kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Африка материгіні? ішкі сулары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Африка материгіні? ішкі сулары сирек. Оны? ішінде е? ірісі- Ніл ?зені. Ніл- жер шарында?ы е? ?зын ?зен. ?зынды?ы-6671 км созылып жатыр. Шы?ыс Африка таулы ?стірінен бастау алып, Атлант м?хитына дейін созылып жатыр.

  1. Жер шарында?ы е? ?зын ?зен

А)  Амазонка             ?) Ніл                   Б) Конго (Заир)

2. Эфиопия таулы ?ыратынан а?ып шы?атын Нілді? бір саласы ?алай аталады?

А) К?к Ніл                   ?) Сары Ніл         Б) ?ызыл Ніл

3. Ніл ?зені ?андай ш?лді кесіп ?теді?

А)  Намиб ш?лін         ?) Атакама ш?лін   Б) Сахара ш?лін

4. Ніл ?зені ?айсы те?ізге ??яды?

А) Жерорта                 ?) Каспий                 Б) Кариб

5. Ніл ?зені ?ай жерден бастауын алады?

А) Шы?ыс Африка таулы ?стірті

?) Кап таулары

Б) Айда?ар таулары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Африка материгіні? ішкі сулары»


Тақырыбы:  Африканың өзендері мен көлдері

Өткізілген күні: 18.11.15

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Африка табиғатының ерекшеліктері туралы, білім дерін қалыптастыруды одан әрі жалғастыру. Африканың  өзендері Ніл, Конго (Заир), Замбези және  Виктория, Чад т.б.көлдер туралы білім беру.

Дамытушылық: Африканың өзендері Ніл, Конго (Заир), Замбези және Виктория, Чад, т. б. көлдерінің  орналасу нүктелерімен таныстырыпойлауға, дамытуға негізделген шығармашылық қиялын жүйелеу, визуалды түрде саяхат жасау қабілеттерін одан әрі дамыту. Түрлі карталарды салыстыру, өздігімен презентациялар жасау қабілеттерін шыңдау.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұжымдылыққа, өз бетімен жұмыс жасай білуге үйрету және әлем табиғатын үйрене келе, өз отанының табиғатын аялауға, сүюге, экологиялық біліммен біргелікте тәрбие беру.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ, бейне сабақ

Сабақтың әдісі:  сұрақ-жауап, баяндау

Құрал жабдықтары: Африканың физикалық картасы, атлас, кескін карта, слайдтар, интерактивті тақта, бейне таспадан көрсету.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.(3мин)

Сәлеметсіздерме балалар! Көңіл көтеру сәті, тілек тілеу. Топқа бөлу.(өзен,жұлдыз,күн)

2. Үй тапсырмасын тексеру.(6 мин)

Үй таспсырмасын  «сиқырлы тапсырмалар» ойынын өткізу арқылы тексеріледі. Оқушылар  сұрақтарға жауап беріп,  жауаптарын көрсету арқылы бекітеді.(географиялық диктант,сематикалық карта)

3. Топқа бөлу

Топ мүшелері жұмыстарды өзара бөліседі, ережемен танысады. Фараон тапсырмалары

Ой шақыру: ВИДИО(3.30)


4. Жаңа тақырыпты меңгеру.

Бүгінгі сабағымызда біз осы Африка материгіндегі бүкіл тіршілік атаулыға өмір сыйлап отырған өзендер және  көлдермен танысамыз. Материктегі өзендер жүйесінің неғұрлым жиі таралған жері – экватор маңы мен материктің оңтүстік –шығыс бөлігі. Жер бедерінің шығысқа қарай көтеріңкі болуына байланысты өзендердің басым көпшілігі Атлант мұхитына құяды. Материк ауданының 1/3-і ішкі тұйық алапқа жатады. Африканың шығыс бөлігіндегі өзендер Үнді мұхиты алабына жатады. Жер бедерінің көтеріңкі болуына және криссталды жыныстардың кең таралуына байланысты Африка өзендерінде шоңғалдар мен сарқырамалар көп кездеседі. Сондықтан өзен суларының гидроэнергетикалық қоры мол. Өзендердің барлығы дерлік жаңбыр суымен қоректенеді. Сондықтан экваторлық белдеу арқылы ағып өтетін өзендердің суы жыл бойы мол болады.

Мұғалім:  Міне біздің кеме өзеннің сағасына келіп тоқтады.  Әрбір топқа жұмыстар бөлініп, тапсырмалар беріледі.    

Мұғалім:(5мин) Ніл  өзені – Жер шарындағы ең ұзын өзен. Ұзындығы Кагера саласымен қосып есептегенде – 6671 км-ге тең.  Шығыс Африка таулы үстіртінен басталатын Кагера өзені Нілдің бастауы болып табылады. Ніл өзені Виктория және тағы да басқа көлдер арқылы ағып өтеді. Бірнеше салаларды қосып алып, жазыққа шыққан кезде Ақ  Ніл деп аталады.  Хартум қаласы маңында Көк Ніл өзенімен қосылып, Ніл деген ат алады.  Ніл өзені дүние жүзіндегі ең үлкен шөл – Сахара шөлін кесіп ағып өтеді. Бұл өзен жаңбыр көп жауатын экваторлық белдеуден басталады және ұзын болуына байланысты өн бойында әр түрлі климаттық белдеулерді кесіп өтеді. Эфиопия таулы қыратынан басталатын Көк Ніл жазда өзіменен мол су алып келеді де ол Ніл атырауына ыстық және құрғақ болып тұрған кезде жетеді. Сондықтан қапырық, құрғақ ыстық уақытта Сахара үстінен ағып жатқан Ніл суы кемудің орнына, керісінше тасиды. Мұнда халық өте тығыз орналасқан, себебі топырағы құнарлы болып келеді. Жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемі өзіне сай өзгешелігімен ерекшеленеді. Өзенде балықтардан әйгілі ніл алабұғасы,жолбарыс балық, жайын, лақа  сияқты балықтардың түрлері бар. Құстардың түрлері өте көп, аққұтан, көкқұтандар, бірқазандар, ләйлектер мекендейді.

Бұл жерде ежелден келе жатқан Мысыр өркениеті жақсы дамыған ғажайып ел бар екен. Оның ел басшысы Фараон «сендер осынау ғажап материкке саяхат жасау үшін менің шартымды орындауларың керек» дейді.

Ол шарт – бірнеше рифт-тосқауылдардан тұрады екен. Қане балалар біз тосқауылдарды  жеңіп, саяхатымызды жалғастырамыз ба? Жарайсыңдар!

Міне балалар фараон бізге 1-ші шартын немесе риф-тосқауылын жіберіпті.(2мин)

Балалар біз бұл тосқауылды  жұмыртқаның көмегімен шешеміз, тездетіп шешіңдер уақыт тығыз, фараон бізге өлшеп ауқыт берген. 10ұпай

(интерактивті тақтада 5 сұрақтан тұратын тест сұрақтары шығады)

  1. Жер шарындағы ең ұзын өзен

А)  Амазонка             Ә) Ніл                   Б) Конго (Заир)

2. Эфиопия таулы қыратынан ағып шығатын Нілдің бір саласы қалай аталады?

А) Көк Ніл                   Ә) Сары Ніл         Б) Қызыл Ніл

3. Ніл өзені қандай шөлді кесіп өтеді?

А)  Намиб шөлін         Ә) Атакама шөлін   Б) Сахара шөлін

4. Ніл өзені қайсы теңізге құяды?

А) Жерорта                 Ә) Каспий                 Б) Кариб

5. Ніл өзені қай жерден бастауын алады?

А) Шығыс Африка таулы үстірті

Ә) Кап таулары

Б) Айдаһар таулары

Топтан бірінші тапқан оқушы  тақтадағы картадан Ніл өзенін, бастау алатын Шығыс Африка таулы үстіртін, өзеннің құятын Жерорта теңізін  көрсетеді. (Оқушыға кемеше- житон беріледі).

Интерактивті тақтаданың  төменгі жағынан жауаптары ашылады.

Топтар бағаланып, ұпай (кемеше- житон) алады.

Топ басшылары ұпайларын өздеріне жазып отырады.

Ал балалар Ніл өзеніне саяхат жасадық қандай көрікті өзен екен, енді саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз.                                 

Мұғалім:(5мин)Виктория  — Шығыс Африкадағы ірі көл. Теңіз деңгейінен 1134 м биіктікте  Шығыс Африка платформасының тектоникалық бүгілген тұсында орналасқан. Бұл көл ауданы бойынша Африкадағы ең ірі көл және Жоғарғы Көлден кейін әлемдегі көлемі жөнінен екінші тұщы көл.  Виктория тропиктік көлдер арасында аса танымал.

Көлді 1858 жылы британ саяхатшысы Джон Хеннинг Спик ашқан және Ұлыбритания королевасы Викторияның құрметіне атаған болатын.

Су ауданы 68 мың. км², ұзындығы 320 км, ені 275 км. Виктория суқоймасының бір бөлігі болып табылады. Аралдары өте көп. Көлге Кагера өзені құйяды, Виктория-Ніл өзені ағып шығады. Көлде жергілікті тұрғындар балық аулаумен айналысады.

Викторияның солтүстік жағалауынан экватор сызығы кесіп өтеді. Көлдің максималды тереңдігі 80 м. Көлдің айналасында шамамен 30 миллиондай  адам мекен етеді. Көл суының орташа температурасы +22º С- тан төмендемейді, күшті желдердің соғуынан көл бетінде қатты  толқындар жиі болады.

Ал балалар біз сендермен келесі тосқауылға да келіп қалыппыз.

«Фараонның жасырын сұрағы» Уақыт шектелген, сол себепті жылдам шешу керек.

2 Фараонның жасырын сұрағы – «Африка жеріндегі ірі шөлдерді атап көрсетіндер?» (2мин)

Топтар бағаланып, ұпай (кемеше- житон) алады.6ұпай

Ал балалар Виктория көліне саяхат жасадық, көп нәрсені білдік, енді саяхатымызды жалғастырамыз.                    

Мұғалім:  (5мин)Конго (Заир) өзені -  суының молдығы жөнінен, су жинау алабының үлкендігі жөнінен Африкада  1 -ші орында, ал дүние жүзінде Амазонкадан кейінгі  2-ші орындағы өзен.   Конго өзені өзінің бастауын Ньяса мен Танганьика көлдерінің аралығындаіы биіктігі 1600 м-лік таулы үстірттен алады.  Конго экваторды 2 рет кесіп өтеді, сондықтан жыл бойы суы мол болады.  Өзеннің ұзындығы – 4700 км. Жоғарғы ағысында сатылы таулы үстірттерден ағыр өтетіндіктен көптеген сарқырамалар (Стэнли, Ливингстон т. б.) мен шоңғалдар түзіп ағады.  Өзен сағасындағы жылдық орташа ағын  46 мың м³/сек. Өзеннің  жіңішке эстуарий жасап құяр сағасында мангр ормандары орналасқан. Өзен балыққа өте бай, балықтардың мыңға жуық түрі мекендейді.  Жануарлардан – лемур, жабайы шошқалар, гориллаларды кездеструге болады.

Міне балалар кезектегі 3-ші тосқауылдың шартын жіберіпті. Фараон «адасқан сөздерді орнына қой» депті.(3мин)

Интерактивті тақтада  1-ші сөйлем шығады: 8ұпай                           

  1. Суының молдығы жағынан, су жинау алабының ауданы жағынан Конго (Заир) өзені  дүние жүзінде ………..  кейінгі екінші орында тұрады.   (Амазонкадан)

Бірінші тапқан бала  Амазонка өзенін тақтадағы картадан көрсетеді. Оған кемеше- житон беріледі.

  1. 2.      ……….. өзені экваторды 2 рет кесіп өтеді.                               (Конго (Заир)

Бірінші тапқан бала тақтадағы картадан Конго (Заир) өзенін көрсетеді. Оған кемеше –житон беріледі.

  1. Конго (Заир) өзені  ……….. мұхитына келіп құяды.

(Атлант мұхитына)

Бірінші тапқан бала тақтадағы картадан Атлант мұхитын, Конго өзенін,   көрсетеді.     Оған кемеше –житон беріледі.

  1. Атлант мұхитына құяр сағасында Конго (Заир) өзені  ……….. жасап құяды.

(эстуарий)

Балалар саяхат – күнделігіне  Конго (Заир) өзенінің ұзындығын, экваторды 2 рет кесіп өтетіндігін жазып қоямыз.

Ал енді балалар біздің алдымыздағы 4-ші тосқауыл соңғы әрі қиын тосқауыл, сондықтан біз барлығымыз қонақтармен бірге  тынығу- аялдамасын  жасап, сергітпе  сәтін ұйымдастырамыз.(1.40)

Балалар бірәз тынығып алдық, енді саяхатымызды жалғастырамыз.         

Мұғалім:  Замбези – Оңтүстік Африкадағы өзен.  Ұзындығы – 2660 км, су жинау алабы – 1 млн. 330 мың км², орташа жылдық су ағыны 16000 куб. км. Бастауын Конго –Замбези үстіртінен алады. Үнді мұхитының Мозамбик бұғазына құяды.  Замбези өзені көптеген шоңғалдар мен сарқырамалар жасап ағады. Солардың ішіндегі әлемге әйгілі Виктория сарқырамасы.

Сынып ішіне  «қара жәшік» келтіріледі.  Интерактивті тақтада сұрақ жазылып тұрады. Осы сұрақтың жауабы мына «қара жәшік» ішінде жасырынған.

Қай топ жылдам  сұраққа дұрыс жауап берсе «қара жәшік» ашылады да ондағы жауап  барлығына көрсетіледі.(4ұпай)

Ең бірінші жауабын дұрыс тапқан оқушыға  кемеше – житон беріледі.

«Қара жәшіктегі» Сұрақ:   (интерактивті тақтада)                     

Физиктер тілімен айтқанда -  жер шарындағы жалғыз нәрсе бір уақытта үш күйде бола алады.

Биологтар тілімен айтқанда – адам ағзасының 68%-ы осыдан тұрады.

«Қара жәшіктің» ішінде – ыдыста су бар.

Дұрыс жауап берген топқа  кемеше – житон беріледі.

7.   Қорытындылау

Сосын топбасшылары кемеше – жетондарды санап,  өзінің тобындағы саяхатшыларды бағалайды.

8.  Бағалау сәті:  Топ басшылары кемеше – жетондарын санап, санын айтады да, өз тобындағы  оқушыларды бағалайды.  Жеңімпаз топ анықталады.

Топ бағалаушылары топқа бағалау парақтарын таратып, бағалап болған соң жинап алады.

9. Рефлексия.  Балалар өздеріне сабақтың ұнаған, ұнамаған жақтарын стикерге түсіреді.

Үйге тапсырма:          

Оқушылар күнделіктеріңе жазып алыңдар.

§48 – оқу,  қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, материктегі Конго (Заир) өзеніне мәліметтер жинап жазып келіңдер, кескін картаға Африканың өзендерімен көлдерін түсіріп келу.









































ЖҰЛДЫЗ



ЖҰЛДЫЗ



ЖҰЛДЫЗ



ЖҰЛДЫЗ



ЖҰЛДЫЗ



ЖҰЛДЫЗ



күн



күн




күн



күн

Күн



Күн







ӨЗЕН



ӨЗЕН

ӨЗЕН

ӨЗЕН

ӨЗЕН

ӨЗЕН

ӨЗЕН

ӨЗЕН

ӨЗЕН























































2

2

















3



3



5

5




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Африка материгіні? ішкі сулары

Автор: Райханова Динара Серікбол?ызы

Дата: 28.03.2016

Номер свидетельства: 311336

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Африканы? ішкі сулары"
    ["seo_title"] => string(22) "afrikanyn-ishki-sulary"
    ["file_id"] => string(6) "326708"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463298342"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Африка материгін ?айталау."
    ["seo_title"] => string(28) "afrika-matierighin-k-aitalau"
    ["file_id"] => string(6) "306783"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458201170"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Саба?ты? та?ырыбы: "Африка материгін ?айталау" "
    ["seo_title"] => string(48) "sabak-tyn-tak-yryby-afrika-matierighin-k-aitalau"
    ["file_id"] => string(6) "203995"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429593459"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Ашы? саба?:" Африка материгі" "
    ["seo_title"] => string(29) "ashyk-sabak-afrika-matierighi"
    ["file_id"] => string(6) "203998"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429593835"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "Открыйтый урок на тему "Африканы? ішкі суы""
    ["seo_title"] => string(37) "otkryityiuroknatiemuafrikanynishkisuy"
    ["file_id"] => string(6) "319559"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460884068"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства