kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

География п?нінен саба? жоспары "О?т?стік Американы? таби?ат зоналары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: О?т?стік Американы? таби?ат зоналары Ма?саты: О?т?стік Американы? таби?ат зоналары туралы білім алу. Саба?ты? міндеттері: І Білімділік: Таби?ат кешендеріне сипаттама бере отырып, О?т?стік Американы? таби?ат зоналарына жеке-жеке то?талу. ІІ Т?рбиелік: О?ушылар?а О?т?стік Американы? ?айталанбас тіршілік д?ниесін ?ор?ау ж?не са?тау шараларын т?сіндіру барысында эстетикалы? ж?не экологиялы? т?рбие беру. ІІІ Дамытушылы?: О?ушыларды? картамен, кестемен, кескін картамен ж?мыс жасауын одан ?рі дамыту. К?рнекіліктер: Жарты шарлар картасы, атлас,кескін карта, таратпа материалдар, видео (Анхель ж?не Игуасу сар?ырамалары, Амазонка ?зені ж?не жануарлары), слайд (Анд таулары), о?улы?, О?т?стік Американы? таби?ат зоналары картасы Саба? типі: топпен ж?мыс ("Топыра?", "?сімдіктер", "Жануарлар" суреті бойынша топ?а б?лу) ?діс-т?сілдер: ??гімелеу, с?ра?-жауап, пысы?тау, видео, слайд к?рсетілімді ?діс, д.ж физикалы? ж?не саяси, кескін картамен ж?мыс.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«география п?нінен саба? жоспары "О?т?стік Американы? таби?ат зоналары" »

Қарағанды облысы Абай ауданы Қарабас кенті №15 ЖББОМ КММ

Сынып -7 «А»

География пәні мұғалімі Саней Алмагуль

Тақырыбы: Оңтүстік Американың табиғат зоналары

Мақсаты: Оңтүстік Американың табиғат зоналары туралы білім алу.

Сабақтың міндеттері:

І Білімділік: Табиғат кешендеріне сипаттама бере  отырып, Оңтүстік Американың табиғат зоналарына жеке-жеке тоқталу.

ІІ Тәрбиелік: Оқушыларға   Оңтүстік  Американың   қайталанбас тіршілік дүниесін қорғау және сақтау шараларын  түсіндіру барысында эстетикалық  және  экологиялық  тәрбие беру.

ІІІ Дамытушылық: Оқушылардың картамен,  кестемен,  кескін картамен жұмыс жасауын одан әрі дамыту.

Көрнекіліктер: Жарты шарлар картасы, атлас,кескін карта, таратпа материалдар, видео (Анхель және Игуасу сарқырамалары, Амазонка өзені және жануарлары), слайд (Анд таулары), оқулық, Оңтүстік Американың табиғат зоналары картасы

Сабақ типі: топпен жұмыс ("Топырақ", "Өсімдіктер", "Жануарлар" суреті бойынша топқа бөлу)

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ-жауап, пысықтау, видео, слайд көрсетілімді әдіс, д.ж физикалық және саяси, кескін картамен жұмыс.

Сабақ түрі: Ашық сабақ

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру

  • Сәлемдесу, сыныпты түгендеу

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

  • Оқушылардың назарын  сабаққа аудару

  • Оқушыларды топқа бөлу (алдын –ала дайындалған суреттерді алу арқылы топқа бөлінеді)

  1. "Топырақ" тобы 2. "Өсімдік" тобы 3. "Жануарлар" тобы

Тақырыпты ашу. Слайдта Оңтүстік Американың табиғат зоналары картасы көрсетіліп тұрады.

-Балалар сендер нені көріп тұрсыңдар?

- Оңтүстік Американың табиғат зоналары картасын көріп тұрмыз.

-Иә олай болса біздің өткен тақырыбымыз Оңтүстік Американың табиғат зоналары тақырыбы болатын. Бүгінгі тақырыбымыз да Оңтүстік Американың табиғат зоналарын өткен сабақтарды еске түсіріп толықтырамыз.

І. Жаңа сабаққа қосымша түсіндіру

Оңтүстік Америка жерінде мынадай табиғат зоналары  ажыратылады:

  1. Ылғалды экваторлық ормандар (гилея);

  2. Ауыспалы ылғалды (муссонды)  ормандар;

  3. Саванналар мен сирек ормандар;

  4. Субтропиктік қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар;

  5. Жалпақ жапырақты ормандар;

  6. Субтропиктік дала (пампа);

  7. Шөлейт және шөл;

  8. Анд тауларындағы биіктік белдеулер.

Атакама жағалық шөлінде тәулік ішінде  температура 25-30°С-қа ауытқиды.Соның әсерінен мамыр мен қараша аралығында бриз желдері салқын, «соқыр» тұмандарды –гаруаны қалыптастырады. Осы мол ылғалды бүкіл денесімен сіңіретін  тамыржемісті және түйнекті өсімдіктердің ерекше тобы ломас деп аталады. Анд тауында ламаның жабайы түрі – викунья мен гуанако мекендейді. Ал жергілікті халық – альпако мен кәдімгі ламаны қолда ұстайды.

3500-3900 м биіктікте биік таулы шөптесін өсімдіктерден тұратын пуна белдеуі басталады. Бұл белдеуде аласа ағаштар мен жастық тәрізді бұталар, селеу, бетеге, ерекше әсем өсімдік – Раймонд пуйясы өседі.

Кактустың шыққан жері – Бразилия таулы үстірті

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

§ 41-42. Оңтүстік Американың табиғат зоналары тақырыбы бойынша кесте толтырып келу.

Үй жұмысының дұрыс орындалуын тексеру үшін топтарға табиғат зоналары бойынша бөлініп беріледі .

Тапсырма:

  1. Өздеріне берілген табиғат зоналарын кескін картаға түсіру.

  2. Кестедегі сұрақтар бойынша топпен кестені толтырады.


Табиғат зонасы


Табиғат жағдайы

Топырағы

Өсімдігі

Жануарлары

Ылғалды экваторлық ормандар

(гилея)

мен ауыспалы ылғалды ормандар

(сельвас)

Орман іші өте ыстық, әрі қапырық, оның төменгі бөлігіне жарық жетпейді

Қызыл-сары ферралитті

Ағаштардың биіктігі 80 м-ге дейін жетеді. Мұнда шөптесін өсімдіктер өспейді.

Лиана, папоротниктер, орхидея, гевея, бальс ағашы, хина ағашы, какао, сейба, қауын ағашы өседі.

Бақырауық және ілмекқұйрық маймылдар, жалқауаң, тапир, опоссум, құмырсқа жегіш, қан сорғыш жарқанаттар, пекари шошқасы мен ең ірі су шошқасы – капибара, ягуар, пуна, тоты құс, тукан, гаоцин, колибри, ұзындығы 12 м-ге жететін анаконда кездеседі. Жәндіктер өте көп

Саванналар мен сирек ормандар

Ориноко саваннасы –льянос, Бразилия саваннасы –кампас


Саванналардың көрінісі жыл мезгілдеріне байланысты өзгеріп отырады.

Ферралитті қызыл топырақтан қызыл-қоңыр топыраққа ауысады

Льяноста – пальмалар, акация, биік шөптесін өсімдіктер таралған.

Кампоста –ағаштар аз, көбіне тікенекті  кактус, мимоза, сүттіген, бөтелке ағашы, кебрачо өседі.

Пекари, ергежейлі бұғылар, тапир, жалды қасқыр, сауыттылардың бірнеше түрі, құмырсқа жегіштер, нанду түйеқұсы

Субтропиктік дала

(пампа)

Ла-Плато жазығын алып жатыр. Жазы ыстық, қыста температураны төмендететін желдер соғып тұрады.

Құнарлы шымды қызғылт топырақ

Пампа  шөбі, қоңырбас, қамыс

Пампа бұғысы, пампа мысығы, пампа түлкісі, оцелот, кеміргіштер.Өзен жағаларында теңіз шошқасы, терісі бағалы саз құндызы мекендейді.



Шөлейт зонасы


Қиыр оңтүстіктегі Патогония жерін қамтиды.


Сұр, қоңыр топырақ


Сирек шөптер мен аласа кактусты тікенекті бұталар, жастық тәріздес өсімдіктер өседі.


Сауыттылардың бірнеше түрі, кемірушілер, пампа бұғысы, пампа мысығы, магеллан түлкісі, ірі құстар, гуанако ламасы мен пума


ІІІ. Үлестірмелі материалдармен жұмыс

1

  1. Оңтүстік Американың  шеткі нүктелерін картадан көрсет.

Солтүстік нүктесі –Галинас, оңтүстік нүктесі –Горн, шығыс нүктесі –Кабу Бракку, батыс нүктесі –Париньяс.

  1. Ең биік сарқырама қай өзеннің саласы?  Картадан көрсет.

Солтүстігінде Ориноко өзені саласы Анхель сарқырамасы

  1. Оңтүстік Американы қандай мұхиттар шайып жатыр? Картадан көрсет.

Атлант және Тынық мұхиты

*АНХЕЛЬ сарқырамасына саяхат(видео көрсету)

2

  1. Дүние жүзіндегі ең суы мол өзен қай материкте? Оны картадан көрсет.

Оңтүстік Америкада Амозонка

  1. «Мысты таулар» дегеніміз не? Картадан көрсет.

Ежелгі инктер Анд тауын мысты таулар деп атаған.

  1. Не себепті Анд тауының жағалауында Атакама шөлі қалыптасқан? Картадан көрсет. Атакама жағалық шөлінде тәулік ішінде  температура 25-30°С-қа ауытқиды.

*АНД тауы және ондағы жануарлар дүнесіне саяхат жасау (слайд көрсету)

3

  1. «Қалайы алаңы» деп қай көлді атайды? Көлді картадан көрсет.

Титикака көлі үндістер тілінде қалайықалайы алаңы дегенді білдіреді.

  1. Парана өзенінде қандай сарқырама бар? Картадан көрсет.

Игуасу сарқырамасы

  1.  Патагония үстірті материктің қай бөлігінде? Оны картадан көрсет.

Оңтүстік бөлігінде

*ИГУАСУ сарқырамасына саяхат (видео көрсету)

ІV. Жаңа сабақ бойынша термин сөздермен жұмыс.

Термин сөздердің мағынасын ажыратыңдар:

Гилея — Амазонканың ылғалды экваторлық ормандары

Сельвас – ауыспалы ылғалды Амазония  ну орманы

Льянос – Ориноко саваннасы

Кампос – Бразилия саваннасы

Пампа – Ла-Плата жазығын алып жатқан жазық дала

Гаруа – Атакама шөлінде мамыр мен қараша айларында қалыптасатын «соқыр тұмандар»

Ломас – ылғалды бүкіл денесімен сіңіретін тамыржемісті және түйнекті өсімдік.

Гуано – құстың саңғырығы, аса бағалы азотты тыңайтқыш

Кондор –аса ірі жыртқыш құс

*АМАЗОНКА өзеніне және ондағы жануарлар дүниесіне саяхат (видео көрсету)

V. Сен білесің бе? Визуалды айғақ. Сұрақтың жауабын кескін картаға орналастыр.

Оңт.Америкадағы теңіз деңгеңінен ең биік орналасқан нүктесі-Аконкагуа (6960 м)

Оңтүстік Америкадағы ең ірі аралы-Отты Жер (18 мың км²)

Келесі 2016 жылғы жазғы дүниежүзілік олимпиада қайда өтеді? Бразилия. Рео –де Жанейро.

Қосымша қызықты мәлімет

Күрес дүниежүзінде кәсіпқой спорт түрі ретінде енді қалыптасып келе жатқан кезде, қазақтар ежелден қазақша күрестен жарыстар өткізіп, әлем чемпиондарының талайымен бәсекелесе алатын атақты балуандар мен батырлардың атын шығарды. Тек жиырмасынша ғасырдың басында ғана қазақтан шыққан балуан Мұқан Мұңайтпасов халықаралық жарыстардың сахнасына шығып, әлем чемпионаттарында өзін мықты балуан ретінде көрсете білді.

1910 жылы Мұқан тұңғыш рет Оңтүстік Америка құрлығына табан тірейді. Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрес қаласында өткен еркін күрестен болған біріншілікте ол Америка чемпионы атанады.

VІІ. Сабақты бекіту:

Географиялық диктант.

  1. Оңтүстік Американың негізгі суайрығы  -  … тауы. (Анд)

  2. Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама – Анхель  …  таулы үстіртінде орналасқан.(Гвиан)

  3. Түбінен мұнай өндірілетін көл — … (Маракайбо)

  4. …  су жинау алабы Аустралия материгінің ауданымен пара-пар. (Амазонка)

  5. Титикака көлі үндістер тілінен аударғанда  …  деп аталады. (Қалайы алаңы)

  6. 300 тармаққа бөлініп, биік жартастардан құлап ағатын, табиғаты ең әсем сарқырама — …   (Игуасу)

  7. Жазда кеуіп қалатын тұзды көл — … деп аталады.  (Поопо)

Бағалау шкаласы:

0-1 – «2» 2-3 – «3» 4-5 – «4» 6-7 – «5» 

Қорытынды: Оңтүстік Америка жерінің ауданы аралдарымен қоса есептегенде 18,3 млн км ², үлкендігі жөнінен 4-ші орын. Жер шарындағы ең суы мол өзені Амазонкасы бар, дүние жүзіндегі ең биік сарқырамасы Анхелі бар, жер шарындағы ең ылғалды ең жасыл материк, аса ірі тау жүйесі Анд таулары орналасқан ерекше материк болып табылады.

VІІІ Бағалау.

Үйге тапсырма: §41-42  Табиғат зоналарын оқу, мазмұндау. Кескін картаға Оңтүстік Американың табиғат зоналарын түсіріп келу.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
география п?нінен саба? жоспары "О?т?стік Американы? таби?ат зоналары"

Автор: Саней Алмагуль

Дата: 03.03.2015

Номер свидетельства: 181856


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства