Просмотр содержимого документа
«Сайыс сабақ Ана тілің»
Сыныптан тыс жұмыс 7-сынып Сабақтың тақырыбы : « Ана тілің –тұғырың» Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өз тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, қазақ тілінде таза сөйлеуге, сөздің мағынасын түсінуге баулу. Ой-өрісін дамыта отырып, сөздік қорын және мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру. Еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекілік құралдар: Танымал ғалымдардың тіл туралы айтқан ойлары жазылған плакаттар, тіл туралы слайд, Қазақстан туралы бейнероликтер. 1-жүргізуші: Армысыздар, қымбатты қонақтар! Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар! Ана тілім, Жүрегісің анамның. Жүрек-ана, Мен өзіңнен жаралдым. Сағат сайын саулығыңды тілеймін, Сенсіз мынау керегі не ғаламның! Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем, Сен арқылы тіршілікпен тілдесем. 2-жүргізуші: Бүгін 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күніне орай өздеріңізбен қауышып отырмыз. Олай болса, мерекелік кешімізді бастайық! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады. 1-жүргізуші: Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны. 2-жүргізуші: Осыдан тура 25 жыл бұрын – 1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді. Осы кезде кешке қатысушылар «Елім менің» әнін орындайды. 1-жүргізуші: Тіл деген – алып мұхит түбі терең, Піспегі толқын шашқан күбі ерен. Қадірін тілдің сұра сақаулардан, Көзіне жас алып бір күбірлеген. Тіл деген – жарық жұлдыз аспандағы, Арманның қиял жетпес баспалдағы. Қадірін тілдің сұра мылқаулардан, Көлінен ұшпай қалған қасқалдағы. Тіл деген – адастырмас темірқазық, Өрісі магнитінің өмірге азық. 2-жүргізуші: Кешіміздің тізгінін көсемсөз шеберлеріне берейік! 4-оқушы. Мұхтар Шаханов. «Төрт ана». Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала. Әр адамда өз анасынан басқа Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада Болу керек құдіретті төрт ана: Туған жері-түп қазығы, айбыны, Туған тілі-сатылмайтын байлығы, Туған дәстүр, салт-санасы-тірегі Және туған тарихы, еске алуға қаншама Ауыр әрі қасиетті болса да. Төрт анаға әнін жолдай алмаған Пенделердің басы қайда қалмаған? Төрт анасын қорғамаған халықтың Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.
5-оқушы: «Қазақ тілі», Мағжан Жұмабаев Күш кеміді, айбынды ту құлады; Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады. Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде, Қан суынған, жүрек солғын соғады. Қыран құстың қос қанаты қырқылды, Күндей күшті, күркіреген ел тынды. Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ, Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды! Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың, Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың … Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың! Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен – тілім, Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім. Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім! 6-оқушы: Мұзафар Әлімбай Ана! - десем ана тілі ойға оралар. Баладай қуанарсың тойға барар. Тыңдасаң көне аңыздан көркем нақыл Олжам да қанжығама байлап алар. Тере білсек бір -бір ауыз қара өлең, Неше миллион інжу-маржан шамамен?! Қанша гүлден -қазақ тілі бақшасы, Қандай дана өлшер қандай бағамен?! Ерке тіл, еркелеткіш тілім кенім: Еркежан, айналайын, күнім менің, Ақ ботам, қоңыр қозым, алтын айым, Қанша рет жүрек толқып, сүйінгенің! Ана тілім ырысты ма, кұнды ма? Деп сұрамас, тегін білген сұңғыла. Туған тілде ас қайырған сайын да, Оқығандай серпіліп қал бір дұға. Шұлғытар орыс тілді Олжастарды, Жарқырат қазақ тілі алмастарын. Халқына олжа салған айта алады, Кім қосты сандығыңа мен қосқанды?! Жұпарлы қырда алуан гүлдер таптым, Өміршең өзіміздің тілден таптым. Тіл екен жемістісі, жұпарлысы, Аялап халық баққан гүл мен бақтың. 7-оқушы: «Тамырсыздану қаупінің тұжырымдамасы», Мұхтар Шаханов Жаһандану рухсыздығы өз жеңісін тойлауда. Содан қазір қаншама адам бейім былай ойлауға: “Мен қай тілде еркін сөйлеп, оқи алам, жаза алам, Білім, жұмыс, нан таба алам, сол тіл-менің өз анам” Бірақ қарсы тұжырым бар осы адасқан байламға: Біз жалқыны мойындамай, ұға алмаймыз жалпыны. Тіршілікте бір адамды шексіз сүю арқылы Адамзатты тану әрі сүюге жол табасың. Және әркім шын қадірлеу арқылы өз анасын, Ұғар оның сатылмайтын сезімінің бағасын. Өз ұлтыңның тілін, салтын, парқын сүю арқылы Күллі әлемдік биікке өрлеп, ардақтайсың жалпыны. Сан түрлі тіл меңгереміз, айдындап ой қарқыны. Ал ғаламдық ортақ тілсіз- Бірлік –гүлсіз, сенім –нұрсыз, Бірақ ана тіліңе оның түспеу керек салқыны. Бұл табиғи жолдан айну қырсық қаупін өсірер. Тарихың тұр санаңа өткел тастап, Өз тіліңе ойлау, сөйлеу тоқталған сәттен бастап Бүкіл баба рухымен Ұлттық, гендік-ақпараттық байланысың кесілер. Тағдырыңнан ата мұра шамын солай өшірер. Өз тіліңді жерсінбеудің, Өз анаңды менсінбедің Арсыздығы қай дәуірде болып еді тапқырлық? Ол –рухани мүгедектік әрі ұлттық сатқындық? Аз қайғы ма, талабыңды түсінігің алдаса?.. Мейлі он тіл, Тіпті жүз тіл меңгергенің далбаса Өз ұлтыңның тілі менен рухы Ой-санаңа іргетас боп қалмаса. Ән: «Анамның тілі» 8-оқушы: «Үйрен ана тіліңді», Оразақын Асқар Өз тіліңсіз көрсең де өз күніңді, Өз тіліңсіз болсаң да асқан білімді. Өз халқыңа бола алмайсың азамат, Білмей тұрып туған ана тіліңді. Әлде қалай жоғалтса ана баласын, Бала іздеп таппай ма өз анасын. Өгей шеше секілді өзге тіл де өгей, Өз тіліңмен ертерек тап жарасым. Сенде айып жоқ, тілің де емес кінәлі, Ешкімнің жоқ болса да оған күмәні. Үйренбесең, өз тіліңді білмесең. Жазықсыз-ақ жазғырып ел тұрады. Қаның жаның, қазақы ұлттық түрің бар, Сенен үлгі алар қызың, ұлың бар. Перзентісің еркін, азат халықтың, Тәуелсіз ел, мәртебелі тілің бар. 5-оқушы: «Бір досқа» Әдібай Табылды Өзге тілді білгенге, Білімді боп билейсің. Кергенменен құр кеуде, Өз тіліңді білмейсің. Төс қаққанмен күнде сен, Демес халқың «құлыным». Өз тіліңді білмесең, Неге керек білімің?! Ән: «Ананың тілі-аяулы үні» 1-жүргізуші: Қазір дүниеде 2796 түрлі тіл қолданылады. Қолданатын жан саны 50 миллионнан асады. Егер бұл тілдерді қолданатын жан санының аз-көптігіне қарай тізсек, реті мынандай болады: қытай тілі, һинді-ордо тілі, ағылшын тілі, испан тілі, итальян тілі. Бұл тілдер 65 мемлекетте мемлекеттік тіл ретінде қолданылады. Дүниежүзінде ресми тіл саны алтау: қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз тілі, араб тіл. 2-жүргізуші: Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген статусқа ие болған. 1989 жылы «Тіл туралы» Заң қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттердің қатарына кіргеніне қуаныштымыз. 1-жүргізуші: Көрермен қауымға тіл туралы қызықты деректерімізді бөлісіе кеткеніміз жөн сияқты. 2-жүргізуші: Ендеше, адамзат тарихындағы көп тілді меңгерген полиглот ғалымдар мен басқа да тіл туралы қызықты фактілерімізді естеріңізге сала жүріңіздер. 1-оқушы: Шығыс ғұламасы Әл-Фараби 70-ке жуық тілді меңгерген. 2-оқушы.Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген. 3-оқушы: А.С.Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. 4-оқушы.Көне еврей тілін зерттеген. Луначарский испан тілін 57 жасында үйренген екен. 5-оқушы: Профессор Құдайберген Жұбанов көп тіл білген кісі. Тіпті ана тілімізді салыстырмалы жүйемен үйренуге де, зерттеуге де себі бар деп жапон тілін де игерген. 6-оқушы.Кибернетика “атасы” деп есептелетін Норберт Винер 13 тілді зерттеген. 7-оқушы: Люксембург халқының түгелге жуығы төрт тілде еркін сөйлей алады, әсіресе, жастары. Ең бастысы, Люксембург балалары мектепке дейін төрт жастан бастап тегін ана тілінде, екінші сыныптан бастап француз тілінде оқиды. Ағылшын тілі алтыншы сыныптан басталады. 8-оқушы: Дүниедегі барлық аударма шығармалардың 33% ағылшын тілінен аударылса, 15 % – француз тілінен, ал 1% неміс тілінен аударылады. 1-жүргізуші: Олай болса, құрметті оқушылар, тілді үйрену ешқашан кеш емес. Ол үшін тек ниет пен еңбектену ғана қажет. 2-жүргізуші: Бүгінгі кеш көңілдеріңізді біраз серпілтіп, тың мағлұматтар берді деген үміттеміз. Ендігі кезекті биге береміз. 2-жүргізуші. Тілім менің-тірлігім, Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін? Тіл жайында үгіттейді кімде-кім? Тілім менің, тілім менің-тірлігім! Әрине, тілімзідің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қаперсіз болған емес.Бүгін де ана тілінің тағдырына алаңдайтын азаматтар баршылық.. Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ асайық.
1-оқушы: «Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам секілді».Ғ. Мұстафин. 2-оқушы: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқөының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.» Ғ. Мүсірепов.
3-оқушы: «Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу-мәдениетсіздік». М. Әуезов.
5-оқушы: Бұл дәуірде өз тілін,әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық интеллигент емес деуге болады. Себебі ол қандайлық мамандық білімі болса да рухани, ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады. Мұхтар Әуезов 6-оқушы.Тіліңді жоғалту,су қараңғы көзсіз қалғаныңнан да өткен қасірет. Жалау Мыңбаев 7-оқушы.«Тіл – әр халықтың кешегі жүріп өткен жолын, бүгінге жалғасқан ғұмырының ертеңге апарар мүддесін бейнелеуші,яғни бар тарихының куәгері, деректі көзі». Сәрсен Аманжолов 8-оқушы.“Ұлттың тілі — сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?” Мұхтар Әуезов 9-оқушы.Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл – қуатты тіл, қазақ тілі – сондай тіл. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1. Жүргізуші: Ана тілім-әрекетім азығы, Бар ғаламды танушылық қазығы, Ой-сананың өсуінің куәсі, Ғасырлардың кейінгіге өз үні. Көрініс: «Сөз қадірі»
Жүргізуші: Қазағым тіліңменен жана берші. Әуендетіп, әніме сала берші. Мәңгі даңқың түспесін-қазақ тілі. Көкейімде жатталып қала берші. Ән: «Қазағым». 1- Жүргізуші: «Тіл –ата-баба аманаты. Ғасырдан- ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан,бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың тілі ғой. Ендеше ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру-мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз.
2-жүргізуші: Уақыт бөліп, көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рақмет!
Тақырыбы: Тілім менің-ті 1989 жылы,22 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ тіліне «Мемлекеттік тіл» мәртебесі берілді. 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Ата Заңы қабылданды. Заңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл деп нақты атап көрсетілген. Б. Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасірет емес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Болашағымызды баянды етер қаруымыз-тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік. Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Тілім менің-тірлігімнің тірегі» атты мерекелік іс-шараны ашық деп жариялаймын! Тілім менің-тірлігім, Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін? Тіл жайында үгіттейді кімді Тілім менің, тілім менің-тірлігім! Әрине, тілімзідің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қаперсіз болған емес.Бүгін де ана тілінің тағдырына алаңдайтын азаматтар баршылық.. Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ асайық. 1-оқушы: «Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам секілді».Ғ. Мұстафин.
2-оқушы: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқөының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.» Ғ. Мүсірепов. 3-оқушы: «Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу-мәдениетсіздік». М. Әуезов. 4-оқушы: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту».Б. Момышұлы. 5-оқушы: Жарық көрмей, жатсаң да ұзақ, сен тілім, Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім. Тарап кеткен балаларыңды бауырына Ақ көңілмен тарта аларсың, сен тілім. Ән: «Анамның тілі» Жүргізуші : Тілім менің тірегім, дінім менің, Тілсіз қандай болады күнім менің. Өз халқыма жетеді өз мәнінде Өз тілімде оқылса жырым менің 6-оқушы: Мұхтар Шаханов. «Төрт ана». Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала. Әр адамда өз анасынан басқа Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада Болу керек құдіретті төрт ана: Туған жері-түп қазығы, айбыны, Туған тілі-сатылмайтын байлығы, Туған дәстүр, салт-санасы-тірегі Және туған тарихы, еске алуға қаншама Ауыр әрі қасиетті болса да. Төрт анаға әнін жолдай алмаған Пенделердің басы қайда қалмаған? Төрт анасын қорғамаған халықтың Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған. Жүргізуші: Қазағым тіліңменен жана берші. Әуендетіп, әніме сала берші. Мәңгі даңқың түспесін-қазақ тілі. Көкейімде жатталып қала берші. Ән: «Қазағым». Жүргізуші: Тіл! Тіл-құрал! әсіресе, егер ол өз ана тілін немесе туған тілің болса. әрбір ұлттың өзінің ұлттық тілі болады. Сол ұлттық тілді әрбір адам қорғай білуі қажет. Сол сияқты ұлттық тілді қорғау-біздің міндетіміз. 7-оқушы: Ана тілім-тірлігімнің тірегі, Тілмен ғана кірер адам реңі. Тілсіз қоғам-өлі мынау дүние, Түсініксіз тылсымменен бір еді. Ана тілім-әрекетім азығы, Бар ғаламды танушылық қазығы, Ой-сананың өсуінің куәсі, Ғасырлардың кейінгіге өз үні. Жүргізуші: Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім, Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені Болашағым, бақытым, дара тілім. Ән: Абайдың әні: «Сегізаяқ». Жүргізуші: «Тіл –ата-баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан,бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың тілі ғой. Ендеше ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру-мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз. О, адамдар, қадіріне жетіңдер! Ана тілің-анаң. Сыйлап өтіңдер! Туған тілін танымаған көрсоқыр, Болып өтер ертең мәңгі өкінер. Ән: «Ана тілін сүйеміз» Қорытындылау.
Мемлекеттік тіл- Менің тілім! тәрбие сағаты Шалқар аудандық көркемсурет лицейінің сурет және өнер тарих пәнінің мұғалімі Төлеубаев Даулетжан Бақытжанұлы Тақырыбы: «Мемлкеттік тіл- Менің тілім!» Мақсаты: оқушыларға мемлекттік тілдің өркендеп,оянуына,мемлекеттік тілімізді сүюге,мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіңдік ерекшеліктері,салт-дәсүрі, діні, тілі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін сөйлеуге баулу. Жүргізілу барысы: 1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, қонақтар! Тілдер мерекесіне арналған мерекелік бағдарламамызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз. Мемлекетіміз тәуелсіздік, ана тіліміз мемлекеттік мәртебе алып, көптен күткен арманымыз орындалады. 2-жүргізуші: Ия, әр ұлттың өзіндік ерекшіліктері, салт -дәстүрлері, тіл ерекшілігі болады. Біздің ұлттық тәрбиеміз ананың сүті, ананың әлдиі, ананың тілінен бастау алады. Оқушы: Тілім менің! Тілім үшін мың өліп, тірілді елім, Аралыммен, арымен қатар қойып, Тілді қорғау- парызым бүгін менің. Оқушы:Әрбір тілде сөйле әлемде таң қылып, Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық, Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда, Қазақ тілі жасау керек мәңгілік. Оқушы: Қазақ тілің – Атаң,Анаң, Қуат алар Отан да одан. Дүниеде ешбір асыл Тең келмейді қатар оған. Оқушы: Қуан далам!Қуанатын күн бүгін! Серпіп таста,мұңды жүрек түндігін! Тіл туралы Заңым енді күшінде, Паш еткендей кескен жаңа кіндігін! Оқушы: Қуан бабам!Қуанатын күн бүгін! Халық жауы атандың-ау сол үшін, Ғұмырыңды құрбан етіп жолында ар. Оқушы: Қуан анам!Ұстазыңнан сүйініп, Сәтіңде көп кеткен кейде түңіліп. Ақ сүтіңмен бойға біткен тіліңді Пір тұтамын мен алдыңда иіліп. Оқушы:Қуан балам!Туған тілдің киесі Жебер сені болғаныңа иесі. Тек мұнымен бітпейтінін ұғып өс, Дүниеде тіршіліктің күресі. Оқушы: Қуан халқым!Күшіне енді тіл заңы, Сүйінші деп ақын ұлың жырлады Ел елдігі бағаланар тілімен, Сол арқылы құлпырады, гүл бағы. 1-жүргізуші: Туып өскен Торғайдың даласында Қайран елі-қазағы санасында, Тілі үшін жазықсыз жапа шеккен Арысың кім, ойланбай табасың ба? Оқушылар: 2-жүгізуші: Елім деп,тек алып соққан жүрегі Ахметтей ағасына іні еді. Қазақ тілін терең зерттеп, танытқан. Ғұламаның есімін кім біледі? Оқушылар: 1-жүргізуші: Қазақ халқының салт-дәстүрінен хабар беретін кішкене сахналық көрінісімізді назарларыңызға ұсынамыз. Ол- «Бата беру» рәсімі. 2-жүргізуші: Халқымызда батаны әдетте жасы үлкен, көпті көрген ақсақал қариялар береді.Ақсақалдың бойжеткен қыз бен балалы келіншекке бата беру сәтін тамашалаймыз. Бата беру. Қатысушылар: Ақсақал - Қария - Бойжеткен - Балалы келіншек - Күйеуі – Бірінші көрініс –алыс жолдан шаршап келген қарияға алдынан сусын ұсынған бойжеткенге берген батасы: Талдай бой берсін, Жақсы ой берсін, Қардай жанар берсін! Анаға шуақ болсын, Ағаға қуат болсын. Нәзік жаны болсын, Елінің ары болсын. Басыңа өнердің бағы қонсын, Ар Орданың шамы болсын! Әумин! Келесі көрініс – жас балалы келіншек ауыл ақсақалынан нәрестеге бата сұрай келеді. Келіншек: - Армысыз, ата! Мына нәрестеге бата сұрай келдік. Ақсақал: Қолыңды жай,балам! Нәрестенің бауы берік болсын, Азамат болып ер жетсін, Ақсақал болып төрлетсін, Мінері болсын салмақты Өнері болсын жан-жақты Осы айтқанның бәрі кеп, Алла берсін зор бақты! Әумин!
« Ана тілім – бақытым » Оқушы: Ана тілім, дана тілім – бақытым Қазақ тілін білу менің парызым. Тілім менің ұмытылмас тірлігім, Кім біледі тіліміздің тағдырын. Оқушы: Алаңдатты тіл тағдыры бүгінде, Сен болмасан болар ертең күнім не? Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен Қазақ болып қалу үшін түбінде. Оқушы: Қазақ тілім бас иемін мен саған Тілге деген болу керек кең талғам. Мемлекеттік тілімізді сыйласақ, Қазақ тілі біздер үшін жаралған. Оқушы: Тіліміздің тарихы бар қол жетпес, Айтсаң оның тарихына сөз жетпес. Өткеніне тіліміздің көз жүгіртсек, Тіліміздің тарихы бар сан жетпес. Тіл деген қасиетті ұғым екен, Қазақ тілі жырлайтұғын жырым екен, Ұмытпайық тілімізді ешқашан. Қасиетін сақтайтұғын сырым екен. Тілім саған әрқашан да бас иемін, Бар ғой сенің бойында қасиетің, Тіліміз деп әрқашан мақтан тұтқан, Ұмытпайық бабалардың өсиетін. Оқушы: Мәртебесі тіліміздің биік екен Қазағыма қазақ тіл боп енген екен. Тілімізді ұмытпайық әрқашан Қазақ тіл боп мәңгілікке қалған екен. Мақал – мәтелдер сайысы: 1-топқа 1.Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады). 2.Дәлелсіз сөз ... (желмен тең). 3.Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады). 4.Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді). 5.Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ). 6.Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі ілім біл). 7.Шебердің қолы ортақ, ...(шешеннің қолы ортақ). 2-топқа 1.Бал тамған тілден ... (у тамған). 2.Тауды,тасты жел бұзар, ...(адамзатты сөз бұзар). 3.Жақсы сөз ... (жарым ырыс). 4.Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер). 5.Тіл қылыштан ...(өткір). 6.Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ...(ой өсіреді). 7.Жыланның уы тісінде, адамның уы ...(тілінде). Қорытынды: Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.