Саба?ты? та?ырыбы: Гидросфераны? негізгі компоненттері
Саба?ты? ма?саты: О?ушылар?а д?ниеж?зілік м?хит б?ліктері туралы т?сініктерін ?алыптастырып,оларды картадан, глобустан таба білуге да?дыландыру ж?не оларды бір-бірімен салыстыру?а ?йрету;
О?ыту н?тижесі: Топты? ж?мыста белсенділік таныта алады.гидросфера туралы біледі. Сыни т?р?ыдан ?з ойларын еркін жеткізе алады. Жа?а а?паратты топ болып т?сінікті жеткізе біледі. Таным ?рекеті процесінде ?арым-?атынас шеберлігін орната алады
Просмотр содержимого документа
«Гидросфера тарауы »
Күні:11.12.14ж
Сынып: 5 «а» «ә»
Сабақтың тақырыбы: Гидросфераның негізгі компоненттері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дүниежүзілік мұхит бөліктері туралы түсініктерін қалыптастырып,оларды картадан, глобустан таба білуге дағдыландыру және оларды бір-бірімен салыстыруға үйрету;
Оқыту нәтижесі: Топтық жұмыста белсенділік таныта алады.гидросфера туралы біледі. Сыни тұрғыдан өз ойларын еркін жеткізе алады. Жаңа ақпаратты топ болып түсінікті жеткізе біледі. Таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігін орната алады
Сабақтағы әдіс-тәсілдер Диалогтік оқыту, АКТ, СТО:постер құру, бағалау
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. А) Сәлемдесу Ә) Түгелдеу Б) Сабаққа назар аудару 2. Үй тапсырмасын бағалау.
1. Ой шақыру :
Жерде қанша қабат бар оны кім атай алады? Судың тіршілік үшін маңызы қандай? Оқушылардың берген жауабы тыңдалып, толықтырылды.Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: « Гиросфераның негізгі компоненттері » тақырыбы айтылып мақсаты түсіндіріледі.Мұғалімнің сөзі: Дүниежүзілік мұхиттарға 4мұхит жатады, олар аумағы жағынан бір-бірінен айырмашылық жасайды.Ерекшеліктері: Тынық-ең үлкен, Атлант-балыққа бай, Үнді-оңтүстікте, СММ-ең суық және ең тұшы мұхит.Балалар сендер мұхит суын ішіп көрдіңдерме? Ендеше үйге барған соң 1литр суға 30-35гр тұз салып татып көріңдер,сонда сендер мұхит суының дәмін сезесіңдер.Ішуге жарамды суда 1гр артық тұз болмауы керек.
Мағынаны тану.
2. Интерактивті тақтаға тірек сөздер жазылады
1. Дүниежүзілік су айналым;
2. Табиғаттағы судың үш күйі;
3.Шығанақ; теңіз және көл және өзен;
Топтық жұмыс тапсырмасы
1топ: Табиғаттағы судың үш күйі;
2топ: Мұхиттар;
3топ: Өзендер;
4топ: Теңіздер мен көлдер;
Жеке жұмыс – мәтінді оқу §20-22 ( 6 мин.)
Жұппен жұмыс ( 2 мин.)
Топпен жұмыс ( 6 мин.)оқушылар берілген тапсырмалар бойынша өзара жұптасып талқыланғаннан кейін постерге салып бір оқушы қорғайды.
Дәптермен жұмыс: Сөйлемдегі бос орынға тиісті сөздерді қойып жазыңдар.
Жердің 1/3 бөлігін-------------мұхиты алып жатыр. Ол-----жағынан да ең үлкені.Бұл мұхиттағы температура-------------------.Мұхитта ең үлкен киттер өмір сүреді. Мұхит арқылы ------жолдары өтеді. Ауданы жағынан екінші орында----мұхиты. Оның үлесіне балықтың --------ауланады.Бұл ---------мұхитында теңіздер мен аралдар салыстырмалы түрде аз.Оңтүстігінде кит аулау шаруашылығы дамыған. Ең суық және суы тұшылауы------мұхиты. Суының тұздылығы -----%. Бұл мұхитқа ірі -------------------өзендері келіп құяды.
Дарынды оқушыларға тапсырма:
Қандай теңіздер екенін тапсаң, жетінші теңіз өзі табылады.