- Климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері туралы білімдерін қалыптастыру;
-Карта арқылы жұмысты дамыту.
Уақыты Сабақ кезеңдері | Жоспар мазмұны. | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті | Ресурстар: Бұл іс-әрекеттер үшін маған не керек? |
Кіріспе | Психологиялық ахуал Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру. Топқа бөліну. | Мұғалім оқушылармен амандасады. «Жүректен жүрекке» оқушылар табиғатқа байланысты тілектерін білдіреді. Оқушылардың көңіл күйлерін сұрау. Топқа стикер түстеріне қарай бөліну Назарларын сабаққа аудару. | Оқушылар табиғатқа байланысты бір-біріне тілек білдіреді. Бүгінгі күндегі көңіл-күйлерін басбармақ, бес саусақ, үш саусақ арқылы білдіреді. Топқа стикер түстеріне қарай топтасады Нәтижесінде: оқушылар сәлемдеседі, бір-біріне тілек білдіреді. Көңіл күйін басбармақ, бес саусақ, үш саусақ арқылы көрсетеді, сабаққа әзірленеді. Топқа бөлінеді | Қалам |
Үй жұмысы Білу | Үй тапсырма сы «Пирами да сұрақтарымен тапсырмалары» , «Синквейн» әдісі арқылы үй жұмысын тексеру | Үйге «Агроклиматтық ресурстар» берілген. Үй жұмысын «Пирамиданың сұрақтары мен тапсырмаларын орындау. Сұрақтар жеңілден күрделіге қарай бағытталған. Бүгінгі өтетін тақырыбын айта отырып оқушылармен диалог құру. | Оқушылар сұрақтар мен тапсырмаларды орындайды, өз ойларын білдіреді және жауап береді. Нәтиже: Оқушылар арасында диалог құрылады, оқушылар ойынға қатыса отырып қызығады. | Пирамида сұрақтары мен тапсырмалары |
Негізгі бөлім Түсіну Қолдану | Сыни тұрғысынан ойлау модулі бойынша қызығушылықты ояту Оқушылармен диалогқа түсу. «Көршіне әңгімелеп бер», «Ментальді картамен жұмыс» әдісі | Мәтінді оқиды. Жұптасып әңгіме құрайды тапсырманы орындайды. Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды, мәліметтерді толықтырады. Оқушылармен диалогқа түсу. Құрғақшылық аңызақ Қолайсыз үсік атмосфералық құбылыстар шаңды дауыл көктайғақ 1-топ құрғақшылық 2-топ аңызақ 3-топ үсік 4-топ шаңды дауыл 5-топ көктайғақ | Оқушылар өздеріне тапсырылған тапсырмаларды орындайды, қате болса анықтап дұрыс мәліметтерді жазады. Тұсаукесерді қорғайды, орындайды, анықтайды. Әрбір жауаптарын карта арқылы дәлелдеп отырады. Нәтиже:Оқушылар тапсырманы орындайды, ізденеді, қызығады. | Оқулық, постер, түсті маркер, қалпақтар |
| Сергіту сәті. | Қанаты жоқ – ұшады, Аяғы жоқ – қашады. (Жел) Айдаһар аузын ашса, арс етеді. Гауһары жерге түссе, жарқ етеді. ( найзағай) Көктен түседі, Жер ішеді. (Жаңбыр) Таңмен көзін ашады, Әдемге нұр шашады. (Күн) | Оқушылар жұмбақты шешеді. Нәтижесінде: Оқушылар табиғат құбылыстарын көрсетеді. Оқушылар серігіп, сабаққа деген қызығушылығы оянады. | |
Қорытынды: Жинақтау Талдау | «Тауып көр» әдісі | Мұғалім мәліметтерді келтіреді, ал оқушылар олардың қаншалықты шындық екенің анықтайды. Бұл табиғат құбылысы көп жағдайда аязды ауа райынан кейін сіркіреме жауын жауғанда қалыптасады. Көмек: әдетте көктемде және күзде ауа райы салқындап, жер беті 0 С-қа дейін суынып, мөлдір және көгілдір жұп-жұқа мұзбен жабылады. Көктемнің аяқ кезінде, күздің басында, кейде теріскей жақта жазды күндері арктикалық ауа массасының енуіне байланысты болатын құбылыс. Көмек: Ауаның температурасы қысқа мерзімді 0 С –тан төмендеп, топырақ беті тоңазып кетеді. Бұл құбылыс желдің жылдамдылығына және топырақ жамылғысының сипатына тығыз байланысты. Көмек: Ауа құрғақ кезде, борпылдақ топырақты алапта соғатын қатты жел. Бұл табиғат құбылыстарына қарсы күресу үшін қар тоқтату, орман алқаптарын отырғызу, жер суару және арнайы агротехникалық шаралар қолданылады Көмек: Бұл ауаның пайда болуы күшті қызған және тропиктік ауа массасының басым болған кезімен байланысты | Бүгінгі тақырыпқа байланысты оқушылар мәліметтерге жауап береді. Жаңа тақырыпты қорытындылайды. Нәтижесінде: Тапсырма орындау барысында қызығушылықтары артады, ізденеді. 1.көктайғақ 2. Үсік 3. шаңды дауыл 4. құрғақтылық пен аңызақ | |
Рефлексия | | «Күн, бұлт, найзағай» | Бүгінгі сабақтың нәтижесі жайында стикерлерге жазыды. Нәтижесінде: Стикерге көңіл-күйлерін білдіреді, сабаққа байланысты ойларын жазады әрі тиісті түске жабыстырады. | |
Үй жұмысы | | | Мәтінді оқу | |
Бағалау | | Бағалау: «Үш жұлдыз, бір тілек» бағалау | Нәтижесінде: оқушылар топаралық бағалау жүргізеді. | |