kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Әр түрлі желдер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жел — ауаның жер бетіне қатысты көбінесе горизонталь бағытта қозғалуы; метеорологияның негізгі ұғымдарының бірі. Жалпы мәліметтер Жел атмосфера қабаттарында қысымның біркелкі таралмауынан пайда болады әрі жоғары қысымнан төменгі қысымға қарай бағытталады. Ауа қысымы уақыт пен кеңістікте тұрақты болмайтындықтан желдің жылдамдығы мен бағыты үнемі өзгеріп отырады. Желдің бағытын көкжиектің қай тұсынан соғуына байланысты анықтайды және оны градуспен немесе румбымен (16 румбылық жүйемен), ал жылдамдығын – м/с, км/сағ, узелмен немесе балмен (Бофорт шкаласы бойынша) өрнектейді. Биіктікке көтерілген сайын үйкеліс күшінің азаюына байланысты жел қуаты өзгереді, сонымен қатар ол градиенттердің өзгеруіне де тәуелді болады. Жел үлкен аумақты қамти отырып, көлемді ауа ағындарын (муссондар, пассаттар, т.б.) туғызады, осыдан жергілікті және жалпы атмосфералық айналым пайда болады. Қазақстанның барлық өңірінде (әсіресе, жазық жерлерде) күшті желдер жиі болып тұрады, оның максимумы қыс айларына (40 – 45 м/с) және көктем мен күзге (20 – 35 м/с) келеді. Өте күшті желдер Каспий жағалауы және биік тау асулары мен аңғарларында байқалады. Дүниежүзілік желдер жіктеліміне Қазақстан аумағында тұрақты соғатын 23 жел тіркелген. Оларды Қазақстан бойынша мынадай аймақтарға бөледі: ашық далада (Жосалы, Сілеті, т.б.); шөл және шөлейт, үлкен ашық су қоймалары төңірегінде (Каспий теңізі, Балқаш, Алакөл көлдері, т.б.); тау аңғарларында және тау аралық өңірлерде («Жетісу қақпасы», «Шілік аңғары», «Жаңғызтөбе», «Қордай», т.б.); орташа биіктіктегі таулар мен қырқаларда («Ерейментау», «Ұлытау», «Қарқаралы», «Мұғалжар», т.б.) соғатын желдер. Жел арзан электр энергиясын өндіру, құдықтан су тарту, диірмен айналдыру, егін суару, т.б. үшін пайдаланылады.[2]Жел Жел-ауаның горизонталь бағытта қозғалуы. Желдің пайда болуы-қысым айырмашылығына байланысты. Желдің бағытын өлшейтін құрал-флюгер жел бағар Желдің жылдамдығын өлшейтін құрал-анемометр Желдің күшін 12балмен есептейді. Жылдамдығы-1м\с Бриз-французша-жеңіл жел, тәулік ішінде соғатын жел, күндіз құрлықтан теңізге, түнде теңізден құрлыққа қарай соғады. Муссон-арабша-маусым, қыста құрлықтан теңізге қарай, жазда теңізден құрлыққа қарай соғады. Тұрақты желдер-Пассат, Батыс желдер. Пассат дегеніміз-тропиктік ендіктен экваторға қарай соғатын жел. Батыс желдері-оңтүстік тропиктен қоңыржай ендіктерге қарай соғады. Көгілдір отын-желдің энергиясы. Ауа райы дегеніміз-белгілі бір жердегі белгілі бір уақыттағы тропосфераның күйі. Ауа райын зерттейтін ғылым-метеорология Климат-ауа райының белгілі бір жерге тән көпжылдық режимі. Климаттың элементтеріне температура, жауын-шашын, қысым, жел т.б Алисов күн сәулесінің түсуіне байланысты жер бетін 13 климаттық белдеуге бөлді. 1. Негізгі климаттық белдеулер-7 2. Өтпелі климаттық белдеулер-6 Суб-таяу, маңы дегенді білдіреді. Экваторлық климаттық белдеу-температура мен жауын-шашын жыл бойы біркелкі таралатын жыл мезгілінің ауытқуы байқалмайтын климаттық белдеу. Температура-25 градус, жауын-шашын-2000-3000мм. Қоңыржай климаттық белдеу-жылдың 4 мезгілі айқын байқалады. Жылу белдеулерінің саны-5 Атмосфералық фронт-әр түрлі ауа массасының арасындағы өтпелі аймақ:2-ге бөлінеді:жылы және суық фронт. Атмосфералық радиация-күннің жылу мен жарығы.3-ке бөлінеді: 1.Тура 2.Шашыранды 3.Жиынтық Ауадағы су буы 2-ге бөлінеді: 1.Абсолюттік ылғалдылық-1м куб ауадағы су буының нақты граммен алынған мөлшері. 2.Салыстырмалы ылғалдылық-1м куб ауадағы су буының сол температураға қатынасы. Ылғалдылықты өлшейтін құрал-гигрометр. Изогиета-жауын-шашынның бірдей нүктелерін қосатын сызық. Ылғалдану коэфициенті-жауын-шашынның булануға қатынасы. Ы=Ж\Б 1-ге тең болса жеткілікті, 1-ге жетпесе жеткіліксіз Бұлт дегеніміз-ауадағы су тамшыларының шоғырлануы. Будақ бұлт-аппақ мақтаға ұқсас нөсер жауын жауады. Шарбы бұлт-майда тұз кристалдарынан тұрады, жауын-шашын әкеледі. Қатпарлы бұлт-ақ жауын жауады. Шық-атмосфераның жоғарғы қабатынан жер бетіне түсетін ылғал. Атмосфералық қысымның біркелкі таралмауынан және жоғары кысымның төменгі қысымға карай ағылуынан туындайды. Қысымның уақыт және кеңістік бойынша үздіксіз өзгеруінің салдарынан желдің жылдамдығы мен бағыты үнемі өзгеріп отырады. Желдің бағыты оның соққан жағы бойынша анықталады да, градуспен не румбпен (16 румбтық жүйе бойынша) анықталады; ал жылдамдығы м/с, км/с, түйін ігемесе (шамамен) Бофорт шкаласы бойынша балмен өлшенеді. Жел үлкен аумақтың үстінде өте кең ауа ағыстарын (муссондар мен пассаттарды) түзеді, олардан атмосфераның жалпы циркуляциясы мен жергілікті циркуляңиясы түзіледі. Жел жоғары карай үйкеліс күшінің азаюының салдарынан, сондай-ақ бар градиенттерінің өзгеруіне байланысты озгеріп отырады.[1] Жел және оның түрлері.[өңдеу] Атмосфералық қысымның айырмашылығы ауаның қозғалуына себепші болады. Ауаның ендік бағыттағы қозғалыстарын жел деп атайтынын білесіңдер. Жел жылдамдығы м/с-пен белгіленеді, оны елшейтін құралды анемометр деп атайды. Жел жылдамдығын 12 балдық арнайы Бофорт шкаласымен де аныктайды. Мұндағы 0 балл желсіз тымықты білдірсе, 12 балмен жылдамдығы 30 м/с-тан жоғары болатын апатты дауылдарды белгілейді. Жел жылдамдығымен қатар, оның бағытын да білудің маңызы зор. Жел бағытын оның соғып тұрған жағының бағытымен анықтайды. Осыған сәйкес, көкжиектің 8 негізгі бағытын (румб) ажыратады: солтүстік (С), солтүстік-шығыс (СШ), шығыс (Ш), оңтүстік-шығыс (ОШ), оңтүстік (О), оңтүстік-батыс (ОБ), батыс (Б), солтүстік-батыс (СБ). Кез келген аудандағы белгілі бір мерзім ішінде жел бағыттары мен қайталануын жел өрнегі деп аталатын сызба күйінде көрсетуге болады. Жел бағытын анықтайтын құралды флюгер деп атайтынын білесіндер (оның құрылысын естеріңе түсіріддер). Желдерді жергілікті желдер, атмосфераның жалпы циркуляциясына енетін желдер, жоғары және төмен қысымды орталықтардан соғатын желдер деп жалпы үш топқа бөледі. Жергілікті желдер қатарына бриздер, тау-аңғарлың желдер, фендер, боралар, сирокко, самум және т.б. жатады. Олардың кейбіреуімен сендер өткен 6—7-сыныптардағы география сабақтарынан танысасыңдар.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Әр түрлі желдер»

Тақырып:Желдер Дүние жүзінде өте көп желдердің түрлері бар.Мысалы:торнодо,Ебі,Қордай,Дауыл,Тау аңғарлық,Сайқан,Шілік,Муссон,Арыстанды-Қарабас,Мұғалжар және тағы да басқа желдер.соларға тоқталайық.

Тақырып:Желдер

Дүние жүзінде өте көп желдердің түрлері бар.Мысалы:торнодо,Ебі,Қордай,Дауыл,Тау аңғарлық,Сайқан,Шілік,Муссон,Арыстанды-Қарабас,Мұғалжар және тағы да басқа желдер.соларға тоқталайық.

Жел дегеніміз не?

Жел дегеніміз не?

  • Жел — ауаның жер бетіне қатысты көбінесе горизонталь бағытта қозғалуы; метеорологияның негізгі ұғымдарының бірі.
Тау аңғарлық жел

Тау аңғарлық жел

  • Тау аңғарлық жел-жазда соғатын,тәулік ішінде бағытын өзгертіп отыратын жел түрі.
  • Осы жел Жетісу қақпасы мен Іле аңғары сияқты жерлерде соғады.
Күшті жел

Күшті жел

  • Қазақстанда ең күшті желдер Жетісу қақпасымен соғатын және Каспий теңізінің шығыс жағалауында соғады.
  • Олардың орташа жылдамдығы 6-8 м/сек.
Дауыл

Дауыл

  • Жылдамдығы 15-20 м/сек-тан немесе сағатына 72 км/сағ-тан асатын қатты соққан желді дауыл деп атайды.
Ебі желі

Ебі желі

  • Ебі желі Жетісу Алатауының оңтүстік-шығысында Қытайда орналасқан Ебінұр көлі қазаншұңқырында,жоғарғы қысым пайда болғанда соғады.
  • Мұндай антициклонда шығыс желі тұрады да,Қазақстан аумағындағы Алакөл көліне қарай соғады.
  • Осы кезде төменгі қысым аймағы пайда болады.
  • Жетісу қақпасы-ені тар тектоникалық жарық,ені 20 км-ден 40 км болатын,ең тар жері-10 км шамасында.
  • Ебі желін алғаш рет сипаттап жазған қазақтың ғұлама ғалымы Шоқан Уәлиханов.
Сайқан желі

Сайқан желі

  • Сайқан желі Ебі желіне кері бағытта Жетісу қақпасы арқылы Орталық Азияға қарай соғып тұратын жел.
  • Алакөл үстінде жоғарғы қысым орнағанда,антициклон тұрақтап күшіне енген кезде,Сайқан желі солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай соғады.
  • Сайқан желінің жылдамдығы 50-60 м-сек.
  • Сайқан желі жауған қарды ұшыртады,топырақты құрғатады,мал басын шығынға ұшыратады,жол қатынасын қиындатады,балық аулауға зиянын тигізеді.
Шілік желі

Шілік желі

  • Шілік желі Шілік өзені бастау алатын мұздықтар өңіріндегі салқын ауаның Іле аңғарына қарай ығысуынан пайда болады.
  • Жел өзен аңғарын бойлап,күндіз солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа,түнде керісінше бағытта соғады.
  • Жылдамдығы 8-10 м/сек.
  • Қарды ұшырады,жол қатынасын қиындатады.
Арыстанды-Қарабас желі

Арыстанды-Қарабас желі

  • Бұл жел Қартау жотасының оңтүстік-батыс беткейіндегі Арыстанды өзенінің аңғарымен соғады.
  • Жел Мойынқұмның үстімен өткенде құм түйіршіктерін суырып,құмды қара бұрқасын тұрады,жолдың көріну қашықтығы азаяды.
  • Сондықтан бұл желді халық Қарабас желі деп атаған.
  • Арыстанды-Қарабас желі солтүстіктен үзбей соғып тұрады.
  • Желдің жылдамдығы 35 м/сек.
Қордай желі

Қордай желі

  • Қордай желі Жамбыл облысының оңтүстік-шығысындағы Жетіжол жотасы мен Кіндіктас тау аралығындағы Қордай асуының үстінен соғатын жел.
  • Қордай желінің жылдамдығы қыста 40 м/сек-қа жетеді.
  • Яғни Қордай желі антициклон орнаған кезде 40 м/сек болса осы жел сағатына 144 км-ге дейін жетеді.
  • Осы жел соғатын өңірлерде шамамен жылына 55 күн күшті жел соғады.
Мұғалжар желі

Мұғалжар желі

  • Мұғалжар желі Мұғалжар тауынан соғады.
  • Осы желдің әсері Маңғыстау,Атырау,Ақтөбе облыстарында байқалады.
  • Жылдамдығы 50 м/сек-қа дейін жетіп,қатты дауыл түрінде соғады.
Муссон желі

Муссон желі

  • Маусым ауысуы кезінде желдің басым бағыты 120 – 180º-қа өзгеріп тұрады.
  • Муссонның пайда болуының басты себебі — күрлық пен мүхиттың біркелкі ысымауы.
Бриз желі

Бриз желі

  • Бриз — теңіздердің, көлдердің жағасында тәулік ішінде өз бағытын карама-қарсы жаққа өзгертіп соғатын жел.
  • Күндізгі Бриз теңізден құрлыққа карай соқса, ал түнгі Бриз құрлықтан теңізге қарай соғады.
  • Бұл табиғи құбылыс негізінен жаз айларына тән.
Фен желі

Фен желі

  • Фен- таулардан аңғарға қарай соғатын қатты өкпек, жылы жел.
  • Ол ауаның тау жотасының қырқасынан асып, ық беткейіне төмен құлаған кезінде пайда болып, адиабатты жылынады.
  • Мұндай жағдайда температура мен ылғалдылық күрт өзгеріп, қардың еруі мен көшкін жүруін тездетеді.
  • Фен көбінесе тәулікке жуық соғады.
  • Ол барлық тау жүйелерінде, әсіресе Кавказ, Памир, Альпі тауларында байқалады.
Бора желі

Бора желі

  • Бора — теңіздің дәл жағасындағы аласа тау жотасынан қатты күшпен төмен соғатын суық жел.
  • Бора көбіне қысты күні соғады.
  • Бора Адриатикалық теңіздің жағасында, Новороссийск ауданында, Байқалда, Жаңа жерде, Прованста, Техаста тағы басқа жерлерде жиі байқалады.
Сирокко желі

Сирокко желі

  • Сирокко — Жерорта теңізінде, Сицилия аралы мен Апеннин түбегінің оңтүстігінде бірнеше сағат, кейде бірнеше төулік бойы үздіксіз соғып тұратын ыстық, құрғақ, күшті жел.
  • Ол Солтүстік Африка шолдерінен ауған құрғақ, ыстык ауаның әсерінен пайда болады.
  • Сицилия аралында сирокко жоғары температуралы, құрғақ болып келеді де, таулардың ықтасын беткейлерінің жағында фёнге айналып, бұрынғыдан да құрғай түседі.
  • Одан әрі теңіз үстімен өтуіне байланысты бұл жел солтүстік Италияға ылғалданған ауа әкеледі.
  • Сирокко әсерінен Сицилия мен Оңтүстік Апеннинде ауа кенет құрғап, шаңқыған ыстық түседі де, өсімдіктер қурап, адамдар көп азап шегеді.
Құйын

Құйын

  • Құйын – диаметрі ондаған метрден жүздеген, мыңдаған километрге дейін жететін қандай да бір ось бойынша жүретін ауаның айналмалы қозғалысы; ауаның жер бетінен топырақты, қарды немесе суды дөңгелете көтеріп, екпінді қозғалуы.
  • Ол көтерілген кезде жылжып бара жатқан биік бағанаға ұқсайды. Құйын 10 – 20 м/с жылдамдықпен жылжиды.
  • Ондағы дөңгелене ескен желдің жылдамдығы 50 – 100 м/с-қа жетеді.
Торнадо

Торнадо

  • Торнадо— найзағайлы бұлт астында, құрлық үстінде қалыптасатын өте күшті ұйтқи тез жылжитын ауа қабаты.
  • Торнадо диаметрі ондаған метрге жетеді.
  • Торнадо желінің жылдамдығы 50—100 м/с, ал талқандау жолағының ені жүздеген метрге жетуі мүмкін.
  • Ауа райы ыстық кезде атмосфераның тұрақсыз стратификациясы кезінде қалыптасады.
  • Торнадоның үлкендігі мен пішіні алуан түрлі болады.
  • Көбіне диаметрі жүздеген метр шұңқыр пішінді, жер беті жағында қоқыс бүлты бар болады.
  • Кейде торнадо жаңбыр немесе шаңнан метеорологтарға көрінбей қалуы мүмкін.
  • Бұл жағдай күтпегендіктен көптеген шығындар мен зардапқа соқтырады


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Әр түрлі желдер

Автор: Муханбетова Кабира Хисметовна

Дата: 11.05.2017

Номер свидетельства: 414545

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Атмосфералы? циркуляция "
    ["seo_title"] => string(28) "atmosfieralyk-tsirkuliatsiia"
    ["file_id"] => string(6) "237441"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1444314172"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Географиядан  саба? "
    ["seo_title"] => string(21) "gieoghrafiiadan-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "177463"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424664051"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(160) "С?улелік жылу алмасу. Жылу беруді? таби?атта?ы ж?не                             техникада?ы мысалдары."
    ["seo_title"] => string(83) "s-ulielik-zhylu-almasu-zhylu-bierudin-tabig-attag-y-zh-nie-tiekhnikadag-y-mysaldary"
    ["file_id"] => string(6) "301630"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456947740"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "?аза?станны? климат ?алыптастырушы факторлары "
    ["seo_title"] => string(49) "k-azak-stannyn-klimat-k-alyptastyrushy-faktorlary"
    ["file_id"] => string(6) "181753"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425392882"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(131) "Климаттық қалыптастырушы факторлар. Жер шарындағы климаттық белдеулер"
    ["seo_title"] => string(71) "klimattyk_kalyptastyrushy_faktorlar_zher_sharyndagy_klimattyk_beldeuler"
    ["file_id"] => string(6) "485365"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1542090206"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства