жалпы та?ырып ?лы т?л?аны? ?мірі мен ?ызметі жайында. П?н аралы? байланыс тарих, ?дебиет, биология,археология, астрономия. Саба? блум таксаномиясы мен ?ткізіледі, слайдтта ?лы т?л?а туралы мол ма?л?маттар беріледі. Шо?ан туралы т?сірілген кинофильмнен ?зінді де к?рметіледі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Тәрбиелік: ұлы ғалымның еңбектерін оқи отыра ұлттық салт – дәстүрімізді сақтауға , өнерді құрметтеуге , ізгі қасиеттерді бойымызға сіңірген ізденімпаз тұлға тәрбиелеу.
Оқушылармен амандасып, түгелдеп, сабаққа даярлау. Сынып оқушыларын екі топқа бөлемін.
І топ. саяхатшылар
ІІ топ. тарихшылар
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
«Эстафета» оқыта үйрету ойыны арқылы үйге берілген тапсырма сұралады . Шарты : екі топқа бөлінген сынып оқушыларына сұрақтар жазылған парақша беріледі. Оқушылар бірінен- бірі жылжытып отырып сұрақтарға жауап береді. Қай топ сұраққа толық, түгел жауап бергені анықталып, өзім толықтырып өтемін.
ІІІ. Жаңа сабақ
Кубизм тәсілі арқылы жүзеге асырылады.
1. Біліңіз Ғалым өмір сүрген дәуірі, өскен
ортасы, ғылыми еңбектері, орыс
достары, саяхаттары туралы
баяндау
Қазақтың ұлы ғалымы , ағартушы, шығыстанушы , тарихшы, этнограф, этнолог, географ, фольклортанушы, суретші Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов 1835 жылы қазіргі Қостанай облысы аумағындағы Сарыкөл ауданы, Күнтимес қыстауында дүниеге келген. Ол - қазақтың соңғы ханы Уәлидің немересі және Орта жүз қазақтарының Ресейге қосылуы орын алған кезде билік құрған Абылай ханның шөбересі. Өз әкесі Шыңғыс аға сұлтан ретінде Аманқарағай округін билеген. Кейбір деректерде Шоқан қазақ даласында, Құсмұрын (Тобыл губерниясы, Петропавлдан оңтүстік-батысқа қарай) мекенінде туған. Оның азан шақырылап қойған есімі - Мұхаммед-Ханафия. Мұхаммед куйеу баласы хазірет Әлидің ең батыр ұлының құрметіне әрі «Болашақтың Мұхаммед-Ханафиясы болар ма екен?» деген тілекпен Қалқай ишан балаға осы атты қойған. Бірақ анасы Зейнептің оған тілі келмей «Қанаш» деп, ал былайғы жұрт «Шоқан» деп атаған. Ол бала кезінде өте бұзық, сотқар болған екен. Әке – шешесі сырт пішіні, ашуланғандағы көз қарасы бабасы Абылайға тартқандықтан бетінен қақпай өсіреді. Кішкентай кезінде мұсылманша хат танып әкесі салдырған бастауыш мектепте білім алады. Шағатай тілінде білім алған Шоқан парсы, араб тілдерін де жетік меңгереді. Ол 1847-1853 жылдары кезінде өз әкесі білім алған, қырқыншы жылдары казак әскери училищесінен кадет корпусы болып өзгертілген Омбы кадет корпусында оқыды. Оның рухани өсуіне орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі, парсы тілдерін білетін Н.Костылецкий, өркениет тарих пәнінен сабақ берген поляк оқымыстысы Г. Гонсевский, тарихшы Е.Сулоцкий, географ Е.Старков секілді тұлғалар елеулі ықпал етті. Кадет корпусында бірге оқыған досы және үлкен этнограф-ғалым болған Г.Н. Потанин: «Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді. Оған талайлар – ақ назар аударды. Ол сондай қабілетті еді және оқу орнына түспей тұрып – ақ сурет сала білетін. ... Жалпы жолдастарына соның ішінде маған, ол «Еуропаға ашқан терезе» , -дейді.
1852 жылы Костылецкийдің көмегімен шығыс зерттеушісі, Петербург Университетінің профессоры И.Н. Березинмен танысады. 1853 жылы 18 жасында бітірген Шоқан Омбыда әскери қызметке қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік – шығыс аудандарын басқартын генерал-губернатор Гасфорттың адьютанты болып тағайындалады.Ол осы қызметті атқара жүріп Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясын зерттеуге араласады.1854 жылы осы қызметте жүргенде Омбы абақтысынан шыққан Ф.Достоевскиймен, ақын С.Дуровпен танысады.
2. Түсіндіріңіз Ғалымның ғылыми еңбектері туралы
оқушылар өз білімдерін ортаға салады. 1. Шоқанның қандай еңбектерін білесіңдер?
1855 жылы жазда Гасфортпен бірге Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралайды.
(саяхатшылар картамен жүріп отырады, картамен жұмыс)
3. Қолданыңыз. Шоқанның саяхатының екі бағытын.
І. кезең Жоңғарды аралап, Жетісу, Іле өлкесі арқылы Ыстықкөлге барған жол.
ІІ. кезең Сырдария өзенінің саласы Нарын өзенінің жоғарғы сағасынан басталады.
1856 жылы Жетісуға, Ыстықкөлге, Құлжаға сапар шегеді. Күнделіктер жазады. Қараша айында П.П.Семенов-Тянь-Шанскиймен танысады. Қызметте ерекше көзге түскені үшін поручик шенін алады.
1857 жылы Орыс жағрафиялық қоғамының толық мүшелігіне сайланады.
Еңбектері: «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», « Ыстықкөл сапарының күнделіктері», «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы»
1858 жылы 28 маусымда Семейден Қашқарға беттеген керуен құрамына Әлімбай саудагер деген құпия атпен саяхатқа шығып1858 жылдың 1 қазаннан 1859 жылдың наурыздың ортасына дейін болады. Ол Қашқар мен Алтышаһар елін зерттеген.
Алтышаһар туралы қандай еңбектерінде келтірген?
1859 жылы Петербургке барып,онда 1861 жылдың көктеміне шейін болады.1861 жылы басыбайлылық тәртіпті жою жөніндегі реформаға қатысады. Мұнда ол П.П.Семенов-Тянь-Шанский мен Ф.Достоевскийді кездестіреді, орыс ғалымдары Е.П Ковалевский, И.И.Захаров, ақын А.Майков, Н.Курочкинмен танысады.
1861-1863 жылдар арасында Шоқан денсаулығына байланысты елінде болады.
1864 жылдың қысында Омбыға барып Сібір қазақтары үшін жасалып жатқан сот реформасын дайындау ісіне қатысады. Осы жолы ол «Сот реформасы туралы жазбалар» атты еңбегін жазады.
1864 жылы наурыз айында генерал Черняевтің шақыруымен Әулиеатаға келеді.Одан Верный қаласына, одан ары Тезек төренің аулына барып, Айсара деген қызға үйленіп тұрақтайды . Ескі ауруы қайта меңдеп 1965 жылы қаза болады. Оның сүйегі Алтынемел тауының баурайында Көшен тоған деген жерге қойылады.
4. Талқыланыз. Шоқан Уалихановтың теңге басы-
лымына шыққандығы, ол туралы
көркем фильм түсірілгендігі, онда
Шоқанның рөлін сомдаған актер
туралы ой талқы
1. Шоқан туралы не білеміз?
2. Қандай көркем шығармалар жазылды?
3. Қандай фильм түсірілді ?
1993 жылы 15 қарашада ұлттық теңгеміз шығып 10 теңгеге ғалымның суреті басылады.1982 жылы КСРО және Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімовтың режиссерлігімен «Шоқан Уалиханов» фильмі түсірілді. Онда Шоқанның рөлін әртіс Сағи Әшімов сомдады.
5. Суреттеңіз. Топтастыру әдісі бойынша ғалымға
оқушылар баға береді.
6. Салыстырыңыз: Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қ.И. Сәтпаев пен тұңғыш қазақ саяхатшысы Ш.Ш. Уалиханов.
ІV. Бекіту.
Екі топқа кескін картадан Шоқанның Құлжа мен Қашқарияға жасаған саяхатын қай топ бірінші географиялық нысандармен түсіріп әкелсе жоғары ұпайға ие болады.
V. Қорыту.
VІ. Бағалау. Жұмыстарына қарай топтарды бағалаймыз, белсенді оқушыларды марапаттаймыз.