлім
1. «Сұрақ-жауап» кезеңі
Слайд негізінде оқушыларға өткен тақырып бойынша 10 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа бір ұпайдан беріледі.
Сұрақтар:
1. Картада көгілдір түспен нені белгілейді?
2. Жауын-шашынның түрлерін ата
3. Желдің күші мен бағытын анықтайтын құрал
4. Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын не деп атаймыз?
5. Жаңбыр дегеніміз не?
6. Жер бетінің қағазға өте кішірейтіліп салынған бейнесін не деп атаймыз?
7. Бұлт дегеніміз не?
8. Ауа температурасын өлшейтін құрал
9. Қазақстан Республикасы қай материкте орналасқан?
10. Табиғаттағы судың үш күйін ата
2. Географиялық есеп (Тақтамен жұмыс: )
Егер тау етегінде ауа температурасы +25 0С болса, 1000 м., 2000 м., 5000 м. биіктіктердегі ауа температурасының өзгерісін анықта
3. «Орнын тап» ойыны(Тақтамен жұмыс: )
Оқушыларға интерактивті тақтада Тірі және өлі табиғат денелері, жасанды және табиғи денелер араластырылып беріледі, оқушылардың мақсаты бұл денелерді айырып, екі бағанға жинау
4.«Полиглот» ойыны(Тақтамен жұмыс: )
Оқушылар төмендегі жануарлардың ағылшын, орыс, қазақ тіліндегі атауларын айтуы тиіс
5. Бекіту
5 сұрақтан тұратын толықтыру тесті беріледі
Толықтыру тесті:
1. __________ адам, жануар, өсімдік тіршілік ете алмайды.
2. Ауаның қасиеттері:
3. Ауа қызғанда көлемі __________, суынғанда көлемі __________
4. Ауа райы __________ , __________ , __________ жиынтығынан құралады
5. Уақытты өлшейтін аспап __________ .
6.Рефлексия
Не білдік? Не үйрендік? Не білгіміз келеді?
7. Үй тапсырмасы
Табиғат құбылыстары туралытуралы мәлімет жинау, ребус, сөзжұмбақ құрастыру.