Алдарыңа берілген парақты өз бастарының үстіне қойып, қасындағы көршісінің суретін бейнелейді.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1-тапсырма. «Білім ағашы»
Оқушылар бір-бірден шығып, «білім ағашындағы» сұрақтарға жауап береді.
2-тапсырма. Геодиктант
Көп нүктенің орнына сөз қою. 1. Материктегі.................. 75% - ы, ал жануарлардың... % - дайы тек қана Аустралияға тән. 2. ......... аралында ылғалды мәңгі жасыл ормандар басым. 3. Орманда биіктігі 1, 8 метрге жететін, ұшпайтын......... құсы мекендейді. 3-тапсырма.Төменде берілген нысандарды картадан көрсету. - Үлкен Тосқауыл Рифі - Косцюшко тауы - Виктория шөлі - Карпентария шығанағы - Сидней қаласы - Мельбурн қаласы - Эйр көлі 4-тапсырма. Сөзжұмбақ. 1. Муррейдің ірі саласы. Дарлинг 2. Ұшпайтын құс. Казуар 3. Ең биік нүктесі. Косцюшко. 4. Аустралияның эмблемасындағы құс. Түйеқұс 5. Кеуіп қалған өзен арналары. Крик 6. Жалқау, қалталы аю. Коала 7. Ұлттық парк. Улуру 8. Тасман аралындағы құс. Киви 9. Аустралияның эндемик ағашы. Акация
Қорытындылау.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Жоспар:
Мұхит аралдары
Табиғаты
Халқы мен елдері
1. Әңгіме-дәріс.
Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.
Тынық мұхитының орталық және оңтүстік-батысында шоғырланған аралдардың тобын «Мұхит аралдары» деп атайды. Бұл аралдардың саны 7 мыңнан асады, жалпы ауданы 1,3 млн км2 болады. Мұхит аралдары экватордың екі жағында, солтүстік жарты шардың субтропиктік белдеуі мен оңтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуі аралығын алып жатыр. Ірі аралдарына Жаңа Гвинея, Жаңа Зеландия, Гавай, Фиджи және т.б. аралдар жатады.
2. Бейнебаян көрсету.
3. Топтастыру.
Топтастыру арқылы Мұхиттық аралдардың халқын түсіндіру.
4. Кестемен жұмыс.
Кесте арқылы мұхиттық аралдардың пайда болу жолын түсіндіру.
Жанартаулық аралдар
Аралдардың басым көпшілігі осы жолмен пайда болған, ең ірісі-Гавай аралдары.
Геосинклиналдық аралдар
Екі литосфералық тақталардың жымдасу аймағында қалыптасқан, ең ірісі-Жаңа Зеландия аралдары.
Материктік аралдар
Жаңа Гвинея, Жаңа Каледония т.б.
Маржандық аралдар
Судың температурасы жыл бойы жоғары болатын екі тропиктік сызық аралығында басым.
5. Тірек-сызбамен жұмыс.
Тірек-сызба арқылы мұхит аралдарының тарихи-географиялық ерекшеліктеріне қарай бөлінуін түсіндіру.
Мұхит аралдары
Меланезия
(«Қара аралдар»)
Микронезия
(«Кіші аралдар»)
Полинезия
(«Көп аралдар»)
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Сұрақ-жауап.
Оқушыларға үлестірмелі карточкалар таратылады.
1. Мұхиттық аралдардың ерекшелігіне қарай бөлінуі?
2. Мұхиттық аралдардың пайда болуы?
3. Мұхиттық аралдардың табиғаты.
4. Мұхиттық аралдардың халқы мен елдері?
5. Мұхиттық аралдар елдерінің шаруашылығы?
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Үйге:§58. Мазмұндау, тақырып соңындағы сұрақтар мен тапсырмалар.
2) Ірі аралдар мен олардың топтарын кескін картаға белгілеңдер.