Просмотр содержимого документа
«Внеклассная работа по географии на тему "ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БӘЙГЕ"»
Сыныбы: 10-11 «А»
Тақырыбы: «Географиялық бәйге»
Мақсаты:
Оқушылардың география пәнінен алған білімдерін жетілдіру, жылдам ойлау мен нақты айтуға үйрету және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақ түрі: сайыс сабақ
Көрнекіліктері: интербелсенді тақта, үлестірме қағаздар, дүниежүзінің картасы т.б.
Сабақ барысы:
Сәлеметсіздерме құрметті оқушылар, ұстаздар. Бүгінгі «Географиялық бәйге» сайысына қош келдіңіздер. Сайысқа 10- 11 сынып оқушыларынан құралған «Гималай» және «Кордильера» топтары қатысады.
Сайысты бастамас бұрын әділқазы мүшелерін сайлап алайық.
Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады:
1.Тапқыр болсаң, талас жоқ.
2.Әріптер сыры
3.Географиялық нысандар
4.Географиялық пошта
5.Экологиялық ой-толғау
1-кезең. «Тапқыр болсаң, талас жоқ».
«Гималай» тобының сұрақтары:
1.Солтүстік Америка материгінің құрамына кіретін арал?
Жауабы: Гренландия
2. Дүниежүзіндегі ең биік шың Джомолунгманың ағылшынша атауы?
Жауабы: Эверест
3. Ежелгі біртұтас материк?
Жауабы: Пангея
4. Ең үлкен дүние бөлігі?
Жауабы: Азия
5. Жердің Күнге ең жақын келетін уақыты?
Жауабы: 3 қаңтар
6. Қазақстандағы батысы тұщы, шығысы ащы көлді ата?
Жауабы: Балқаш
7. Ең арзан электр энергиясын беретін ресурс?
Жауабы: Су ресурстары
8. Оңтүстік Америка материгіндегі «Мыс тау» деген мағынаны білдіретін тау?
Жауабы: Анд тауы
9. Жер шарын айналып шыққан саяхатшы?
Жауабы: Ф.Магеллан
10. Жер сілкінісі жиі болатын аймақтар қалай аталады?
Жауабы: Сейсмикалық
«Кордильера» тобының сұрақтары:
1.Анхель сарқырамасы қай материкте орналасқан?
Жауабы: Оңтүстік Америка
2.Жердің ең құнарлы жоғарғы қабаты?
Жауабы: Топырақ
3.Мак-Кинли шыңы қай тауда орналасқан?
Жауабы: Кордильера
4.Мұхиттың ең терең жері қалай аталады?
Жауабы: Шұңғыма
5.ҚР ең үлкен облысты ата?
Жауабы: Қарағанды
6.Солтүстік және оңтүстік полюстерді қосатын сызықтар?
Жауабы: Меридиандар
7.Антарктида ежелгі қай материктің құрамында болған?
Жауабы: Гондвана
8.Қазақстанның биік нүктесі қалай аталады?
Жауабы: Хан тәңірі
9.Америка атауы қай саяхатшының есімімен тығыз байланысты?
Жауабы: Америго Веспуччи
10.Жер бетінің ауданы?
Жауабы: 510 млн.км²
2-кезең. «Әріптер сыры».
1.Көкжиек тұстарын бақылаушының тұрған жерін анықтау? Б
2.Машина маркасымен аттас өзен? В
3.Жер бетіндегі нүктенің экватордан градус есебімен алынған қашықтығы? Г
4.Шөп басқан, батпақсыз жазық жер? Д
5.Жер бетінің тегіс немесе белесті алқабы? Ж
6.Айдың Жерге көлеңкесін түсіруі? К
7.Үнді мұхитының ең терең шұңғымасы? З
8.Жер бетіне шығып газынан айырылған магма? Л
9.Жер бетінде өлшенген қашықтықты, қағаз бетіне түсіргенде неше есе кішірейтілгенін көрсететін шама? М
10.Оңтүстік Америка материгінде орналасқан мемлекет? П
11.Мұхит немесе теңіздің құрлыққа кіріп жатқан бөлігі? Ш
12.Өзеннің теңізге немесе көлге құяр жері? С
13.Климаттық белдеу? Т
14.Солтүстік Еуропа мемлекеті? Ф
15. Қазақстандағы жалғыз АЭС қай қалада? А
3-кезең. «Географиялық нысандар»
«Гималай тобына»
Географиялық нысандар: Гренландия, Канада, Скандинавия түбегі, Аустралия материгі, Гибралтар бұғазы, Жерорта теңізі, Атлант мұхиты, Мексика шығанағы, Каспий теңізі.
«Кордильера тобына»
Географиялық нысандар: Мадагаскар аралы, Жапония мемлекеті, Арабия түбегі, Антарктида материгі, Кариб теңізі, Ла-Манш бұғазы, Үнді мұхиты, Бенгал шығанағы, Байкал көлі.
4-кезең. «Географиялық пошта».
Әр топқа конвертке салынған әріп қиындылары беріледі. Сол әріптер бойынша географияға қатысты сөздер құрау және оның мағынасын айту. Қай топ ең көп сөз құраса сол топ көп балл жинайды.
5-кезең. «Экологиялық ой-толғау».
Егерде мен... деп аталады. Әр топ берілген тапсырма бойынша өз пікірлерін жазады.
«Гималай» тобына.
Егерде мен табиғатты қорғау министрі болсам...
«Кордильера» тобына.
Егерде мен Семей қаласының әкімі болсам...
Қорытынды:
Міне бүгінгі «Географиялық бәйге» сайысы да өз мәресіне келіп жетті. Сайыста өз білімдерімен ерекшеленіп көзге түсе білген жеңімпаз топты марапаттаймыз. Келесі білім бәйгесінде кездескенше сау болыңыздар!