kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Латын Америка елдеріне сипаттама

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты?  ма?саты:

білімділік:О?ушыларды? ал?ан білімдерін ж?йелеу, білімге деген ??штарлы?ын арттыру, зияткерлік ?абілетін дамыту. ?ткен та?ырыптар бойынша ал?ан    білімдерін тере?дету, толы?тыру, ?орытындылау.

   Д?ние ж?зіні? ауыл шаруашылы?ы туралы ма?л?мат беру.

 т?рбиелік:О?ушылар?а рухани, интеллектуалды? жа?ынан т?рбие беріп,болаша??а деген к?з?арасын арттыру.Еліні? байлы?ын ?адірлей білуге т?рбиелеу.

 дамытушылы?: О?ушыларды? танымын арттыра   отырып  белсенділікке, табандылы??а  баулу.?з бетімен іздену ?абілетін арттыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Латын Америка елдеріне сипаттама»


И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжінің

оқытушысы Ибраева Сырғаш


География пәнінен ашық сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы : Латын Америка елдеріне сипаттама.

Сабақтың мақсаты:

білімділік:Оқушылардың алған білімдерін жүйелеу, білімге деген құштарлығын арттыру, зияткерлік қабілетін дамыту. Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тереңдету, толықтыру, қорытындылау.

Дүние жүзінің ауыл шаруашылығы туралы мағлұмат беру.

тәрбиелік:Оқушыларға рухани, интеллектуалдық жағынан тәрбие беріп,болашаққа деген көзқарасын арттыру.Елінің байлығын қадірлей білуге тәрбиелеу.

дамытушылық: Оқушылардың танымын арттыра отырып белсенділікке, табандылыққа баулу.Өз бетімен іздену қабілетін арттыру.

Сабақтың түрі: Теориялық сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту. (Дәстүрлі емес сабақ)

Сабақтың оқыту әдістері: «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясының стратегиялары;талдау жүргізу, ой қозғау, сұрақ-жауап, ауызша баяндау.Топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі және техникалық жабдығы: Интерактивті тақта, «Көкөністер», «Дәмді» сүт өнімдері, «Ет өнімдері» ,Дүние жүзінің саяси картасы , Буклеттер, Тақырыптық плакаттар,Өсімдіктер мен жануарлар макеті.

Пәнаралық байланыс: Саясаттану, әлеуметтену, Әлем тарихы, қазақ әдебиеті, биология, Экономика негіздері.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру жұмыстары.

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу,дәрісхана тазалығына назар аудару.

ә) Сабақтың мақсатын хабарлап, оқушылардың назарын сабаққа аудару, география пәніне деген қызығушылығын арттыру.Топқа бөлінген оқушылар жеке-жеке отырғызылады, топ лидерлері сайланады, эксперт тобы құралады.

І-топ. «Агротехника» ІІІ-топ «Дәмді»

ІІ-топ «Сыр маржаны»

2.Қызығушылығын ояту

  1. «Ассоцация құру»

  2. «Ауыл шаруашылығы» тақырыбы слайд арқылы проблемалық сұрақтар қою арқылы шығады.Топтық жұмыс басталады

1-топқа «Ауыл шаруашылығы формалары», «Жасыл революция» ұғымы.

2-топқа «Өсімдік шаруашылығы», «техникалық дақылдар»

3-топқа «Мал шаруашылығы», «балық шаруашылығы»

  1. Тапсырма әр топқа таратылып, оқушылардың өздігінен жұмыс істей отырып,жұмыс барысында

-жеке жазады

-жұппен талдайды

-спикерлер қорғайды

Оқушылардың берген жауабы тыңдалады,оқытушы слайд арқылы толықтырып,сәйкестендіріліп көрсетіп түсіндіреді.

  1. Мағнаны ашу.

Жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін байқау үшін ойландыратын,сергітетін және қызығушылығын оятатын,ойын элементтерін пайдалана отырып,ойындар ойнатылады.

Сайыс сабақ

1. «Білім аукционы» І. Келесі кезеңіміз «Білім аукционы» деп аталады, яғни әр топқа оқу пәндері бойынша 5 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы топ өз ақша қорын жинақтайды. Аукционда сауда «тенге» ақша бірлігімен жүргізіледі. Әр топтың қорында 5000 тенгеден бар. Бұл бастапқы капитал. Өз капиталын көбейту олардың өз қолында. Пән бойынша сұрақтың бастапқы бағасы 1000 тенге. Топ капитаны бағаны 1000 тенгеден жоғарылата алады. Ең жоғарғы баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса, баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, онда топ өз капиталынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып, қателессе, онда банкрот болып, өкінішке орай ол топ аукционға қатыса алмайды.

«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы-білім» деп шығыс ғұламасы әл-Бируни айтқандай білім байлығы саудаға түсер аукционды бастаймыз. Аукционға қойылатын № күміс қобдиша. Қобдишада не жасырылғанын табуларыңыз керек. Сауда жүргізіледі. .... тобы бір, ... тобы екі, ... тобы үш. Сатылды. Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына 1000 тенгеден қосады.

2. «Табысты кәсіпкер»

3. «Анаграмма»

  1. Ой-толғаныс.Рефлекция.

Оқушылардың шығармашылық сәті .

    1. «Отандық брендті бірге жасайық» (Оқушылар өздерінің таңдаған тауарларын көрсетіп, жарнамалайды. Жарнамалар әдемі де қызықты қимылдармен, өлеңдермен, әндермен шығуы керек).

    2. «Конверттен шыққан басқатырғылар» (Әр топқа конвертте сұрақтар беріледі, оны оқушылар дұрыс табуы керек

    3. «Фуршеттік үстел»2050ж Қазақстан бейнесі.

Таза мінсіз, асыл тас,

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз, асыл сөз,

Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас,

Жел толқытса шығады,

Ой түбінде жатқан сөз,

Шер толқытса шығады,-деп Асан Қайғы бабамыздың баталы сөзін еске аламыз.

Жоғарғы капитал жинаған топ ......

«Отандық брендті бірге жасайық» (жарнама жасау шеберлігі)

Шарты: Оқушылар өздерінің таңдаған тауарларын жарнамалайды. Жарнамалар әдемі де қызықты қимылдармен, өлеңдермен, әндермен шығуы керек.

І. «Сыр маржаны» компаниясының жарнамасы.

ІІ. «Дәмді» фабрикасының жарнамасы.

ІІІ. «Ет-балық»өнімдері.

«Конверттен шыққан басқатырғыштар».

Біле бер, қанша білсең-тағы тіле,

Жетесің мақсатыңа біле-біле,- деп Жүсіп Баласағұн жырлағандай келесі сайысымыз «Конверттен шыққан басқатырғыштар» деп аталады. Шарты:

Әр топқа конверттер таратылады, іштерінде әртүрлі мемлекеттердің атауы, олардың астаналары, ұлттық валюталары бар. Оны оқушылар дұрыс тауып, ретімен қоюы керек.

Эксперттер тобының жұмысы:(сараптау және бағалау)

Мұғалімнің қорытынды сөзі.

Жандарыңа сапалы білім мен салауатты ақылды серік етіп, үйлестіріп мемлекетті алдағы уақытта дамытатын сіздер мен біздер. Ендеше М.Әуезов атамыз: «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей, құрметті өрен атаның емес, адамның баласы болу керектігін осы бастан ой-зерделеріңде сақтаңдар

V-Қорытындылау. «Мен білемін» Сұрақтары.

Түзету кезеңі. Оқушы біліміндегі іс-әрекет амалдарындағы байқалған кемшіліктерді түзету.Қалауың бойынша кез-келген сөйлемді аяқта:

-Ең қызықты болғаны...

-Менің үнемі ойымда болғаны...

-Менің ойымша...

-Көңіл аудару керек еді...

-Маған ұнағаны...

Дәптерге кесте толтыру.

.Бағалау. Эксперт тобының жұмысы(бағалау)

Оқытушының қорытынды сөзі.

VІ-.Үйге тапсырма:1.Картамен жұмыс.

2.Зерттеуді жалғастыру.

VІІ-Пайдаланған әдебиеттер

1.Бейсенова Ә,Каймулдинова К.География-11кл 2007

2.Максаковский География-10кл

3.Современный Атлас мира-Москва 2011г А. Озерова.

4. Дүние жүзінің атласы Д Мазен 2012ж

5.Большой универсальный атлас мира Д.Бакун 2011г

Жоспарда толықтырулар мен өзгертулер болуы мүмкін.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Латын Америка елдеріне сипаттама

Автор: Ибраева Сыр?аш

Дата: 07.06.2016

Номер свидетельства: 333141

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "О?т?стік Американы? хал?ы мен елдері "
    ["seo_title"] => string(43) "on-tustik-amierikanyn-khalk-y-mien-ieldieri"
    ["file_id"] => string(6) "145477"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1418923939"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(135) "О?т?стік Американы? хал?ы ж?не елдері. Анд елдері ж?не Шы?ыста?ы жазы? елдері "
    ["seo_title"] => string(94) "on-tustik-amierikanyn-khalk-y-zh-nie-ieldieri-and-ieldieri-zh-nie-shyg-ystag-y-zhazyk-ieldieri"
    ["file_id"] => string(6) "172473"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423826003"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Та?ырыбы: Америка ??рама Штаттары "
    ["seo_title"] => string(37) "tak-yryby-amierika-k-u-rama-shtattary"
    ["file_id"] => string(6) "113837"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1411066625"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства