Просмотр содержимого документа
«Көлдер мен бөгендер»
География 8 сынып Сабақтың тақырыбы: Көлдер мен бөгендер Мақсаты: Білімділік: Қазақстан көлдері мен бөгендері, олардың ерекшеліктері, су су деңгейінің өзгеруі туралы түсіндіру; Дамытушылық: Сабақта өз ойларын нақты, дәл жеткізе білуге, салыстыра білуге дағдыландыру және ойлау қабілетін дамыту өз беттерінше жұмыс істеуге дағдыландыру; Тәрбиелік: экологиялық білім бере отырып, жас ұрпақты туған жеріміздің су ресурстарын ұқыпты пайдалануға, қорғай білуге тәрбиелеу. Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгеру, тірек - сызба Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, өз бетімен жұмыс жасау, картамен жұмыс. Сабақ көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, тірек - сызба, өзен суреттері.
Сабақтың жоспары: I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Үй тапсырмасын тексеру. III. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі. IV.. Бекіту кезеңі. V. Үйге тапсырма беру кезеңі, бағалау.
І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлығын тексеру. II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. 1. Солтүстік Мұзды мұхит алабына қандай өзендер кіреді? Оларды картадан көрсетіп сипаттама беріңдер 2. Ішкі алаптарды атаңдар және оларға сипаттама беріңдер 3. Каспий теңізі алабына қандай өзендер жатады, оларды картадан көрсетіп сипаттама беріңдер 4. Арал теңізінің алабының өзендеріне сипаттама беріп картадан көрсетіңдер 5. Балқаш – Алакөл алаптарының өзендеріне сипаттама беріңдер.
III. «Миға шабуыл» 1. Көл дегенді қалай түсінесіңдер? 2. Қазақстандағы ірі көлдерді атаңдар? 3. Осы ірі көлдер неге теңізге теңестірілген? 4. Бөгендер деген не? 5. Бөгендер не үшін қажет?
III. Жаңа сабақ Қазақстан аумағында ірілі - ұсақты 48 мыңнан астам көлдер мен 3 мыңға жуық бөгендер бар. Климат жағдайына байланысты көлдердің көбі Қазақстанның солтүстігіне қарай орналасқан. олардың ішінде Каспий теңізі, Арал теңізі және Балқаш, Зайсан, Алакөл сияқты ірі көлдер басқа, көбі (94%) көлемі бір шаршы километрден кем шағын көлдер. Олар республикадағы көлдердің бүкіл ауданының 60% алып жатыр. - Солтүстік Қазақстанда 21580 көл бар, ҚР 45% - Орталық және Оңтүстік Қазақстан облыстарында 17550 көл, 36% Қазақстан көлдері қазаншұнқырларының пайда болуына қарай бірнеше типке бөлінеді
Бөгендер. Қазақстан аумағында жер беті ағыстарын реттеу мақсатында өзен арналарын бөгеу арқылы жасалады. Егер көлемі кіші ойыстарды бөгейтін болса, тоған деп атайды. Бөгендер халықтың қажетін өтеуге жұмсалады. Олар бөліктерге бөлінеді: 50 км2 дейінгі – кіші; 250 км2 – орта, 1000км2 – ірі; одан үлкендері – аса ірі бөгендер. Қазақстанда 4 мың бөгендер мен тоғандар бар. Алып жатқан ауданы 10 мың км2. Оларда 90 км3 тұщы су жиналады. - Республикада 2 – өте ірі, 1 – іті және 6 – орта бөгендер бар. - Бөгендердің шаруашылықтағы маңызы зор. Оларды энергетикалық, транспорттық, ирригациялық, рекриациялық мәселелерді шешуде, спорт, балық аулай бағдарламаларында пайдаланылады.
IV. Пысықтау. «Көлді тап» ойыны. Шарты: кез келген көлді айтады және оның қандай типке жататының анықтайды. Мысалы; Каспий теңізі - реликті көл; Іле Алатауы – Мұздық типті; Бурабай – тектоникалық көлдер типті және т. б
V. Үйге тапсырма беру кезеңі, бағалау Үйге: Кескін картаға Қазақстанның көлдерін түсіру. Туған өлкелеріңнің көлдерін сипаттап жазу