Просмотр содержимого документа
«Үндістан ашық сабақ география 11-сынып»
Әмірсеит Айжан Қасымсеитқызы №57 С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебінде 2008 жылдан тарих және география пәндерінен сабақ береді. Жоғары білімді ұстаздың еңбек өтілі 8 жыл. Мұғалім өз сабақтарында жан-жақты дамыған, білімді тұлғаны қалыптастыруды мақсат етіп, оқушылардың география пәніне деген қызығушылығын арттыратын түрлі әдістерді қолданады. 11-сыныпта «Үндістан» тақырыбында өткен ашық сабағын әріптестеріне үлгі ретінде ұсынып отырмыз.
Ж.Ермекбаев
Мектеп директоры
Сабақтың тақырыбы: Үндістан
Сыныбы: 11-сынып
Сабақ негізделген оқу мақсаты: Оқушылар қазіргі заманғы Үндістанның әлеуметтік-экономикалық географиясымен танысады.
Сабақтан күтілетін нәтиже:
Үндістанның географиялық орнын, мемлекеттік құрылымын біледі.
Үндістан халқының өзіндік ерекшеліктері туралы айта алады.
Үндістан өнеркәсібі, сыртқы экономикалық байланыстарына баға бере алады.
Тілдік мақсат: Үндістан, хинди
Ресурстар: оқулық, флипчарт, слаид, дүниежүзінің саяси картасы.
Пәнаралық байланыс: тарих, биология, химия.
Алдыңғы оқу: Қытай Халық Республикасы.
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі (2минут)
Шаттық шеңберін құрып, «Болашақ Қазақстан менің көзіммен» тақырыбы аясында өз ойларын, тілектерін айтады.
Сыныпты географтар, демографтар, саясаттанушылар және экономистер деген төрт топқа біріктіру.
Үй тапсырмасын сұрау. (11 минут)
I-деңгей Зымыран сұрақтар Әр жауап 1ұпай
Жапонияның басқару формасы.
Жапонияның ірі қалалары.
Префектура дегеніміз не?
Жапон аралдарын ата.
Жапонияның діні.
Қытайдың ұлттық валютасы.
Қытайдың сауда серіктестері кімдер?
Қытайдың малшаруашылығының негізгі саласы.
II-деңгей Сөздер қоржыны Берілген сөздерден сөйлем құрайды. Әр жауап 2 ұпай
1-топ
Император, Күншығыс елі, префектура, Хонсю, тау
9,6 млн. юань, Тайвань, ойыншық, шай
2-топ
Үлкен жетілік, урбанизация, электроника, болат
Бейжің , ҚХР, демографиялық саясат, социализм
3-топ
Хоккайдо, тығыз, 10, синтоизм, түсті металлургия.
Шошқа, күріш, Шанхай, велосипед.
4-топ
99, робот, Токайдо, су асты туннель, экспорт
Қант, темекі, көмір, Батыс Қытай- Батыс Еуропа.
III-деңгей Дискуссиялық алаң. Ең жоғары 3 ұпаймен бағаланады
1-топ Қазақстанға Қытаймен көрші болу тиімді.
2-топ Қазақстанға Қытаймен көрші болу тиімсіз
3-топ Көршіміз Қытай емес, Жапония болғанда ...
4-топ Қытаймен байланыстың мүмкіндіктері
Жаңа сабақ (12 минут) Жаңа сабақ тақырыбымен, мақсатымен және күтілетін нәтижемен таныстыру.
Жаңа сабаққа дайындықпен келген оқушылардың қорғауын ұйымдастыру мақсатымен топтарға өз атауларына сәйкес суреттер мен тірек сөздер беріледі
Оқушылар топтарда жұмыс жасап, суреттер мен тірек сөздерді қолданып, жаңа сабақтың мазмұнын ашады.
Сабақты бекіту (12 минут)
1-деңгей Географиялық диктант әрбір дұрыс жауап 1ұпай.
Үндістан ... орналасқан мемлекет. Оның жер көлемі ... 1947ж ... тәуелсіздігін алды. Шығысында ..., Мьянмамен, солтүстігінде ..., Қытаймен, ... Пәкістанмен шектеседі. Азияның жетекші дамушы елі. Халқы ... адам. Халқы ... тілде сөйлейді. Ең ірі қаласы .... Өнеркәсіптің маңызды салалары: ..., ..., ..., .... Халықтың көп бөлігі ... мен темір жолда қызмет атқарады. Ауылшаруашылығында ..., ..., ..., ..., өсіреді. Негізгі сауда серіктестері: ..., ..., ....
2-деңгей Ой қорыту әрбір дұрыс жауап 2 ұпай
Үндістан қандай мемлекет? Айтылған жауап қайталанбауы қажет.
Үйге тапсырма (3 минут)
Үндістан тақырыбын оқу.
Үндістан экспорты және Үндістан импорты кластер құрастыру