Просмотр содержимого документа
«Атмосфераны? жалпы циркуляциясы »
Астана қаласы
№54 мектеп-лицейінің
география пәні мұғалімі
Бекболатова Багила Баймуратовна
Сабақтың тақырыбы: Атмосфераның жалпы циркуляциясы
Мақсаты: Оқушылардың бойына атмосфераның жалпы циркуляциясы және ауа массалары туралы ұғым қалыптастырып, оның маңызын ұғындыру.
Міндеті:
1.Ауа массаларының түрлерін, ерекшелігін, әсерін анықтайды
2. Ауа массаларының территория, маусым бойынша өзгеруін білетін болады.
3. Картамен жұмыс жасай отырып қорытынды жасай алады
Күтілетін нәтиже:
1.Атмосфералық циркуляция туралы мәтін бойынша ақпараттармен жұмыс істеп, ойларын жинақтайды 2.Географиялық құбылыстардың себептерін анықтауға үйренеді; 3.Мәтін негізінде анықтамалар мен ұғымдарды пысықтауға және оқулықпен оқу жұмысының қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс тәсілдері: Топтық жұмыс, Мәтінмен жұмыс, Ой шақыру, Сен маған, мен саған сұрақ-жауап.
Оқыту құралдары: Қазақстанның физикалық картасы, глобус,тест тапсырмалары. Бағалау: оқушылар бағалау парағын толтырады. Сабақтың барысы
І. Қызығушылықты ояту. (Ой шақыру) Мұғалімнің кіріспе сөзі: Оқушылар атмосфера үнемі қозғалыста болады, оны біз көре аламыз ба? Не арқылы көреміз? (жел)
Бүкіл жер шарындағы желдер неліктен болады? (қысым әркелкі болғандықтан)
Қысым неге әркелкі? (күннің түсу бұрышынан)
Жердің күнді 66,50 бұрыш жасап айналуынан екен. (глобус)
Ауа массалары нешеу (4)
Қай ауа массасы Қазақстанға әсер етпейді? Неліктен (7 с)
Бүгінгі сабағымыздың басты мақсаты – Қазақстанның климат қалыптастырушы факторлар туралы білімдеріңді тереңдетіп жүйелейсіздер т. б. Әр оқушы бағалау парағы арқылы өзін бағалайды. Әр топқа Қазақстанның ауа райын қалыптастыратын ауа массалары беріледі
Постер арқылы сипаттау
І топ. Арктикалық ауа массасы ІІ топ. Қоңыржай ауа массасы ІІІ топ. Тропиктік ауа массасы
II. Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс
Ауа массаларын сипаттауға арналған жоспар
1. Ауа массасының қалыптасу орны.
2.Ауа массасының өзіне тән қасиеттері.
3. Ауа массасының қай типі
4. Бағыты
5. Қандай ауа райын қалыптастырады?
6. Жыл мезгілдерінде пайда болатын құбылыстар
7. Қай мезгілде олардың әсері жоғары болады?
І топ. Арктикалық ауа массасы
1) Солтүстік мұзды мұхит пен жағалық теңіздерде қалыптасады
2).ауа мөлдір, құрғақ, t-төмен
3) континентті
4. С О
5. Антициклонды, суық, аязды
6. Көктемгі және күзгі үсіктер
7. Қыста және күзде
Трансформация ұғымын түсіндіру
ІІ топ. Қоңыржай ауа массасы
1) Атлант мұхит пен жағалық теңіздерде қалыптасады
2).ауа ылғалды, t-қыста жоғары, жазда төмен
3) теңіздік
4. Б Ш
5. Қоңыржай континентті
6. Қыста аязды борандар
7. жыл бойы
ІІІ топ. Тропиктік ауа массасы
1) Орталық Азия үстінде қалыптасады
2) ауа құрғақ, ыстық, қапырық
3) континентті
4. О С
5. Ыстық, құрғақ
6. Шаңды дауылдар, көктайғақ
7. Жазда
ІІІ. Ой толғаныс 1. Мен саған, сен маған ойыны
Әр топ өз тақырыптарынан келесі топқа сұрақтар қояды (3 сұрақтан)
2.кесте толтыру Дәптермен жұмыс
Қоңыржай ауа мас
Арк ауа мас
Троп ауа мас
Қыс
Жылы
Жауын-шашынды
Суық ,аяз
Жылы
Қар ериді
Жаз
Салқын
Жауын-шашынды
Суық
Үсік,
Ыстық
Шаңды дауыл
ІV. Бағалау: Оқушы бағалау парағы арқылы өзін бағалайды, мұғалімге хабарлайды
V. Үйге тапсырма: Досыма хат (эссе жазу) Тест құрастыру
Бағалау парақшасы
Оқушының аты-жөні _______________________________
Үй тапсырмасын орындауы Тест
10-9 сұр-10б
8-7 сұр-8б
6-4 сұр-5б
3-1 сұр-3б
Топтық жұмысқа араласуы
Ең жоғ-10б
орташа- 6б
төмен -3б
Берілген тақырыпты қорғауы
Ең жоғ-10б
орташа- 6б
төмен -3б
Мен саған, сен маған. Сұрақ-жауапқа қатысуы
3 сұр-10б
2 сұр-6б
1 сұр-3б
Топтық жұмыстың ережесін сақтауы (тыныштық сақтауы, берілген тапсырманы орындауы, дәптермен жұмыс жасауы) Ең жоғ-10б