Просмотр содержимого документа
«Антарктида. Материкті? географиялы? орны. Ашылу ж?не зерттелу тарихы. »
Сабақтың тақырыбы: $59 Антарктида.Материктің географиялық орны.Ашылу және зерттелу тарихы
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға Антарктида материгін,географиялық орнын,ашылуын және зерттелуін түсіндіру.
2. Миға шабуыл арқылы оқушылардың дамытушылығын қалыптастыру.
3.Қоршаған ортаны қорғауға,тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:дүниежүзінің физикалық картасы,интерактивті тақта
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі сабақ, аралас сабақ
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастырылуы
Оқушыларды түгендеп,оқу-құралдарын тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
І деңгейдегі тапсырма
Ауызша сұрау
ІІ деңгейдегі
Тест
1.Мұхит аралдары қайсы мұхитта орналасқан?
а/Үнді мұхитында ә/ Тынық мұхитында б/Атлант мұхитында
2.Мұхит аралдарының саны қанша?
а/ 5 мың ә/ 6 мыңнан асады б/ 7 мыңнан асады
3.Мұхит аралдарында 12 жыл тұрған орыс ғалымы
а/ Д.Кук ә/Н.Н Миклухо-Маклай б/Ф.Магеллан
4.Гавай аралындағы сөнбеген жанартау
а/ Руапеху ә/ Мауна-Лао б/ Эребус
5.Жаңа Зеландияның астанасы
а/ Виллингтон ә/Сидней б/Вашингтон
6/Мұхит аралдары тарихи-географиялық ерекшеліктеріне байланысты нешеге бөлінеді?
а/ 6 ; ә/ 4 ; б/ 5;
7/Жаңа Зеладияның халқының саны қанша?
а/ 6 млрд. ә/ 5 ,5 млн б/ 4,4 млн.астам
Сергіту сәті: Жұмбақ «Қыста суда қатпайды ,бірақ жазда жатпайды» (мұз)
ІІІ.Жаңа сабақ
Антарктида материгін сатылай кешенді талдау
Материктің табиғи ерекшеліктері
Географиялық орны
Ашылу және зертелу тарихы
Антарктида –Жер шарындағы оңтүстік полюсте орналасқан бірден-бір материк.Антарктика атауы «арктикаға қарама-қарсы» деген мағынаны білдіреді.Материк ауданы 12,4 млн км 2,ал мұздықтар мен аралдарын қоса есептегенде 14 млн км2 жуықтайды.Антарктиданың географиялық орнына байланысты мынадай ерекшеліктері бар:
Жерінің 99 % -ын қалың мұз жауып жатыр,мұздың орташа қалыңдығы 1720 м,ең қалың жері 4300 м (Шмидт жазығы
Антарктида-Жер шарындағы ең биік материк,оның мұз жамылғысымен қоса есептегенде орташа биіктігі 2040 м.
Антарктидада –Жер шарындағы ең төменгі температура 1983 жылы -89,2 0 С тіркелген.
Материктің ең биік нүктесі Винсон тауы 5140м,ең төменгі нүктесі Бентли ойысы (-2555м)
Антарктидада сөнбеген жанартаулар бар,олардың ең ірісі Эребус жанартауы (3794м)
Антарктида ежелде Гондвана материгінің құрамында болғанына қарамастан, табиғат жағдайлары оңтүстік жарты шардың басқа материктеріне ұқсамайды.Антарктида басқа матерйктерден алшақ орналасқан,олардан орасан зор мұхит айдындары арқылы бөлініп жатыр.
Антарктида ең соңғы ашылған материк. Оңтүстікте белгісіз жердің бар екендігі туралы мәліметтер ертеден-ақ белгілі болған.1772-1775 жылдар аралығында ағылшын теңізшісі Джеймс Кук оңтүстік материкті іздеп,саяхатқа шыққан.Материк жағалауына бірнеше рет жақындап,қалың мұздан әрі өте алмай кері қайтқан.Нәтижесінді ғалым егер материк табыла қалса ,тек полюстың маңында болуы мүмкін деген.Антарктиданың ашылуы мен зерттелуінде Ресейдің ғалымдарының үлесі зор. 1819-1821 жылдары Ф.Ф Беллинсгаузен мен М.П Лазарев басқарған «Восток» және «Мирный» желкенді кемелерімен саяхатқа шыққан орыс экспедициясы Антарктида материгі жағалауына 5 рет жақындап барып,көптеген аралдарды ашты.Экспедиция материк жағалауына тұңғыш рет 1820 жылдың 28 қаңтарында тоқтады,осы күн Антарктиданың ашылған күні болип табылады.
Материктің орталық бөлігін зерттеуге норвег Руаль Амундсен 1911 жылы14 желтоқсанда,ал ағылшын Роберт Скотт бір айдан кейін ,1912 жылы қаңтардың 18 де жетті.Саяхат барысында ғалымдар Антарктиданың орталық бөлігінің табиғаты туралы құнды мәліметтер жинады.Антарктиданың қатал табиғаты жағдайында полюске жету мен кері қайту саяхатшыларға оңай болған жоқ.Ит жеккен шанамен жүрген Р.Амундсен 99 күннен кейін аман-сау қайтады. Ал Р.Скотт пен оның серіктері моторлы шанамен шыққандықтан қайтар жолда қайғылы қазаға ұшырады.Соңғы жылдары 16 елдің зерртеушілері өзара байланыста бүкіл жыл бойы жұмыс жүргізуде.2011 жылы желтоқсан айында Қазақ география қоғамы ұйымдастырған тұңғыш қазақстандық автокөлік ғылыми экспедициясы Оңтүстік полюске жетіп,Амундсен экспедициясының 100 жылдығы мен Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық құрметіне полюске ту тікті.
Антарктида материгінде казіргі таңда ешқандай әскери сипаттағы шаралар, ядролық қарулар сынау жұмыстарын жүргізуге тыйым салынған.