Просмотр содержимого документа
«Оңтүстік Америка табиғат зоналары»
Сабақ№ Пәні: География 7-сынып. Күні:
Тақырыбы: Табиғат зоналары.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға Оңтүстік Американың табиғат зоналарын салыстыра көрсете отырып, табиғат зоналарының топырағын және ондағы тіршілік ететін өсімдіктері мен жануарлары дүниесінің өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру.
Тәрбиелік: оқушыларды географиялық тілде сөйлеу мәнеріне баулу, қоршаған ортаны қорғап, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін аялап, сақтауға шақыру.
Дамытушылық: Оқушыларды белсенді іс-әрекет жасауға, білім алуға, іскерлікке, ізгілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, баяндау, іздену, топтық жұмыс
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: карта, атлас карта, оқулық, қосымша материалдар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу.
Психологиялық ахуал: оқушыларға Оңтүстік Америка табиғаты туралы видео көрсетіледі
Үй тапсырмасын тексеру:
Географиялық диктант.
1. Әлемнің ең ірі биік таулы көлі (Титикака) 2. Амазонканың жыртқыш балығы (Пиранья) 3. Оңтүстік Американың биік нүктесі (Аконкагуа) 4. Оңтүстік Америкалық даланың екінші атауы (пампа) 5. Жер шарының ірі жазықтарының бірі (Амазонкалық)
6. Материкті Отты Жер архипелагынан бөліп тұратын бұғаз (Магелан) 7. Андының сөнбеген жанартауы (Котопахи)
8. Жер шарының ең суы мол өзені (Амазонка)
9. Жер шарының ең кең (1120км) бұғазы (Дрейк)
10. Амазонканың ірі салаларының бірі (Мадейра)
Жауаптарының реті.
1. Дрейк
2. Амазоналық
3. Аконкагуа
4. Котопахи
5. Памапа
6. Амазонка
7. Магеланды
8. Магелан
9. Пиранья
10. Титикака
Бағалау шкаласы:
1 – 10
2 – 9
3 – 3
4 – 5
6 – 7
7 – 4
8 – 6
9 – 7
10 – 8
Жаңа сабақты түсіндіру:
Кесетемен танысу.
Мұғалім Оңтүстік Американың табиңат зоналары картасын пайдалана отырып, төмендегі кестені түсіндіріп кетеді. Оңтүстік Америка жерінде мынадай табиғат зоналары ажыратылады: ылғалды экваторлық ормандар (гилея), ауыспалы ылғалды (муссонды) ормандар (сельвас), субтропиктік қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар, жалпақ жапырақты ормандар, субтропиктік дала (пампа) зонасы, шөлейт, шөл зонасы
.
Табиғат зонасы
Табиғат жағдайы
Топырағы
Өсімдігі
Жануарлары
Ылғалды экваторлық ормандар(гилея)мен ауыспалы ылғалды ормандар(сельвас)
Орман іші өте ыстық, әрі қапырық, оның төменгі бөлігіне жарық жетпейді
Қызыл-сары ферралитті
Ағаштардың биіктігі 80 м-ге дейін жетеді. Мұнда шөптесін өсімдіктер өспейді.Лиана, папоротниктер, орхидея, гевея, бальс ағашы, хина ағашы, какао, сейба, қауын ағашы өседі.
Бақырауық және ілмекқұйрық маймылдар, жалқауаң, тапир, опоссум, құмырсқа жегіш, қан сорғыш жарқанаттар, пекари шошқасы мен ең ірі су шошқасы – капибара, ягуар, пуна, тоты құс, тукан, гаоцин, колибри, ұзындығы 12 м-ге жететін анаконда кездеседі. Жәндіктер өте көп
Саванналар мен сирек ормандар Ориноко саваннасы –льянос, Бразилия саваннасы –кампос
Саванналардың көрінісі жыл мезгілдеріне байланысты өзгеріп отырады.
Ферралитті қызыл топырақтан қызыл-қоңыр топыраққа ауысады
Льяноста – пальмалар, акация, биік шөптесін өсімдіктер таралған.Кампоста –ағаштар аз, көбіне тікенекті кактус, мимоза, сүттіген, бөтелке ағашы, кебрачо өседі.
Пекари, ергежейлі бұғылар, тапир, жалды қасқыр, сауыттылардың бірнеше түрі, құмырсқа жегіштер, нанду түйеқұсы
Субтропиктік дала(пампа)
Ла-Плато жазығын алып жатыр. Жазы ыстық, қыста температураны төмендететін желдер соғып тұрады.
Құнарлы шымды қызғылт топырақ
Пампа шөбі, қоңырбас, қамыс
Пампа бұғысы, пампа мысығы, пампа түлкісі, оцелот, кеміргіштер.Өзен жағаларында теңіз шошқасы, терісі бағалы саз құндызы мекендейді.
Шөлейт зонасы
Қиыр оңтүстіктегі Патогония жерін қамтиды.
Сұр, қоғыр топырақ
Сирек шөптер мен аласа кактусты тікенекті бұталар, жастық тәріздес өсімдіктер өседі.
Сауыттылардың бірнеше түрі, кемірушілер, пампа бұғысы, пампа мысығы, магеллан түлкісі, ірі құстар, гуанако ламасы мен пума
Жануарды тап конкурсы:
Бұл жануар барлық өмірің ағашқа артылып, төмен салбыраған күйде өткізеді. Тәуліктің 15 сағатын ұйықтайды. Өте баяу. Терісінің түсі жасылдауболғаны орманда жақсы жасырынуына ыңғайлы. Жапырақтармен, бұршақтармен, ағаштың гүлдері мен жемістерімен қоректенеді. Аштыққа төзімді, қатты улануға шыдайды. (жалқау аң).
Бұл құстардың салмағы 1,5-2грамм, тұмсығы жіңішке, ұзынша келген. Аяқтары әлсіз. Қауырсыны түрлі-түсті. Жүрегі дене тұрқысының жартысынан астамын алады. Ол минутына 1000рет қағады. Алға, артқа, жан-жаққа ұшу қалпында қозғалып, секундына 50 рет қанат қағып, артқа да ұша алады. Бұл құстар өте көп тамақтанады (гүлдер нектары, бунақденелілер, өрмекшілер). Қамауда өиір сүре алмайды. (Колибри)
Бұл Амазонка сельвасын мекендейтін жыртқыш аң. Денесінің ұзындығы 2м, салмағы 120кг. Дене тұрқы мықты, аяқтары да мықты, шыдамды. Жақсы жүгіреді, жүзеді, ағашқа жақсы өрмелейді, кез-келген жануарды қорек етеді (тышқаннан бастап маймылға дейін). Екі атауы бар. Біреуі ағылшын автомашина фирмасы атауына, ал екіншісі АҚШ-тың спорт және аяқ-киім өндірісі фирмасының атауына ұқсайды. (ягуар немесе пума)
Бұл Амазонка өзені мен оның салаларында көзге түссе үрей туғызатын әдемі қара-алтын түстес, кішігірім денелі балық. Оның астыңғы жақ иегінде ауыр болатын 77 азу тістері, ал жоғарғы жақ иегінде 66 пышақтай өткір тісі бар. Көздеріне түсетін кез-келген қозғалатын жануар не аңға топтасып жабылып шабуылдайды. Өздері өте қияңқы және лезде қозғалады. Жемтігін бернеше секунд ішінде құртып, тек қана таза қаңқасын қалдырады. (Пиранья)
Жалғанаяқтылар тұқымдасының бір туысы, қазіргі кездегі өз түрі ішінен ең ірісі. Денесінің ұзындығы 10 м-дей (1944 ж. Колумбияда ұсталғанның ұзындығы 11,4 м-ден асқан). Жон арқасында 2 қатар қоңыр түсті ірі дақтары, танау тесігінде терілі қатпары болады. Суда жақсы жүзеді, әрі сүңги алады. Оның 4 түрі бар. Олар Оңтүстік Американың тропиктік зонасында тіршілік етеді. Омыртқалы жануарлармен қоректенеді. Кейде үй жануарларына, адамға шабуыл жасайды. Құрғақшылық кезде батпақ арасына тығылып, уақытша ұйқыға кетеді. 28-42-дей тірілей ұрпақ береді, кейбір түрі жұмыртқа салып көбейеді. 5-6 жыл (кейде 28 жыл) өмір сүреді. Жергілікті үндіс тайпалары оны “Амазонка рухы”, “Су анасы” деп атын атамай, өзіміздің “Арғы тегіміз” деп табынады және оның бағалы терісі, еті, майы үшін аулайды. (Анаконда)
5 мың жыл бұрын Перуда инк-үндістері бұл жануарды шыдамдылығы жақсы болғасын қолға үйретті. Түйе тұқымдасына ұқсас, бірақ өркеші болмайды. Денесінің ұзындығы 120-200см, құйрығы 20-25см, салмағы 75-80кг. Мойны жіңішке, басы кішігірім, құлақтары ұзынша және үшкірленіп келген. Әсем кірпіктері өзін сүйкімді етіп көрсетеді. (Лама)
Өсімдіктерді тап конкурсы.
Бұл жемістің Отаны – Оңтүсітк Америка.Ол ең алғаш жабайы түрінде кездесіп, биіктігі 1,5м жеткен, өз отанында арамшөп саналған. Өсімдіктің екі кең таралған аты бар. Италиян тілінен аударғанда «pomo-dorro» – «алтын алма" деген мағынаны білдіреді. (Қызанақ)
Бұл жемістің Отаны - Оңтүстік Америка Еуропалықтар Оңтүстік Американы ашқан кезде «майс» деп атаған. Оны алғаш Еуропаға Колумб әкелген. Оны Колумб испан короліне сыйға тартады. (Жүгері)
Отаны Оңтүстік және Орталық Американың таулы аудандары. Еуропаға 1565 жылы әкелінген. Оны көптеген елдерде «Екінші нан» деп атайды. (Картоп)
Бұл Амазонкада, Бразилияда өсетін өте құнды ағаш. Ол латекс сусынын береді, одан табиғи резеңке каучук алады. (гевея ағашы)
Бұл ағаштың жемісін үндістер күш-жігер, қайсарлық пен батылдық беретін «Тео брама» деп аталатын сусын дайындаған. Еуропалықтар оған сүт, қаймақ пен қант қосым жаңа дәмді тағам алған. (Какао)
Испандықтар Америкадан күнге ұқсайтын гул әкеліп, оны Мадридтегі ботаникалық баққа жерсіндіреді. Ресейге бұл гул Голандиядан келді, оны І Петр байқаған. Ол гүл атыздарына отырғызылды. Дәндерінің майы салат, консерва, маргарин жасауда қолданады. Тазаланған дәндерден қоспа, козинак жасайды (күнбағыс)
Дәптермен жұмыс: термин сөздерді дәптерге жазу
Гилея – Амазонканың ылғалды экваторлық ормандары
Сельвас – ауыспалы ылғалды Амазония ну орманы
Льянос – Ориноко саваннасы
Кампос – Бразилия саваннасы
Пампа – Ла-Плата жазығын алып жатқан жазық дала
Гаруа – Атакама шөлінде мамыр мен қараша айларында қалыптасатын «соқыр тұмандар»
Ломас – ылғалды бүкіл денесімен сіңіретін тамыржемісті және түйнекті өсімдік.
Гуано – құстың саңғырығы, аса бағалы азотты тыңайтқыш
Кескін картамен жұмыс.
Кескін картаға Оңтүстік Америка материгінің табиғат зоналарын түсіріп, атауларын жазу.
Бекіту:
Оңтүстік Американың жазық бөлігінде қандай табиғат зоналары орналасқан?
«Сельвас», «льянос», «кампос», «пампа» ұғымдарын түсіндіріп, табиғат ерекшеліктерін атаңдар.
Материк қандай өсімдіктердің Отаны болып табылады?
Тек қана Оңтүстік америка материгінде ғана кездесетін жануарларды атаңдар.
Қорытынды: Бүгінгі сабақта, Оңтүстік Американың жалпы табиғат зоналарының түрлерімен таныстық. Материкте өсетін негізгі өсімдіктер мен жануарлар дүниесін білдік.
Үйге тапсырма: §41-42-оқу. 157-159 беттер. Кескін картаға табиғат зоналарын салып келу.
Сабақ№ Пәні: География 7-сынып. Күні:
Тақырыбы: Табиғат зоналары.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға алған білімін тиянақтап, есте сақтау, тапқырлықпен толық толық тақырыппен таныстыру.
Дамытушылық:Оқушыларға танымдық қабілеттерін қалыптастыру, алған білімдерін жетілдіру және пәнге деген қызығушылықтарын
арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды белсенді іс-әрекет жасауға, білім алуға, іскерлікке, ізгілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, баяндау
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Карта, атлас карта, оқулық, қосымша материалдар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту
Жаңа сабақты түсіндіру:
Атакама жағалық шөлінде тәулік ішінде температура 25-30°С-қа ауытқиды. Соның әсерінен мамыр мен қараша аралығында бриз желдері салқын, «соқыр» тұмандарды – гаруаны қалыптастырады. Осы мол ылғалды бүкіл денесімен сіңіретін тамыржемісті және түйнекті өсімдіктердің ерекше тобы ломас деп аталады. Анд тауында ламаның жабайы түрі – викунья мен гуанако мекендейді. Ал жергілікті халық – альпако мен кәдімгі ламаны қолда ұстайды.
3500-3900 м биіктікте биік таулы шөптесін өсімдіктерден тұратын пуна белдеуі басталады. Бұл белдеуде аласа ағаштар мен жастық тәрізді бұталар, селеу, бетеге, ерекше әсем өсімдік – Раймонд пуйясы өседі.
Кактустың шыққан жері – Бразилия таулы үстірті
Жаңа сабақ бойынша оқушылардың түсінігін тексеру
Дәптермен жұмыс: термин сөздерді дәптерге жазу
Гилея – Амазонканың ылғалды экваторлық ормандары
Сельвас – ауыспалы ылғалды Амазония ну орманы
Льянос – Ориноко саваннасы
Кампос – Бразилия саваннасы
Пампа – Ла-Плата жазығын алып жатқан жазық дала
Гаруа – Атакама шөлінде мамыр мен қараша айларында қалыптасатын «соқыр тұмандар»
Ломас – ылғалды бүкіл денесімен сіңіретін тамыржемісті және түйнекті өсімдік.
Гуано – құстың саңғырығы, аса бағалы азотты тыңайтқыш
Экватордың екі жағын Амазонканың ылғалды экваторлық ормандары (гилея) алып ижатыр. Олар түр құрамы онша өзгермей-ақ солтүстік пен оңтүстікке қарай ауыспалы ылғалды ормандарға ұласады. Мұндағы қызыл-сары ферролитті топырақтарда тек қана ағаштардың екі мыңнан астам түрі өседі. сондықтан бұл аймақты ғаламшардың «өкпесі» деп те атайды. Ал жергілікті халық ит тұмсығы батпайтын бұл қалың орманды «сельвас» дейді. Ағаштардың аса бағалы түлеріне табиғи каучук алынатын гевея, ең жеңіл бальс ағашы, дәрілік шикізат беретін хина ағашы, какао, сейба, қауын ағашы және т.б. жатады.
Жануарлар дүниесі шағын денелі бақырауық және ілмекқұйрық маймылдар, жалқауаң, тапир, опоссум, құмырсқа жегіш, қан сорғыш жарқанаттар, пекари шошқасы мен ең ірі су шошқасы – капибарадан және т.б. тұрады, ал жыртқыштардан ягуар, пума кездеседі. Ормандарда қауырсындары алуан түске құбылатын тотықұстар мен тукандар, гаоциндер, әлемдегі ең кішкентай құс – колибри мекендейді. Ұзындығы 12 м-ге жететін әлемдегі ең ұзын жылан – анаконда да кездеседі.
Ауыспалы ылғалды ормандар Атлант мұхитының әсері күшті болатын Бразилияның шығыс жағалауында да таралған. Бұл ормандардың ерекшелігі мұнда қылқан жапырақты араукария ағашы және парагвай шайы өседі. Араукария ормандары кесудің нәтижесінде жойылу алдында тұр.
Саванналар мен сирек ормандар материкте Ориноко саваннасы –льянос және Бразилия саваннасы – кампос деп ажыратылады. Топырақ жамылғысы ферролитті қызыл топырақтан қызыл-қоңыр топыраққа ауысады.
Солтүстік жарты шар саваннасы –льяноста пальмалар мен акация, биік шөптесін өсімдіктер таралған. Оңтүстік жарты шар саваннасы- кампоста ағаштар аз, көбінесе тікенекті кактус, мимоза, сүттіген бұталары өседі. Әр жерде бөтелке тәріздес діңіне су жиналатын бөтелке ағаштары кездеседі. Алуан түрлі ағаш тәріздес кактустар өсетін Мексика таулы қыратын «кактустың екінші отаны» деп атайды.
Жануарлар дүниесінен пекари, ергежейлі, бұғылар, тапир, жалды қасқыр, сауыттылардың бірнеше түрлері, құмырсқа жегіштер, нанду түйеқұсы кездеседі. Топырағы құнарлы болғандықтан саванна мен сирек орман зонасы какао мен Африкадан әкелініп жерсіндірілген кофе ағашы өсірілетін плантацияларға айналдырылған.
Субтропиктік дала зонасы Ла-Плата жазығын алып жатыр. Құнарлы шымды қызғылт топырақта таралған бұл зонаны жергілікті халық пампа деп те атайды. Ол «жазық дала» деген ұғымды білдіреді. Жазы ыстық, қыста оңтүстіктен ауа температурасын төмендететін желдер соғып тұрады. Зона бойынша жылдық жауын-шашынның мөлшері әркелкі таралады. Жаңбыр жыл бойы жауатын шығыс бөлікте биік әрі бітік астық тұқымдас пампа шөбі, қоңырбас өседі. Жануарлардан кішігірім пампа бұғысы, пампа мысығы, пампа түлкісі, оцелот, кеміргіштер өте көп. Өзен жағаларында теңіз шошқасы мен терісі бағалы саз құндызы мекендейді. Құнарлы қызғылт-қара топырақ алып жатқан Пампа жері түгелге жуық жыртылып, материктегі аса ірі егіншілік жақсы дамыған аудандарына айналған. Ал құрғақ далалар жайылым ретінде пайдаланылады. Табиғи өсімдіктері мен жануарлар дүниесі қорықтарда ғана сақталып қалған.
Шөлейт зонасы материктің қиыр оңтүстігінде Патагония жерін қамтиды. Қоңыржай континенттік климат жағдайында шөлейттің сұр және қоңыр топырақтары таралған. Мұнда сирек шөптер мен аласа кактусты тікенекті бұталар алмасып отырады. Кейбір бөліктерінде аласа және қатты, жатаған жастық тәріздес өсімдіктер тығыз өсіп, киіздей тұтасқан жамылғысын құрайды. Климатының қолайсыздығына байланысты нашар игерілген бұл зонада жануарлар дүниесі біршама жақсы дамыған. Сауыттылардың бірнеше түрі кемірушілермен қатар, пампа бұғысы мен пампа мысығы , магеллан түлкісі және ірі құстар мекендейді. Ірі жануарлар гуанако ламасы мен пума кездеседі.
Материктің Тынық мұхит жағалауындағы жіңішке алқапта, экватор маңында ылғалды мәңгі жасыл ормандар зонасы орналасса, экватордан 30º о.е.дейінгі аралықты тропиктік шөл зонасы, субтропиктік жағалық бөлікті қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар зонасы, ал қоңыржай белдеуге сәйкес келетін жағалық бөлікті оңтүстік жалпақ жапырақты ормандар зонасы алып жатыр.
Анд тауларының жанартаулар дүниесі ендемиктерге бай. Анд тауларының барлық бөлігінде дерлік түйе тұқымдасына жататын ламаның екі жабайы түрі- викунья және гуанако мекендейді. Қазіргі кезде жергілікті халық ламаның екі түрін – альпака мен кәдімгі ламаны қолда ұстайды.
Анд тауларында тау тапиры, көзілдірікті аю, пума, терісі өте бағалы кеміргіш- шиншилла таралған. Ал аса ірі жыртқыш құс- кондор мен ламаны Анд тауының символы деуге болады. Кондордың салмағы 9-12 кг, ал қанаты жайылғандағы ұзындығы 3 м-ге дейін жетеді. Таудың оңтүстігінде магеллан пингвині кездеседі.
Жаңа сабақты бекіту:
Оңтүстік Американың жазық бөлігінде қандай табиғат зоналары орналасқан?
«Сельвас», «льянос», «кампос», «пампа» ұғымдарын түсіндіріп, табиғат ерекшеліктерін атаңдар.
Анд тауларындағы биіктік белдеулердің таралуы географиялық ендік пен климаттық жағдайға тәуелді екендігін оқулық мәтіні мен 58-суретті салыстыра отырып, дәлелдеңдер.
Неге Орталық Андының батыс беткейінде орман белдеулері жоқ.
Қорытынды: Бүгінгі сабақта, Оңтүстік Американың жалпы табиғат зоналарында мекен ететін жануарлар дүниесі мен өсетін өсімдіктер дүниесімен таныстырдым.