kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері айқындалып, көрсетілген баяндама.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері»



Шығыс Қазақстан облысы

Глубокое ауданы

«Опытное поле орта мектебі» КММ









ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕСКЕ әзірленген

БАЯНДАМА

«ЖАҢАРТЫЛҒАН

БІЛІМ МАЗМҰНЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»





















Баяндама әзірлеген:

Г.Ж.Ахметова

2017-2018 оқу жылы









Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері

«Білімді болу деген сөздің мағынасы-

белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу»

Әл Фараби

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, тез өзгеріп жатқан әлемнің жағдайында зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру» деп атап көрсеткендей бүгінгі таңда білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді талап етеді. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру - оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.

Елбасы Н.Ә Назарбаев жылдар бойы білім және ғылым саласына ұдайы көңіл бөліп келеді. Биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында да бұл мәселе назардан тыс қалған жоқ. «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз - білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын оқушылардың сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет»,-деген жолдар - соның дәлелі.

Бүгінгі  таңда  елімізде  білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Елбасы  Н.Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», - деген болатын.  Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі   білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екені түсінікті.

Жаңартылған білім бағдарламасының ең бірінші ерекшелігі пән мазмұнының спиральді берілуі. Спиральділік қағидаты бойынша құрылған білім беру бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Брунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:

  • оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды, мұнда тақырыптар әртүрлі деңгейде қайталанады, кейде бір тоқсан аясында, кейде әр тоқсан сайын;

  • әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі, мұнда тақырыптар әрбір келесі деңгейде алдыңғыға қарағағанда анағұрлым күрделі әрі тереңдетіліп оқылуы тиіс;

  • жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады, мұнда деңгей жоғарылаған сайын, тақырыптың күрделілігі артып отыруы керек.








Екінші ерекшелігі Блум таксономиясының оқу мақсаттарының иерархиясы. Оқу үдерісінде білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау сатыларында оқушылар іс-әрекет етеді.

Білу

Нақты іс-әрекетті іске асыру

Түсіну

Іс-әрекеттің мазмұнын сипаттау

Қолдану

Алған білімін күнделікті өмірде қолдана, іске асыра білу

Анализ

Әрекетті екінші әрекетпен салыстыру

Синтез

Салыстырған әрекеттің жақсы-жаман жақтарын салыстыру.

Бағалау

Сарапталған бүтін дүниеге баға беру. Өз көзқарасын, пікірін айта білу

  

Үшінші ерекшелігі ортақ тақырыптардың меңгерілуі. 5-7 сыныптарда қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша ортақ тақырыптардың болуы.

Ортақ тақырыптар



Қазақ тілі пәні Орыс тілі пәні Ағылшын тілі пәні

Төртінші ерекшелігі оқу мазмұнының ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарларының құрылып, құрылған жоспарлардың жүйелі іске асуы.

Ұзақ мерзімді жоспарлау

·         Оқу бағдарламасы

·         Пәннің мазмұны

Орта мерзімді жоспарлау

·         Жұмыс сызбасы

·         Тізбектелген сабақтар

Қысқа мерзімді жоспарлау

·         Жеке, дербес сабақ 

 

Бесінші ерекшелігі оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушы бойында адамгершілік-рухани қасиеттерді қалыптастыру керек.

Оқушылардың бойында қалыптастыруды қажет ететін рухани құндылықтар мен дағдылар:

Рухани құндылықтар

Дағдылар

• шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

• сын тұрғысынан ойлау;

• қарым-қатынас жасау қабілеті;

• білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті;

• өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;

• проблемаларды шешу қабілеті;

• жауапкершілік;

• ғылыми-зерттеу дағдылары;

• денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;

• қарым-қатынас дағдылары (тілдік дағдыларды қоса алғанда);

• өмір бойы оқуға дайын болу.

• жеке және топпен жұмыс істе


·         Акт саласындағы дағдылар

Алтыншы ерекшелігі - Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылыпотыр. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын

мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Еліміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев қазақстандық мұғалімдердің кәсіби даму саласындағы жаңа көзқарасы олардың педагогикалық өміріндегі қосымша оң өзгерістер енгізуге мүмкіндік беруде. Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары,

қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Бүгінгі білім беруде оқушыны білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре отырып, мұғалім-шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін айқындайды. Қазіргі кезде оған жететін жаңа педагогикалық технологиялар  да баршылық.

Соның бірі - критериалды бағалау жолдары.

Критериалды бағалау - бұл  білім  берудің мақсаты мен мазмұнына  негізделген  оқушының 

оқу- танымдық  құзырлығын қалыптастыруда  алдын-ала  белгіленген   жетістіктермен

салыстыру үрдісі.

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:                                     

Мектепте оқыту сапасын жоғарылату

Мектеп  бітірушілердің білімін  халықаралық стандартқа сәйкестендіру.      

Білім сапасын бағалау жүйесінде жаңарту мәселесі:

-Бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы;

- Оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан қайшылықтар;

- Әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі







Критериалды  бағалаудың басты  ерекшелігі:

алдын-ала ұсынылған бағалау шәкілі;

 анық, айқындылығы;

 бағаның әділдігі;

 өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі

Критериалды бағалаудың функциялары:

-Ынталандыру;

-Белсенділік;

-Түзету;

-Дамытушы

Жетінші ерекшелігі оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұсыным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысуы). Белсенді оқу — оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін түсіндіреді. Сыныпта қолданылатын бұндай тәсілдерге топтық жұмыс (Brodie, 2000), ойын «баламалары» (Bergen, 2002) және пән бойынша белгілі тақырыптағы ойындар кіреді (Peters, 1998). Бастауыш сыныптарда ойын шынайы өмірдің белгілі бір аспектілерін модельдеу және зерттеу үшін ұсынылған мүмкіндік болып табылады. Домино және карта сияқты дәстүрлі ойындар математика сабақтарындағы кездейсоқтық пен ықтималдық мәселесін қарастыруда оңтайлы болмақ. Шарада, тақтада сөздерді біріктіру немесе сөздерді жіктеу сияқты ойындар – тіл үйренуді қамтамасыз етудің және оны көрсетудің бірден-бір қызықты әрі тартымды тәсілдерінің бірі. Көптеген стратегиялық ойындарды (мысалы, «Алға» («Go») деп аталатын ежелгі қытай ойыны) тұрғындар мен қоғамның өсуін модельдеу үшін пайдалануға болады. 

Қорыта келе, мен, баяндаманы ақын Міржақып Дулатовтың  «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі — тұман» деген сөздерімен аяқтағым келіп отыр. ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жалпыеуропалық стандартқа сай  жаңа білім беру  -  жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері

Автор: Ахметова Гульнара Жумабековна

Дата: 30.05.2018

Номер свидетельства: 471623

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "«Жаңартылған білім беру мазмұны »"
    ["seo_title"] => string(35) "zhan_artylg_an_bilim_bieru_mazmu_ny"
    ["file_id"] => string(6) "472494"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1528347460"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Жаңартылған оқу бағдарламасы: ізденіс пен тәжірибе"
    ["seo_title"] => string(51) "zhanartylgan_oku_bagdarlamasy_izdenis_pen_t_zhiribe"
    ["file_id"] => string(6) "577795"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1617979365"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(130) "Баяндама жаңартылған білім негізінде оқушыларды шығармашылыққа баулу"
    ["seo_title"] => string(80) "baiandama_zhan_artylg_an_bilim_nieghizindie_ok_ushylardy_shyg_armashylyk_k_a_bau"
    ["file_id"] => string(6) "362330"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1480009171"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(117) "Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер"
    ["seo_title"] => string(64) "zhanartylgan_bilim_mazmuny_boiynsha_okytudagy_zhana_dis_t_silder"
    ["file_id"] => string(6) "548425"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1588220981"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(173) "Жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыру жағдайында білім сапасын арттырудағы үлесі үшін"
    ["seo_title"] => string(80) "zhan_artylg_an_bilim_bieru_mazmu_nyn_zhuzieghie_asyru_zhag_daiynda_bilim_sapasyn"
    ["file_id"] => string(6) "437582"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1510110292"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства