Климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері.
Климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері.
Күні: 10.12.2016ж. Пәні: география Сыныбы: 8 «Ә» Мұғалімі: Байғалиева Алтынай Сабақтың тақырыбы: Климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері. Мақсаты: - білімділік: Қазақстан аумағында климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері туралы мағлұмат беру; - дамытушылық: оқушылардың ойлау, ақпаратты сараптау қабілеттерін дамыту, ой-өрістерін кеңейту; - тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: дәстүрлі Сабақ типі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: картамен жұмыс, кесте, сызбалар толтыру, «Пошта» ойыны. Пәнаралық байланыс: жаратылыстану Көрнекілігі: интербелсенді тақта, үлестірмелі материалда,слайдтар суреттер
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
«Сұрақ менен жауап сенен», сұрақ-жауап жұмысы Қазақстанда жыл бойында жауын-шашын қалай таралған? Себебін түсіндіріңдер.
Қалай ойлайсыңдар, Қазақстанның жазықты жерлерінің қай аймағына қар жамылғысы көп түседі?
Жауын-шашын мөлшері тауларда биіктеген сайын не себептен көбейеді?
Өздерің тұратын жердің жауын-шашын мөлшері қандай?
Өздерің тұратын жердің ылғалдылығы қандай ? Жазы мен қысы қандай?
Жауын –шашынның таралуына қандай факторлар әсер етеді?
Буланушылық коэффициенті жоғары және төмен аймақты анықтаңдар?
Жауын-шашынның қандай түрлерін білесіңдер?
Жауын-шашынның ең көп таралған аудандары?
Еліміздің қыс мезгілінде солтүстік және оңтүстік аймақтарында жауын-шашынның қанша пайызы түседі?
ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту
«Пошта» ойыны
(Тақтаға үш пошта жәшігін іліп қойылады. Жәшіктің ішінде түрлі түстес қиылған сөздер жазылады. Жәшіктің ішіндегі сұрақтар арқылы үй тапсырмасы бекітіліп жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.)
1. Жауын-шашын
2. Ылғалдану коэффициенті
3. Адамның шаруашылық әрекетіне барлық уақытта қолайлы емес нәрсені атаңыз?
Жауабы: «Климат» Климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері.
IV. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
Климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері.
Мақсаты: Қазақстан аумағында климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері туралы мағлұмат аламыз.
V.Жаңа сабақты түсіндіру
1.Мұғалім: сөзі мінекей оқушылар бүгін климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері жайлы білетін боламыз. Ал біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да осы жайында болмақ.
Климаттың ауыл шаруашылығына тигізетін әсері. Көп жағдайда бір дақылдларға жылу, екіншілеріне ылғал,үшіншілеріне жарық көбірек қажет. Республиканың солтүстік және орталық аудандарындағы климат жағдайлары егін шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік береді, ал оңтүстік аудандарда суармалы егіншілік дамыған.
Бірақ климат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетіне барлық уақытта қолайлы емес. Қолайсыз, тіпті зиянды атмосфералық құбылыстарға қуаңшылық, аңызақ,үсік,көктайғақ, шаңды дауылдарды жатқызуға болады.
Қазақстанның климаты жалпы құрғақтығымен ерекше көзге түседі. Әсіресе оңтүстікте жаз өте ыстық болады. Құмның беті 60º-70ºС-қа дейін қызады. Мұндай климат жағдайы солтүстік аудандарда да жиі болып тұрады. Құрғақ ауаның пайда болуы күшті қызған және тропиктік ауа массасының басым болған кезімен байланысты. Оған ылғалы аз, ыстық құрғақ жел- аңызақ тән.
Аңызақ желді күндердің ұзақтығы табиғат зоналарында түрліше болады; Дала зонасында жылына 5-10 күн,
Шөлейт зонасында-40,
Қызылқұмда-100 күн.
Қазақстан жерінде соңғы 20 жыл ішінде қуаңшылық 4рет болды. Қуаңшылық пен аңызаққа қарсы күресу үшін қар тоқтату, орман алқаптарын отырғызу, жер суару және т.б. арнайы агротехникалық шаралар қолданылады.
Республиканың халық шаруашылығына қолайсыз атмосфералық құбылыстардың бірі- көктайғақ(көк мұз), не аязды ауа райынан кейін сіркіреме жауын жауғанда қалыптасады. Әдетте көктемде және күзде ауа райы салқындап, жер беті 0ºС-қа дейін суынып, мөлдір және көгілдір жұп- жұқа (5мм) мұз қабыршақтарымен жабылады. Мұндай құбылыс мал шаруашылығына, адам баласына зияны үлкен, транспортта апаттар, байланыс және энергия желілерінде үзілістер туғызады. Көктайғақ республиканың оңтүстік және орталық аудандарында жиі байқалады. Солтүстік аудандарда көктайғақ сирек байқалатын құбылыс.
2.Дәптермен жұмыс.
Оқушылардәптерге интербелсенді тақтада көрсетілген мағлұматтарды жазып алады.
VІ.Жаңа сабақты бекіту
Кестемен жұмыс.
Қолайсыз атмосфералық құбылыстар
Таралған негізгі аймақтар
Пайда болу себептері
Қандай қолайсыз зиян келтіреді
Күресу жолдары
VII.Сабақты қорытындылау
Мұғалім сөзі: Бүгінгі сабақтан өзіме керекті қандай мағұлматтар алдым. Сол жайында тақтада көрсетіліп тұрған «Қазыналы сандыққа»түсірулеріңізге болады. Түсіріп болсақ, сонымен сабағымызды қорытындылай келе , климаттың адам баласының шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері маңызды екенін білдік. Жалпы алғанда Қазақстан климат жағдайы құрғақшылыққа бейім, сол себепті де климат жағдайымен қатар шаруашылық жағдайын бір деңгейде ұстап отыру қажет. Сондықтан еліміздегі қуаңшылық жағдайы мен аңызаққа қарсы күресу шараларын ұйымдастырып отыру қажет.
VIII.Үйге тапсырма
§25.Климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері.