| Күні | 08.12.2016ж. |
| Сыныбы | 5 «А» |
| Пәні | Жаратылыстану |
| Сабақтың тақырыбы | Гидросфера-жердің су қабығы |
| Сабақтың мақсаты | Оқушыларға «гидросфера» туралы ұғымды қалыптастыру,табиғаттағы су түрлері,таралуы,су айналымы жөнінде түсінік |
| Дамытушылығы | Оқушыларға су тіршілік қайнар көзі екенін,танымдық қабілеттерін,ой өрістерін дамыту. |
| Тәрбиелілігі | Экологиялық тәрбие беру,суды қорғауға ,қастерлеуге тәрбиелеу |
| Білімділігі | Жердің су қабығы-гидросфера туралы толық мағлұмат беру,төмендегі сыныптарда өткенін толықтыра түсу |
| Сабақ түрі | Аралас |
| Қолданылатын әдіс- тәсілдер | Топтық жұмыс,БҮБ кестесі,постер қорғау,миға шабуыл,үш қадамды сұхбат. |
| Пәнаралық байланыс | Физика,экология,биология,география, тарих,әдебиет |
| Күтілетін нәтиже | Гидросфера құрамы ,судың қасиетін білу |
| Көрнекілігі | Интербелсенді тақта,тірек сызба,доп,дүниежүзінің физикалық картасы,плакаттар,суреттер,кескін парақшалары |
| Кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Ұйымдастыру кезеңі (3минут) | Сәлемдесу.Түгелдеу.Психологиялық дайындық,оқушыларды Тәуелсіздіктің символдары арқылы топқа бөлу,топ басшылары түрлі түсті қағазды таңдап топтың атын белгілейді | Оқу құралдарын дайындап ,назарларын сабаққа аудару |
| Үй тапсырмасын сұрау | Үш қадамды сұхбат арқылы, жабық тест бағалау | Картадан материктер мен аралдарды көрсетеді, бағалау парақшасына өздерін бағалайды |
| Жаңа сабақтың тақырыбын ашу | Өлең оқиды, бөлме гүліне сипаттама арқылы,балықтың суретін көрсету арқылы ашады.Күнді белгілеп тақырып жазамыз.Су туралы не білеміз деп төменгі сыныпта өткендерін есіне түсіріп,БҮБ кестенің І тармағын толтыруды ұсынады | Оқушылар өлеңнің мағынасы арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.Дәптерлеріне жаңа тақырыпты жазады. |
| Жаңа сабақ | Слаидтар арқылы,ауызша түсіндіреді,мәтінмен жұмыс | Назар аударады, мәтінді оқиды |
| «Шеңберлі ақпарат»(постермен жұмыс) | Топқа бөлген символдарды топтың атымен сәйкестендіріп жаңа тақырыпқа байланысты сөйлем құрау және постер қорғау | Тапсырмамен айналысу |
| «Сергіту сәті» | Өлең айтады | Орындарынан тұрып ,қимыл қозғалыста болады |
| Адасқан обьектілер | Интербелсенді тақтадан көрсетіледі, орысша ағылшынша атауын айтады | Оқушылар сәйкестендіреді |
| «Сандар сөйлейді» | Осы сандар нені білдіретінін тап? | Ойланып жауап жазады |
| БҮБ кестесі | ІІ тармағын (Үйрендім )толтыру және бағалау парақшасына бағалайды | Тарсырманы орындайды |
| Қорытынды | Сабақты қорытындылайды | Бағдаршам түсі арқылы жауап береді |
| Кері байланыс | Стикерге бүгінгі тапсырма жайлы ұғынғандарын өзенге саяхат жасайды | Тақтаға шығып іледі |
| Бағалау критериі | Бағалау парақшасын толтырып тапсыру | Өз-өзін бағалау |
| Үйге тапсырма | Гидросфера тақырыбын оқу. «Су»туралы синквэйн (өлең)құрастыру Кескін картамен жұмыс | §13 оқу |