kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Географиялық бәйге

Нажмите, чтобы узнать подробности

География сабағы бойынша 6 сыныптар арасында сайыс-сабақ.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Географиялық бәйге»

Алматы облысы Іле ауданы «№14 орта мектеп»мемлекеттік коммуналдық мекемесі

Пән мұғалімі: Байбукашева Нургуль Кошербаевна

Сыныбы : 6 «А»,6 «Ә»

Тақырыбы: «Географиялық бәйге» білім сайысы

Сайыстың мақсаты: 6- сынып оқушылары арасында пәннің негізгі ұғымдары мен заңдылықтарын меңгеру дәрежесін тексеру, география пәнінен алған білімдерін қайталау, қорытындылау, ой-өрісін кеңейту, пәнге деген қызығушылығын дамыту.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, жарты шарлардың физикалық картасы, тақырып слайдтары.

Әдісі: Сайыс

Жоспары:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Таныстыру кезеңі ( сайысқа 2 топ қатысып, сан алуан сұрақтарға жауап беру арқылы білім сайысына түседі)

3.Сайыс

4.Қорытынды

Сайыс сабақтың барысы:

-Қайырлы күн, бүгінгі сайыстың құрметті қонақтары. Бүгін біздің «Географиялық бәйге» атты ойын сайысын бастаймыз. Бүгінгі ойын сайысқа 6 «А», 6 «Ә» сыныптары қатысады, яғни әр сыныптан 6 оқушы шығады. Сонымен бізде екі топ қатысады.

І топ– «Меридиан» тобы

ІІ топ– «Параллель» тобы

-Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қаза алқаларын сайлап алайық:

Биология пәні мұғалімі – Нурахметова Гульбар Нурахметовна

Орыс тілі пәні мұғалімі- Басжанова Роза

География пәні мұғалімі – Калиева Назым Кадылбековна

Әділқазылар алқасы бес балдық жүйемен оқушылардың білім дәрежесін бағалайды. Жіберілген кемшіліктерді ескертіп отырады.

-  Енді ойын кезеңдерімен таныстырып өтелік.

І кезең –Таныстыру

ІІ кезең –Жұмбақ жасыру, оның шешуін үш тілде айту.

ІІІ кезең – Адасқан әріптер, берілген сөздердің орнын табу.

ІV кезең - Сергіту сәті

V кезең - Географиялық ассоциация

VІ-«Бәйге» топ басшылар сайысы

VІІ -кезең - Мозайка

І.Таныстыру

Топ мүшелері өз атауларымен,ұранымен,таңбаларымен таныстырады (5 минут)

ІІ.Жұмбақ жасыру,оның шешімін үш тілде айту (5 минут)

Жылт-жылт еткен,

Жылғадан өткен. (су, вода, water)

Ешбір тірексіз күмбез,

Ешбір сүйексіз күмбез.

Ешкім көтере алмайтын күмбез,

Ешкім төңкере алмайтын күмбез. (Аспан, небо, the sky)

Тұрғыны жоқ елдер,

Үйі жоқ қалалар

Ағашы жоқ ормандар,

Суы жоқ теңіздер(карта, карта, map)

Бетін адам ашады,

Білім нұрын шашады. (кітап, книга, book


«Параллель» тобы

 Көлігі жоқ көшеді

Өзін кезбе деседі (бұлт,cloud)

Тұрғанымен жырақ өзі 
Таусылмайтын шырақ көзі (күн, sun) 

Ай үстінде асыл тас,

Алайын десем табылмас. (жұлдыз, звезда, star)

Қолы да жоқ, көзі жоқ,

сурет салар өзі кеп(аяз, мороз, frost)

ІІІ. Адасқан әріптер, берілген сөздердің орнын табу.

«Меридиан» тобына  

  1.  Л п о ю с  - полюс

  2. Т а р к а – карта

  3. И а н м е д р и – меридиан

  4. М т у з и а – азимут

  5. Е ф а м о т а с р - атмосфера

 «Параллель» тобына

  1. Ф р е а с д и г о р – гидросфера

  2. И о н г з т ь л а р о – горизонталь

  3. С п м а о к  - компас

  4. Қ л ы й о б – бойлық

  5. Апльрлале- параллель


ІV.Cергіту сәті.

Әр топтан бір оқушыдан шығады,өзінің тобы берілген сөздерді қимылмен көрсетеді, ортаға шыққан оқушы сөздің жауабын табу керек

V. Географиялық ассоциация

Тақтада әліпбидегі кейбір дауыссыз дыбыстар бойынша сұрақтар берілген. Бұл

сұрақ жауаптарының басқы әріптері  алфавитпен байланысты болады. Дұрыс жауап – 5 ұпай.

Б

В

Г

Д

Ж

З

К

Қ

Л

М

Н

П

Ш

С

Т

Ф

  1. Б – Көкжиек тұстарын, бақылаушының тұрған жерін, қозғалыс бағытын анықтау.(Бағдарлау)

  2. В - Машина маркасымен аттас өзен.    (Волга)

  3. Г – Жер бетіндегі нүктенің экватордан градуспен алынған қашықтығы. (географиялық ендік)

  4. Д – Шөп басқан,батпақсыз жазық жер    (Дала)

  5. Ж – Жер бетінің біршама тегіс және белесті алқабы (Жазық)

  6. З – Жануарлардың жер бетінде таралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым (Зоогеография)

  7. К – Қазақстан қаласы (Көкшетау)

  8. Қ – Таудағы қар жыл бойы ерімейтін биіктікті көрсететін сызық  (Қар жиегі)

  9. Л – Жер бетіне шығып, газынан айрылған магма   (Лава)

  10. М – Жер бетінде өлшенген қашықтықты қағаз бетіне түсіру үшін кішірейту дәрежесі (Масштаб)

  11. Н – Екі нүтенің биіктіктерінің айырмашылығын өлшейтін құрал   (Нивелир)

  12. П – Күнді айнала  қозғалып жүретін және Күн жарығымен жарқырап көрінетін аспан денесі  (Планета)

  13. Ш – жер қыртысында су, жел, т.б күштер әсерінен пайда болатын тау жыныстары (шөгінді тау жыныстары)

  14. С – Жер сілкіну қайталанып тұратын аймақ  (Сейсмикалық аймақ)

  15. Т – Бір - бірімен өзара байланысты табиғат кешендерінің біртұтас жүйесі   ( табиғат кешені)

  16. Ф – Географияның бір саласы  (Физикалық география)


VІ. «Бәйге» топ басшылар сайысы. 

 «Меридиан» тобының басшысына сұрақ

  1. Экватордың ұзындығы (40 000км)

  2. Жер бетінің ауа қабаты (атмосфера)

  3. Белгілі бір жерге тән жыл сайын қайталанып отыратын ауа райының жиынтығы

( климат)

  1. География ғылымының дамыған жері .... (Ежелгі Грекия)

  2. Су қабығының латынша атауы        (гидросфера).

  3. «География ғылымының атасы» атанған грек оқымыстысы ... (Эратосфен)

  4. Дүние жүзіндегі  ең терең шұңғыма  (Мариан).

  5. Жан-жағынан материктермен шектелген орасан зор су алқабы   (мұхит).

  6. Азимуты 90˚ болатын көкжиек тұсы ... (шығыс)

  7. ... ең ұзын параллель (экватор)

«Параллель» тобының басшысына сұрақ

  1. Солтүстік бағытты көрсететін жұлдыз. (темірқазық)

  2. Биіктігі бірдей нүктелерді қосатын сызықтар. (горизонтальдар)

  3. Салыстырмалы биіктікті ... құралымен өлшейді. (деңгейлегіш)

  4. Жердің сыртқы қатты қабығы  (литосфера).

  5. Жердің ішкі құрылысы ... тұрады. (жер қыртысы, мантия, ядро)

  6. Ең терең көл  (Байкал).

  7. Тау жыныстарын құрайтын табиғи заттар (минералдар)

  8. «Жол» деген мағынаны білдіретін араб сөзі (азимут)

  9. Масштабтың неше түрі бар? (үш)

  10.  Жердің терең қойнауында жоғары температура мен үлкен қысым жағдайында  түзілетін, газға бай, балқыған отты қоймалжың зат  (магма).

VІІ.Мозайка;

(Ойыншыларға карта беріледі. Бірақ ол карта сан бөлікке бөлінген. Ойыншылар оны құрастыра отырып, қандай карта екенін анықтайды) 

3.Қорытынды 

Ұпайлар саны есептеліп, жеңімпаз топ анықталады, жеңген топ марапатталады.

«Ғылымның сырын ұғына, Шығыңдар білім шыңына. Дарындылық пен тапқырлық Жеткізеді сіздерді География сырына», - дей отырып, сайысымызды аяқтаймыз. Сайысқа қатысқан оқушыларға естелік сыйлықтар табыс етіледі.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Географиялық бәйге

Автор: Байбукашева Нургуль Кошербаевна

Дата: 08.04.2017

Номер свидетельства: 407616

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "Внеклассная работа по географии на тему "ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БӘЙГЕ""
    ["seo_title"] => string(67) "vnieklassnaia_rabota_po_ghieoghrafii_na_tiemu_gieografiialyk_b_igie"
    ["file_id"] => string(6) "458766"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1519190830"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(126) "Антарктида. Материкті? географиялы? орны. Ашылу ж?не зерттелу тарихы. "
    ["seo_title"] => string(77) "antarktida-matieriktin-ghieoghrafiialyk-orny-ashylu-zh-nie-zierttielu-tarikhy"
    ["file_id"] => string(6) "176222"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424370889"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(151) "Саба? жоспары. Та?ырыбы; ""Германия. Экономикалы?-географиялы? жа?дайы.Таби?ат. Хал?ы" "
    ["seo_title"] => string(92) "sabak-zhospary-tak-yryby-giermaniia-ekonomikalyk-ghieoghrafiialyk-zhag-daiy-tabig-at-khalk-y"
    ["file_id"] => string(6) "176217"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424370551"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "§49 Географиялы? белдеулер мен зоналар "
    ["seo_title"] => string(46) "ss49-gieoghrafiialyk-bieldieulier-mien-zonalar"
    ["file_id"] => string(6) "197748"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1428307062"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(202) ": Жерді? ?з білігінен айналуы ж?не оны? географиялы? м?ні. Жерді? К?нді айнала ?оз?алысы ж?не оны? географиялы? м?ні. "
    ["seo_title"] => string(133) "zhierdin-oz-bilighinien-ainaluy-zh-nie-onyn-ghieoghrafiialyk-m-ni-zhierdin-kundi-ainala-k-ozg-alysy-zh-nie-onyn-ghieoghrafiialyk-m-ni"
    ["file_id"] => string(6) "168507"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423241401"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства