Мақсаттары: Қазақстан халқының республика бойынша шоғырлануы туралы көзқарастарын қалыптастыру, халықты аумақтық ұйымдастырудың маңызын, халықтың қала және ауыл халқы болып бөлінуін түсіндіру. Урбандалу, қала, агломерация, мегаполис ұғымдары туралы түсінік беру. Халықтың шекаралас аудандарға шоғырланып орналасуы туралы айту. Қазақстан халқы қоныстануының географиялық ерекшелігін карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ауыл халқы, халықтың тығыздығы және қоныстануы»
Күні: Сынып: 9 пән: география
Тақырыбы: Ауыл халқы,халықтың тығыздығы және қоныстануы.
Мақсаттары: Қазақстан халқының республика бойынша шоғырлануы туралы көзқарастарын қалыптастыру, халықты аумақтық ұйымдастырудың маңызын, халықтың қала және ауыл халқы болып бөлінуін түсіндіру. Урбандалу, қала, агломерация, мегаполис ұғымдары туралы түсінік беру. Халықтың шекаралас аудандарға шоғырланып орналасуы туралы айту. Қазақстан халқы қоныстануының географиялық ерекшелігін карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету.
Сабақ түрі: жаңа тақырып
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы, интерактвті тақта
Негізгі ұғымдар: халықты аумақтық ұйымдастыру, халықты орналастыру, халықтың қоныстану, қала халқы, ауыл халқы, урбандалу, қала, агломерация, мегаполис
Номенклатура: Қазақстан, Петропавл, Павлодар, Семей, Риддер, Көкшету, Ақтөбе, Орал, Түркістан, Тараз, Қарағанды, Астана, Алматы, Атырау
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңде-рі
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
1.Ұйымдасты-ру кезеңі(3 мин)
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
(10+1-2 мин)
Этнография ғылымы нені зерттейді?
Қазақстан халқының ұлттық құрамын қанша ұлт құрайды және оның негізгі құрамы?
Діни құрамын құрайтын негізгі діндер?
Тест жазып бір бірін тексереді.
3.Жаңа материалға көшу кезеңі
Қазақстанның халық саны қанша?
Ол республика аумағында біркелкі таралған ба?
Ең тығыз қоныстанған аймақ?
Ең сирек қоныстанған аймақ?
Қазақстанның саяси-әкімшілік бөлінісі қандай?
Қойылған сұрақтарға кезектесіп жауап береді.
4. Жаңа мате-риалды меңгеру кезеңі.
1. Халықты аумақтық ұйымдастырудың маңызын ашу: халықты орналастыру, халықтың қоныстану дегеніміз не екенін қысқаша түсіндіру, халықтың қала халқы, ауыл халқы болып бөлінетінін түсіндіру.