kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

??рлы? сулары. ?зендер

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ызылорда ?аласы, № 217 Б. Шал?ынбаев атында?ы орта мектепті? география п?ні м??алімі Агинов ?.

Саба?ты? та?ырыбы: ??рлы? сулары. ?зендер             

Саба?ты? ма?саты: 1. ??рлы? суларыны? т?рлері туралы о?ушыларды? білімдерін ?алыптастыру, ерекшеліктерімен таныстыру.

                                       2. Ой-?рісін, есте са?тау ?абілетін дамыту, ?з ойларын жеткізе білуге, ?орытынды жасау ар?ылы ал?ан білімдерін іс ж?зінде ?олдана білуге да?дыландыру.

                                       3. О?ушылар?а эстетикалы?, экологиялы? т?рбие беру.

Саба?ты? т?рі: аралас саба?

Пайдалан?ан технология: СТО, А-КТ

?діс-т?сілдер: постер ??растыру, кластер, географиялы? диктант, «Топтастыру» стратегиясы,«Д?рыс-б?рыс»,«?алпа?тар ойы» ойындары, филворд,  с?йкестендіру.

Саба?ты? к?рнекілігі: д.ж.ф.к., интербелсенді та?та, кескін карта, смайлдар, филворд, ба?алау пара?ы, с?йкестендіру тесті, А-3, ?алпа?тар, слайдтар, бейне ролик «?аза?станны? ?ажайып таби?аты»

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«??рлы? сулары. ?зендер»

Қызылорда қаласы, № 217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің география пәні мұғалімі Агинов Ө.


Сабақтың тақырыбы: Құрлық сулары. Өзендер

Сабақтың мақсаты: 1. Құрлық суларының түрлері туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыру, ерекшеліктерімен таныстыру.

2. Ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту, өз ойларын жеткізе білуге, қорытынды жасау арқылы алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру.

3. Оқушыларға эстетикалық, экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пайдаланған технология: СТО, А-КТ

Әдіс-тәсілдер: постер құрастыру, кластер, географиялық диктант, «Топтастыру» стратегиясы,«Дұрыс-бұрыс»,«Қалпақтар ойы» ойындары, филворд, сәйкестендіру.

Сабақтың көрнекілігі: д.ж.ф.к., интербелсенді тақта, кескін карта, смайлдар, филворд, бағалау парағы, сәйкестендіру тесті, А-3, қалпақтар, слайдтар, бейне ролик «Қазақстанның ғажайып табиғаты»

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

«Көңіл күй қоржыны» смайлдары арқылы оқушылардың көңіл күйін білу, сыныптың жағымды эмоциялық ахуалын қалыптастыру

  1. Үй тапсырмасын тексеру

1-тапсырма Топпен жұмыс

І топ – «Мұхиттар мен теңіздердің адам өміріндегі маңызы»

ІІ топ – « Мұхитты қорғау» тақырыптарына постер құрастыру

Топтар бірін-бірі бағалайды.Бағалау парағын толтыру.

2-тапсырма «Зейінділер байқауы» - географиялық диктант

  1. Жер бетіндегі су Жердің су қабығын .../гидросфераны/ құрайды.

  2. Гидросфераның бүкіл аумағының 97%-ға жуығы ... /мұхиттар мен теңіздердің / тұзды суы.

  3. Судың мұхиттан құрлыққа және құрлықтан мұхитқа үздіксіз ауысу процесін ... /дүниежүзілік су айналымы/ деп атайды.

  4. Дүниежүзілік мұхит ... /4/ бөліктен тұрады.

  5. «Жылу қорының жинаушысы» деп ... /мұхитты/ атайды.

  6. Су астындағы өте қатты жер сілкінуден немесе жанартаудың атқылауынан туатын толқындарды ... /цунами/ деп атайды.

  7. Бүкіл Жер шары бойынша аса ірі ағыстардың бірі. Оның пайда болуы экватор маңында тұрақты соғатын шығыс желдермен байланысты. /Гольфстрим/

Өз-өзін бағалау. Бағалау парағын толтыру.

  1. Жаңа материалды меңгерту

  1. «Гидросфераның негізгі компоненттері» - кластер құрастыру

Ішкі белгілеріне қарай топқа бөлу.

  1. Сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру.

  2. Құрлық суларына өзендер мен көлдер, мұздықтар мен батпақтар, жер асты сулары, жасанды су көздері жатады /слайд1/

Өзендер. - Өзен дегеніміз не? Жер бетінде өзен көп. Олардың бірі жазықты бойлай кең жайылып, баяу ағады, бұл жазық өзені. /слайд2/. Екінші бірі тастан-тасқа соғылып буырқанып, көбік шашып жатады, бұл тау өзені. /слайд3/

  • Ал біздің Шегелек өзені қандай өзен?

  • Өзен бөліктері

  • Биік таулы жерлерде өзен басын қар мен мұздықтардың шетінен, еріген судан алады.

  • Өзеннің ағып шығатын жері - бастау .

  • Өзен жер бетінің еңістігіне сәйкес ылдиға қарай ағады. Өзенге жолда қосылатын өзендер - саласы.

  • Өзеннің құяр жері - сағасы. Мысалы, Есіл өзені – Ертістің сол жақ саласы, ал Арыс – Сырдарияның оң жақ саласы.

  • Өзен сағасы тармаққа бөлінеді, яғни атырау пайда болады.

  • Кең, әрі ұзынша ойыс алқапты өзен бойлап ағады. Бұл – өзеннің аңғары.

  • Аңғардың өзен тасығанда су басатын бөлігі - жайылма.

  • Өзен ағысы ұзына бойымен алып қарағанда шамамен 3 бөлікке бөлінеді : жоғарғы, орта, төменгі ағысы.

  • Өзен барлық салаларымен бірігіп өзен жүйесін құрайды.

  • Өзенге және оның салаларына су ағып келетін жердің бәрі өзен алабына жатады.

Өзен ағысының бағыты мен сипатына жер бедерінің әсері.

  • Өзен ағысының бағыты мен жылдамдығы сол өзен ағып өтетін жер бедеріне байланысты. / оқұлықпен жұмыс 129-130 бб/

Шоңғалдар мен сарқырамалар.

Өзендердің суға молығуы және режимі.

  • Су тасуы – жыл сайын белгілі бір маусымда қайталанып отыратын өзендегі су мөлшерінің едәуір көбеюі.

  • Сабасына түсуі – өзендегі судың ең төменгі күйі.

  • Өзеннің режімі – өзен суы мөлшерінің жыл ешінде өзгеру ерекшелігі.

Дүние жүзі өзендері арасында алабы үлкен өзен Амазонка болып табылады. /слайд4/ Ол қай материкте орналасқан?

Қазақстанның ірі өзені – Ертіс /слайд5/

Аталған өзендерді кескін картаға белгілеу

Топпен жұмыс

І-топ – Солтүстік Америка

ІІ топ – Оңтүстік Америка материгіне тән өзен аттарын жазып шығу

Тексеру. Бағалау парағын толтыру.

Көлдер. Ойыста орналасқан су айдынын көл деп атайды. /слайд6/ Көлдер құрлық ауданының 2%-ға жуық жерін алып жатыр. Жер шарындағы ең терең көл – Байкал көлі. /слайд7/ Қазақстанның ірі көлдері – Балқаш, Зайсан, Марқакөл /слайд8/

Аталған көлдерді кескін картаға белгілеу

Мұздықтар. Мұздық деп әдетте қатты күйде түсетін жауын-шашынның жинақталып, біртіндеп өзгеруінен құрлықта түзілетін көп жылдық мұз қабатын атайды. /слайд9/ Қазіргі кезде құрлық ауданының шамамен 11%-ға жуығы мұздықтармен жабылған. Қазақстанда ең ірі тау мұздығы – Іле Алатаудағы Корженевский мұздығы. Оның ұзындығы 12 км.

Жер асты сулары. /слайд10/ Жер қыртысының жоғарғы бөлігіндегі сулар. Жер асты сулары табиғатта үлкен орын алады. Дүниежүзілік тұщы су қорының аса құнды бөлігі болып табылады. Оның үлесіне бүкіл дүние жүзі бойынша жұмсалатын судың 2/3-і бөлігінен астамы тиеді. Жер асты суын тиімді жұмсай отырып, ұқыпты пайдалану қажеттілігі туады, себебі жер асты суының қоры шексіз емес.

Жасанды су көздері – бөгендер, тоғандар, каналдар /слайд11/

  • Бұлар неге жасанды деп аталады?

Бөгендер. /слайд12/ Жер беті ағындарын реттеу мақсатында өзен арналарын бөгеу арқылы жасалады. Қазақстанның ең ірі бөгені Шығыс Қазақстанда орналасқан. Ол - Бұқтырма.

Егер көлемі кіші ойыстарды бөгейтін болса, оларды тоған деп атайды. /слайд13/

Қазақстанда қазір 4 мыңдай бөгендер мен тоғандар бар.

Канал (латынша:canalis – құбыр, науа.) Негізінен, грунтта қазылады.

Ірі порттардың кеме жүретін жерін тереңдету үшін, өнеркәсіп орындарына, елді мекендерге, жайылымдарға су беру, қазылған жерді суландыру үшін, жиналған артық суларды ағызып жіберу және жерді құрғату үшін қазылған, балық өтіп тұруға және ағаш ағызуға арналған тағы басқа канал түрлері болады. /слайд14/

  • Өзіміз күнделікті өмірде құрлық суының қандай түрін пайдаланамыз?

  1. Бекіту

  1. «Қазақстанның ғажайып табиғаты» атты бейне ролик көрсету. Онда бейнеленген құрлық суларының түрлерін атау.

  2. «Қалпақтар ойы» ойыны

Әр оқушы белгілі бір түсті қалпақты таңдайды. Ақ қалпақты таңдаған оқушылар «Құрлық суларының пайдасы», қара қалпақты таңдағандар « Құрлық суларының зияны», қоңыр қалпақты таңдағандар «Құрлық суларының экологиялық жағдайы», көгілдір қалпақты таңдағандар «Біздің ауылдың құрлық сулары», жасыл қалпақты таңдағандар «Құрлық суларын қорғау» тақырыптары бойынша өз ойларын тірек сызба, сурет немесе шағын әңгіме құрастырып білдіреді. /Жұмыстарын қорғау. Бағалау парағын толтыру/

  1. Филворд шешу

О

Р

Т

О

Ғ

А

Н

У

К

Ө

Л

Е

Ш

М

Ұ

З

Д

Ы

Қ

Я

З

У

Ю

К

А

Н

А

Л

Е

У

З

Е

К

Ц

А

Р

А

Б

Ө

Г

Е

Н

Н

Я

/тоған, көл, өзен, мұздық, канал, бөген/

  1. Сәйкестендіру тестін шешу

  1. Құрлық суларына нелер жатады?

А/ Ертіс

  1. Жер қыртысының жоғарғы бөлігіндегі сулар

В/ Жер асты сулары

  1. Ойыста орналасқан су айдыны

С/ Өзен, көл, мұздық, батпақ, мұздық, жер асты суы, жасанды су көздері

  1. Қатты күйде түсетін жауын-шашынның жинақталып, біртіндеп өзгеруінен құрлықта түзілетін көп жылдық мұз

Д/ Өзен

  1. Табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су

Е/ Көл

  1. Жер шарындағы ең терең көл

F/ Мұздық

  1. Қазақстанның ірі өзені

G/ Байкал

  1. Бағалау

Бағалау парағындағы қорытынды баға бойынша бағалау

  1. Рефлексия

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайлдар арқылы білдіреді.

  1. Үйге тапсырма: $ 43 мазмұндау, сұрақтарға жауап беру

«Өзендер» тақырыбына презентация дайындау





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
??рлы? сулары. ?зендер

Автор: Агинов Омиржан

Дата: 10.03.2016

Номер свидетельства: 303811

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Гидросфера мен Литосфера"
    ["seo_title"] => string(27) "gidrosfiera-mien-litosfiera"
    ["file_id"] => string(6) "308037"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458491203"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "8-сынып. ?аза?станны? ішкі сулары, ?зендері "
    ["seo_title"] => string(46) "8-synyp-k-azak-stannyn-ishki-sulary-oziendieri"
    ["file_id"] => string(6) "176424"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424420203"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Еуразияны? ішкі сулары 7- сынып"
    ["seo_title"] => string(29) "ieuraziianynishkisulary7synyp"
    ["file_id"] => string(6) "311230"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459173412"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(26) "Африка сулары "
    ["seo_title"] => string(13) "afrika-sulary"
    ["file_id"] => string(6) "178761"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424878673"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) ""Еуразияның ішкі сулары"."
    ["seo_title"] => string(24) "euraziianyn_ishki_sulary"
    ["file_id"] => string(6) "521397"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1569840557"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства