kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Аустралия материгінің географиялық орны.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Аустралия материгінің географиялық орны. 7 сыныпқа арналған сабақ үлгісі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Аустралия материгінің географиялық орны.»

Тақырыбы: Австралия материгінің географиялық орны.

Сабақтың мақсаты: 

Білімділігі: Аустралия материгінің географиялық орны туралы түсінік беру. Картамен жұмыс істеу шеберлігін арттыру .Өз бетімен оқуын ұйымдастыру .

2.Дамытушылығы: Білім ,білік дағдысын арттыру. Оқушылардың ойлау қабілетін,ғылыми көзқарастарын қалыптастырып,ізденушілікке баулып дүниетанымын дамыту.

3.Тәрбиелілігі: Қоршаған орта табиғатын аялауға, ұжымшылдыққа және бір-бірін сыйлауға  адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Өткен материалды бекіту, жаңа сабақты игеру.

Сабақ көрнекілігі:Дүние жүзінің физикалық картасы, саяси карта, атлас, кескін карта,оқулық, интерактивті тақта, плакаттар. 
Әдісі: деңгейлеп оқыту,СТО,Инсерт,Венн диаграммасы,сұрақ-жауап т.б. 
Ұйымдастыру. Сыныпты топқа бөлу. 
- сыныпты түгендеу.
- Көңіл-күйлерін анықтау.
Көңіл-күй парағы.
Көңіл-күйі -----------------түсі
Шаттанған күйде---------қызыл
Қуанышты----------------- көк
Жағымды----------------------- жасыл
Алаңдаулы---------------------сары
Мұңды---------------------------қара
Өткенді қайталау.
І бөлім Қызығушылықты ояту
"Өзіңе сен, өзіңді алып шығар білімің мен еңбегің"
І тапсырма 
"Бұл қай материк" ойыны. Тақтадағы төрт бұрышты қиықшадағы сұраққа жауап беру арқылы материкті құрастырамыз.
1.Африкадағы ең үлкен арал (Мадагаскар)
2. Африка млн Еуропаны бөліп тұрған бұғаз. (Гибралтар)
3. Африканың ең үлкен түбегі (Сомали)
4. Африкадағы ең терең көл (Танганика )
5. Жер шарындағы ең ұзын өзені (Ніл)
6. Ең таяз көлі. (Чад)
7. Африканың солтүстік - батысындағы тау. (Атлас)
8. Жер шарындағы ең үлкен шөл(Сахара)
9. Оңтүстік Африканың Атлант мұхиты жағалауындағы жағалық шөлі (Намиб)
10.Экваторды екі рет кесіп өтетін өзен (Конго)
12.Тропик аймағындағы құмды, құрағақ желі ( Самум)

ІІ бөлім Жаңа сабақ. 
Мұғалім:Оқушылар дүние жүзінде 6 материк бар екенін жақсы білесіңдер,жаңа ғана өздерің өткен материктерге қысқаша сипаттама бердіңдер,яғни әр материк өзіне тән қайталанбас табиғат жағдайларымен ерекшеленетінін айтып өттіңдер.Бүгін өтейін деп отырған материк «Үлкен жүректі кішкентай материк». Ол жақта бақтар қазан айында гүлдейді,өзендері сусыз ағады,кейбір жануарлар жұмыртқадан шығады.Сонымен қатар ,бұл материкте дүние жүзінің барлық елінен жиналған ұлт өкілдері  тату- тәтті өмір сүріп жатыр.Сонымен біздің бүгінгі өтейін деп отырған жаңа тақырыбымыз: Аустралия материгінің географиялық орны.

Сабағымыздың негізі ұстанымы : «Естідім-ұмыттым, көрдім –еске сақтаймын,жасадым-мәңгілік менікі»

1 бөлім «Менің білетін деректерім» деп аталады.

Сұрақ:Аустралия материгі туралы кім не біледі ?

Оқушы жауаптары :

Ең кішкентай материк.

Ең оңтүстікте орналасқан материк.

2000 жылы Аустралия материгіндегі Сидней қаласында өткен олимпиада ойындарында ,қазақтың біртуар ұлдарының бірі Б. Саттарханов алтын иеленді.

Бұл материкте қалталы жануарлар қөп. Соның бірі кенгуру. Оның баласы туғанда жаңғақтың үлкендігіндей ғана болады екен. Содан ол үлкен болғанша анасының қалтасында жүреді .

Бұл материкте өмір сүретін коала да ерекше жануар. Ол бейбіт сүйгіш аң. Ол еш ызылынбайды. Егер ренжісе алдыңғы аяғымен көзін басып «жылай салады». Бір зоопаркте мынадай қызық жағдай болған. Бір коаланың баласы өліп қалыпты. Ол қатты қайғырып екіші коаланың баласын ұрлауға әрекет жасаған. Ақыр соңында зоопарк директоры оған ойыншық аюдың баласын бергенде ғана тынышталған екен. Олар өте балажан, баласын қолына алып, тербетеді де.

Елтаңбасында Эму құсы мен кенгуру бейнеленген.

2 бөлім «Мен мұны білгенім жөн»

Бұл бөлімде тақырыпқа сай жаңа  мәліметтермен танысамыз.Ол үшін әдеттегіше төмендегіше жоспар бойынша жұмыс жасаймыз.

Жоспар :

  1. Материктің экваторға, бастапқы меридианға, тропик шеңберіне қатысты орны.

  2. Шеткі нүктелері, координатасын анықтау.

  3. Солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа км мен алғандағы қашықтығы.

4.Материктің мұхиттарға қатысты орны, жағалық сызығы.

Оқушылар физикалық картаның көмегімен жоспардағы №1,2,3,4 тапсырмаларды орындап анықтама береді.

Күтілетін жауап:

Материк түгелімен оңтүстік жарты шарда, түгелімен бастапқы меридианның шығысында орналасқан, оңтүстік тропик шеңбері оңтүстігінен кесіп өтеді.

Шеткі нүктелері:Солтүстік -Иорк-10 о.е;142 ш.б

 3. Батыстан шығысқа-

  1. а) 153°–113°= 40° 

 б) 100 км Х 40* = 4000 км;

2)  Солтүстіктен оңтүстікке-

а) 39°–10°=29°;

 б) 111 км Х 29* = 3219 км.

 4.  Материктің мұхиттарға қатысты орны, жағалық сызығы,теңіздерімен шығанақтарын анықтап, кескін картаға түсіреді.

5. Жер бедері:

Мұғалім: Оқушылар, казір сіздерге мәтін беремін және «Жер қыртысының құрылысы» картасын пайдалана отырып жер бедеріне сипаттама бересіңдер. Сонымен қатар Аустралия мен Африка жер бедерін салыстыра отырып оқып үйренесіңдер.

 Оқушыларға Аустралияның жер бедері жазылған шағын мәтін беріледі. Мәтінді  оқып,картадан тауып, төмендегі кестені толтырады :

 

Африка

Ұқсастығы

Аустралия

 

 

 

 

 Үлкен су айрық жотасы,Косцюшка тауы,жергілікті тұрғындар қасиетті санайтынАйерс-рок жартасы  атауларын түрткенде сілтемелер арқылы  видеоролик көрсетіледі .

3 бөлім: «Өзіңе сен,өзіңді алып шығар білімің мен еңбегің»

 Бүгінгі сабағымызды қорытындылауға арналған тапсырмалар мен сұрақтар беріледі .

1.Суреттер көрсетіледі, оқушылар қорытынды жасайды.

Ең кішкентай материк

Ең оңтүстіктегі материк

Ең жазық материк

Жануарлар дүниесі ерекше материк

Бір ғана мемлекет орналасқан материк

2. Кім жылдам? ойыны
В А Л П И Э К Т - Эвкалипт
Н С А А Н В А - Саванна
Е Г У К У Р Н - Кенгуру
О Ц К О С К Ш Ю - Косцюшко
Х Д А Е И Н - Ехидна
А Л А К О - Коала
Н О Г Д И - Динго
И В И К - Киви
М Э У – Эму

Сабақты қорытындылау:

Бекіту тесті. 
1.Жер шарындағы ең кіші материк 
А)Африка 
Ә)Еуропа 
Б)Аустралия 
В)Антрактида 
2.Аустралия материгінің жер көлемі 
А)7,6 млн км 
Ә)7,2 млн км 
Б)7 млн км 
В)9 млн км 
3.Эйр көлінің деңгейі 
А) 12 м 
Ә) 14 м 
Б) 8 м 
В) 10 м 
4.Аустралия одағының астанасы 
А)Сидней 
Ә)Марлен 
Б)Клаид 
В)Канберра 
5.Дүние жүзіндегі ең биік ағаш 
А) Баобаб 
Ә)Эвкалипт 
Б)Емен 
В)Папортник 
6.Аустралия сөзінің латыншадан аударғандағы мағынасы: 
А) Солтүстік 
Ә)Оңтүстік 
Б)Шығыс 
С)Құрғақ 


ІV Бағалау.


Рефлекция. «Бағдаршам»

Барлығын түсіндім - жасыл түс.

Түсінбеген жерлерім бар –сары түс.

Түсңнбедім – қызыл түс.

V. Үй тапсырмасы. Аустралия материк туралы қосымша материал дайындау және кескін картаға түсіру.

«Озерный негізгі мектебі» ММ






Ашық сабақ


Австралия материгінің географиялық орны.





География пәнінің мұғалімі: Толагай Г.







2016-2017 оқу жылы

































.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Аустралия материгінің географиялық орны.

Автор: Толагай Галя

Дата: 26.03.2017

Номер свидетельства: 403465

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Ашық сабақ Аустралияның физикалық – географиялық орны."
    ["seo_title"] => string(57) "ashyk_sabak_australiianyn_fizikalyk_ghieoghrafiialyk_orny"
    ["file_id"] => string(6) "414032"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494400297"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(134) "Та?ырыбы: Аустралияны? географиялы? орны.Жер бедері мен пайдалы ?азбалары."
    ["seo_title"] => string(74) "takyrybyaustraliianynghieoghrafiialykornyzhierbiedierimienpaidalykazbalary"
    ["file_id"] => string(6) "297052"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456137541"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "Аустралияның физикалық-географиялық орны"
    ["seo_title"] => string(45) "australiianyn_fizikalyk_ghieoghrafiialyk_orny"
    ["file_id"] => string(6) "461080"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1520565735"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Аустралияны? географиялы? орны,жер бедері.    7 сынып "
    ["seo_title"] => string(58) "australiianyn-ghieoghrafiialyk-orny-zhier-biedieri-7-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "136048"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1417020450"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Австралия материгінің географиялық орны"
    ["seo_title"] => string(46) "avstraliia_matierighinin_ghieoghrafiialyk_orny"
    ["file_id"] => string(6) "415738"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494911778"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства