kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жаңа педагогикалық технологиялар

Нажмите, чтобы узнать подробности

        Өздеріңізге белгілі қазіргі уақытта педогогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған  жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы қуантарлық жағдай. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жаңа педагогикалық технологиялар»







































МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК

ЖӘНЕ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ









Тақырыбы: «Педагогикалық технологиялар мен қазіргі жаңа талаптар»

Құрастырған: Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық орта мектеп – гимназиясының жоғары санатты, география пәнінің мұғалімі Зейнепов Марат


















Ақтау – 2016 жыл

Пікір

Шағын кітапшада модульдік оқыту технологиясының өңделген нұсқасы беріліп отыр, ол орта мектептер, гимназия, лицейлерде жұмыс істейтін ұстаздарға, оқитын оқушыларға оқу- тәрбие үдерісінде дамыту туралы психологиялық және педогогикалық ғылымдардың жаңа мәліметтеріне негізделіп жазылған.

Кітапша әртүрлі үлгідегі мектеп мұғалімдеріне, білім қызметкерлеріне , оқытудың заманауи қазіргі теориясы мен тәжірибесінің дамуына көңіл бөліп , қызыға қадағалап жүрген көпшілік оқырмандарға арналған және оқу құралы ретінде пайдалануға болады.











Алғы сөз

Өздеріңізге белгілі қазіргі уақытта педогогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы қуантарлық жағдай.

Білім стандартының талаптарына сай қарапайым білім мен түсінік деңгейіндегі тапсырмалар шығармашылық және ізденушілік сипаттағы тапсырмаларды орындауға үйренуге талпыныс жасайтын әртүрлі бағыттағы ұстаздарға кішкенеде болса , өз септігін тигізіп , негізгі бағыттарын айқындауға бағдар береді деп ұсынып отырмын.

Әйтсе де , бүгінгі қоғам талабы , болашақ заман қажеттілігі жас ұрпақтың өмірге бейімделіп , сапалы білім алуын қамтамасыз ету ұстаздар қолында.




















Педогогикалық жаңа технологиялар мен қазіргі жаңа талаптар

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

«Еліміздің ертең ібүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында»деген сөз мұғалімнің бүгінгі уақыт талабына жан – жақты білімін көтеруіне, шығармашылықпен ізденуіне түрткі болды. .Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов «Білім біліктіліке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы» десе, халық даналығы «Қыран түлегіне қайырылмас қанат сыйлайды, ұстаз түлегіне алға бастар талап сыйлайды» деп бекер айтылмаса керек. Жасұрпақ болашағының жарқын болуын шын тілегімен ұстаз – ол шығармашылық мамандығын сүйетін, өз пәнін жетік білетін адам. Сабақ – ұстаздың көп ізденуінен, көп еңбектенуінен туатын педагогикалық шығарма. Ал осы «шығарманы» алдында отырған оқушыға игерту де оңай шаруа емес. О үшін мұғалімнің біліктілігі, іскерлігі, көптеген әдіс – тәсілдерді қолдана білуі, айтқанын оқушы жүрегіне жеткізе алатындай шешендігі, шебер ой – өрнегі болуы керек. Сабақ үстінде небір күрделі қиындықтар, оқыс әрекеттер кездеседі. Шебер ұстаз соның бәріне төтеп беріп, ешқандай әрекетке жол бермей сабақ үрдісін түрлендіріп отырады. Бүгінгі таңда озат - ғалымдар, тәжірибелі мұғалімдер ойлап тапқан сабақты түрлендіре өткізудің неше түрлі жаңа әдіс – тәсілдері жеткілікті. «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деген Н.Ә. Назарбаев.

Жолдауынан ұлттық бәсекелестікке қабілетті ұрпақтың білім деңгейімен анықталатын, әлем кеңістігіне көтерілу үшін мектеп табалдырығынан сапалы да, саналы білім беру болып табылады.

XXІ ғасырдың іскер азаматы – бәсекеге қабілетті, ой – өрісі кең, жан – дүниесі бай, адамдармен дұрыс қарым – қатынас жасайалатын, басқаның пікірімен санасатын, кез- келген мәселеде істен шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда өз орны бар, іскер, жеке тұлға деп білуіміз керек.

Білім беру реформасы табысының басты өлшемі де тиісті білім мен білік алған еліміздің кез-келген азаматы әлемнің кез- келген елінде жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі қажет. Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты–адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның ұлттық дүние танымын қалыптастыру, сол арқылы оқушының рухани жан дүниесінің баюына, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Қазіргі заман талабына орай ұрпақтарымызды, бойында ұлттық, азаматтық намысы бар ұрпақ өсіргіміз келетін болса, онда білім берудің түрлері мен әдістерін жаңартуымыз керек.

Үйреншікті әдіс – тәсілдер баланы қызықтырмайды. Сондықтан қайткенде баланың ойына, сезімін есерпілісендіруін мақсат етіп қою әр ұстаздың міндеті. Сан алуан әрекет арқылы ақыл – ойды ұштау, жетілдіру, жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру – бүгінгі қажеттілік. Қоғамамыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Мектептің негізгі құндылығы оқушы десек, оған жеке тұлға ретінде қарау – міндетіміз. Соған байланысты мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі алдындағы шәкірттерін бағалауы орыналады.

Білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан – жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру ұстаздың интелектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Бұрынғы оқытуда көптеген қателер жіберіледі. Келесі жолы сол қате қайтадан қайталана береді. Нәтиже жоқ. Неліктен? Әлі де не жетіспейді? Деген сұрақтарға оқытудың жаңа технологияларымен танысқаннан кейін жауап тапқан сияқтымыз.

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процес білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде.

Я. А. Коменскийдің, И. Гербарттың дәстүрлі обьект- субьектілі педогогикасының орнын басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субьектісі ретінде , өзін танытуға ,өзін- өзі жүзеге асырауға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педогогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субьектілер – оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады.

Педогогикалық технологиялар –бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің , мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Қазіргі уақытта педогогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.

Бүгінгі таңда П.М. Эрдниевтің дидактикалық біріліктерді шоғырландыру технологиясы, Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш. А. Амонашвилидің ізгілікті тұлғалық технологиясы, В. Ф. Шаталовтың оқу материалдарының белгі сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы Қазақстанда М.М. Жанпейісованың , М. М. Қараевтің , Ә. Жүнісбектің және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал.

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында оқыту формасын , әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқаулық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педогогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педогогикалық процесті кез- келген үлгімен , тіпті авторлық үлгімен құрауға мүмкіндік береді.

Зерттеу нәтижелері мен тәжірибелік-эксперименталдық жұмыс оны орта мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, колледждерде институттарда т.б қолдануға болатынын көрсетті.

Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады.

Оқулықтағы тақырыптар мазмұнына (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) өсу бағытымен - қарапайымнан күрделіге , шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалдарымен жұмыс істей отырып , өз қаблеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік береді. Мысалға мұғалім оқу модулін 9 сағатқа жоспарлап отыр делік. Оның бір сағаты модульдің бірінші бөлімі – кіріспе бөлімге, екі сағаты – қорытынды бөлімге, қалған 6 сағаты - сөйлесу бөліміне беріледі.

Психологтардың пайымдауынша , әрбір дербес тарауды (тақырыпты) оқып үйрену үш негізгі кезеңнен : кезеңдерінен кіріспе қызықтырушылық, операционалдық танымдық және рефлекциялық- бағалау кезеңдерінен тұруы тиіс (Л.М. Фридман). Аталмыш модульде кіріспе- қызықтырушылық кезең кіріспе бөлімінде іске асырылады. Бұл кезеңде оқушылар бағдарламаның осы тарауын неге және не үшін оқып- үйренулері керек , өздері нақты нені меңгеріп, үйренулері тиіс , алдағы жұмыстың негізгі оқу міндеті қандай екенін түйсінуі қажет.

Қазіргі кезде оқушылар білімін тексеру, ой- өрісін бақылау нәтижесінде әр тараулар бойынша тест алынады. Тестілер міндетті бағдарламалық курс (мемлекеттік стандарт) негізінде құрылады.. Тестінің бірнеше нұсқасы берілу қажет. Тестілерді бағалағанда келесі жүйені қолданған дұрыс сияқты: жұмыстың 90 және одан жоғары пайызы орындалса - «5» бағасы; 75-89 пайызы орындалса – «4» бағасы , 74-45 пайызы орындалса- «3» бағасы қойылуы тиіс деп ойлаймын.

Тестілеу - оқушылардың білімін, білігін, дағдысын ойлау қаблетін бақылаудың және тексерудің міндетті элементі.

Тестілер және оны құруға ұсыныстар

  1. Тестілер курстың оқу бағдарламасы негізінде құрылуы және неғұрлым маңызды тараулар мен тақырыптарды қамтуы тиіс.

  2. Тестінің көлемі білімді бақылаудың мақсаттарына сай тапсырманың формасына байланысты болады ( үй тапсырмасын тексеруге арналған шағын тестілер немесе одан ірі көлемді – тараулар бойынша білімін тексеруге арналғандары) . Жалпы пән бойынша білім деңгейін анықтауға арналған тестілер материалдың міндетті шағын көлеміне, яғни осы оқу курсының басты «өзегіне» сүйенеді.

  3. Тестінің бірнеше нұсқасын әзірлеу қажет (5 –еуден кем емес, яғни біршама көп болуы тиіс.

  4. Тестіге бірнеше сұрақтар немесе тапсырмалар енеді, олардың әрқайсысы дұрыс жауапқа -1 балл, дұрыс емес жауапқа -0 балл жүйксімен бағалануы тиіс деп ойлаймын.. Тестіде тапсырмалар неғұрлым көп болса, соғырлым нәтиженің анықтығы (нақтылығы, нанымдылығы) жоғары болады.

  5. Тест сұрақтарына жауап қысқа, жинақы берілуі тиіс.

  6. Төмендегідей тетіге материалдарды негізуге болмайды а) ескірген, ә) күрделі, б)қарапайым немесе маңызды емес.

  7. Тест сұрақтарын екі топқа бөлуге болады: а) абстрактілі, олар курстың негізгі ережелері мен пәнаралық байланысты айқындайды; ә) нақты , бұлар орташа күрделелік дәрежесіндегі нақты материалдар бойынша білімін айқындайды.

  8. Алынған жауптар негізінде оқушының білімін бағалауда эксперттік комиссия қабылдаған сапаны анықтау жүйесін қолдануға болады

  9. Тест сұрақтары анық, қысқа құрылып, оған біржақты жауап берілуі тиіс деп ойлаймын.

  10. Тапсырманы құрғанда жалпыға бірдей қабылданған, бәріне түсінікті атаулар мен терминологияны қолдану қажет.



Тест құрудың нақты ғылымы жоқ.



Қазіргі кезде оқушылардың мектептеде, ҰБТ- ға барған кездерінде ОЖСБ алған кезде оқушы бойында әртүрлі темперамент қасиеттері қалыптасуы мүмкін.

  1. Холерик, 2- сангвиник, 3- флегматик, 4- меланхолик

Г. Айзениктің анықтамасына орай, қолдағы алынған нәтижелерге сүйене отырып , әр типтің өзіне тән қасиеттері болатынын айта кеткен жөн. Мысалы:

Холерик - сезімтал, тынымсыз, агрессивті, шамданғыш, көңіл – күйі өзгергіш, басқамен қарым –қатынаста, иә сезім қатынасында тұрақсыз, әр түрлі жағдайларда соқпа мінезді, оптимист (болашаққа сеніммен қарайды), белсенді, пысық, бейқам, сенгіш, ашуланшақ, т.с.с

  1. Сангвиник - ашық, көпшіл, сөзшең, қайырымды , қысылып қымтырылмайды , өмір сүйгіш , уайымсыз , беймаза емес , көтеріңкі көңілді , басшылыққа бейім т.с.с.

  2. Флегматик - сақ, енжар , байыпты , өзгеге жақсылық тілегіш , ынтымақшыл , өз ісін ойлап істейтін , сенімді , тұрақты , бір қалыпты , т.с.с.

  3. Меланхолик - беймаза , ренжігіш , ойлампаз , , қырағы , пессимист (өмірден түңілгіш) , тұйық , ұстамды , көп сөзі жоқ , ригидтік (керітартпа) қасиеттері бар , т.с.с.

Темперамент типінің (түрінің) салыстырмалы тұрақтылық қасиеті жөнінде пікір қорытып , мінез және темперамент ара қатынасын ажыратып алған жөн. Оқушылар мен мұғалімдердің мінез ерекшеліктерін анықтау жолындағы әр темпераменттік типтің атқарар ролі орасан зор .

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағида атап көрсетілген. Бұл білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануына, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен құра беруіне мүмкіндік береді. Қазіргі уақыттағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшелігі баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқу технологияларын ұтымды қолданысқа алуы. Білім алу — адамзат әрекетінің ең маңызды бір түрі. Ол білім мен тәрбиенің негізін қалайды. Білім алуда адамның ішкі мүмкіндігі мен қабілетінің дамуы, қалыптасу үрдісі байқалады. Қабілет, бір жағынан, адамның білім, дағды, іскерлікті қалыптастырудағы саналы әрекетінің нәтижесі болса, екінші жағынан, адамның табиғи-генетикалық ерекшелігімен тікелей байланысты. Осыған орай, қазіргі білім беру парадигмасында білім алушыға тұлғалық-әрекеттік тұрғыдан қарауға үлкен мән беріп отыр. Өйткені, әрекет дегеніміз-саналы мақсатқа тәуелді үрдіс. Демек, мақсатқа жетудің басты жалпы білім беруші мен білім алушының бірлескен іс-әрекеті болып табылады. Осыған орай оқытуды екі жақты әрекетке, субъект-субъектілік, диалогтық қарым-қатынасқа құру мәселесі шешімін табуда.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев «ХХІ ғасырда білімді дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғарғы технологиялық және ғылыми қамтылған өндірістері үшін кадрлар қорын жасауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» деп атап көрсетті. Бұл талаптар білім саласы қызметкерлеріне үлкен міндеттер жүктейді. Себебі әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады.

Қазіргі білім парадигмасы мен философиясының өзгеруі білім беру жүйесі қызметкерлерін оқытудың ақпараттық және компьютерлік технологияларға негізделген сапасымен қарқындылығын қамтамасыз ету қажеттілігін талап етуде. Білім беру ұйымдары іс — әрекетінің негізгі нәтижесі тек білім , іскерлік және дағды жүйесі ғана емес, керісінше зиялы саяси қоғамдық, коммуникациялық, ақпараттық және басқа салаларындағы мемлекет тапсырыс беріп отырған негізгі құзыреттіліктердің жиынтығы.

Әлемдік оқу үрдісінің өзегі — жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді.Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады.

Мектептегі білім мен тәрбие беру жүйесінің міндеті — оқушылардың жан-жақты танымдылық белсенділігін көтеруге мүмкіндік жасай алатын әр оқушыны жеке тұлға ретінде дамыту. Әр мектеп білім беруді жоғары деңгейге көтеру мәселесін қолға алып, білім беру үрдісін басқару мәселесін жүзеге асыруда. Білім беру үрдісін басқару жүйесінің құрылымы жеке тұлғаның қайталанбас даралығының дамуына, шығармашылық бастама алуына бағыт беріп, жағымды орта қалыптастырудан тұрады.

Білім беру жүйесі — әр елдің даму болашағын айқындайтын, әлемдік өркениетке жетудің негізгі бағыттарын көрсететін біртұтас құрылым.

Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күн мектеп алдында тұрған басты міндет — өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді азамат тәрбиелеп шығару. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесінің алдына жаңа адамды қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, ой-пікірінің дербестігі мен еркіндігін кеңейту, олардың өз бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту болып табылады. Педагогикалық үрдістің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып, оқушыға берілетін білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір жеке тұлғаның ерекшелігін ескере отырып, білімділігіне сәйкес бағдар беру, танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың прогрессивтік қадамының бірі – модульдік оқыту.

Осыған орай, жобаМ. М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» деп аталады.

Жобаның мақсаты:сабақтардың модульдік оқыту технологиясын қолдана отырып, жобалаудың тиімділігін анықтау.

Жобаның міндеттері:

— Модульдік оқыту технологиясының мазмұнымен таныстыру;

— Модульдік оқыту технологиясының құрылымын анықтау;

— Модульдік оқыту технологиясының тиімділігін анықтайтын сабақ үлгісін құрастыру;

— Модульдік оқыту технологиясының білім сапасына әсері;

— Модульдік оқыту технологиясы арқылы сабақты жоспарлаудың маңыздылығы.

Модульдік оқытутехнологиясы – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.

Ал «модуль» дегеніміз – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады.

Модуль – оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функционалды байланыстырушы.

Оқу модулі, негізінен, үш құрылымды бөліктен: кіріспе, сөйлесу бөлімі және қорытынды бөлімнен тұрады.

Әр оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Зерттеулер нәтижесі 7-12 сағаттан тұратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екенін көрсетті.

Оқу модулінің өзгешілігі – жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.

Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Содан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде) сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.

Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады.

Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы, негізінен, оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан кұрделіге қарай кезең-кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті.

Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің тағы бір ерекшелігі бар. Зерттеу көрсеткеніндей, оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолдану оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте 13-тен 24 ретке дейін қайта оралып, жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Оқу бөлімінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білгі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс. Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, зертханалық жұмыстар немесе эксперименттік есептер оқу пәнінің ерекшелігіне орай, оқу модулінің қорытынды бөлімінде беріледі. Модульдік оқыту технологиясының жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден-бір технология.

Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі: 1) қысқаша сызбалар арқылы түсіндірілуі; 2) оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, 3) барлық тақырыптар бойынша тест, сынақ жүргізу.

Оқушыларға: 1) өз ойларын толқы жеткізе алмауы; 2) материалды мұғалімнің жеңілдетіп түсіндіруін қалауы; 3) нақты фактілерге мән бермеуі; 4) білімді жинақтауға мән бермеуі.

С.И.Ожеговтың пайымдауынша «Модуль дегеніміз – белгілі бір тақырып ішіндегі бөліктердің өзара топтастырылған жүйесі». Ал «технология» гректің «шеберлік» деген сөзі. Яғни, модуль — тұтас жүйенің бір бөлшегі, пәннің негізгі заңдылықтарын ашатын ұғымдардың бір-біріне байланысты элементтердің жиынтығы. Модульдік технология дегеніміз-білім алушының ішкі мүмкіншілігіне, қабілетіне қарай өз бетімен ізденуіне, әрекет етуіне лайықталған дидактикалық құрылым, адамның өзін-өзі дамуының амалы, жолы. Оқыту технологиясының біз әзірлеген нұсқасының бір ерекшелігі – оның білімді меңгеруге емес, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерін, яғни жадының алуан түрін (есту, көру, қимыл-қозғалыс және т.б.), ойлау, ынта, қабылдау қабілеттерін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ жеке тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас жасау, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша тілде) дамытуға бағытталуында.

М.М.Жанпейісованың технологиясында модуль 3 құрамды бөліктен тұрады:

1.Кіріспе

2.Сөйлесу

3.Қорытынды.

Әр оқу модулінің сағаты әр түрлі болады. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі 7-12 сағаттан тұратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екенін көрсеткен. Осы оқу модулінің ерекшелігі жалпы сағат санына қарамастан кіріспе және қорытынды бөліміне 1 немесе 2 сабақ саны бөлінеді, ал қалған сағаты сөйлесу сағаты болады.

Кіріспе бөлімде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттеріментаныстырады. Сонан соң осы оқу модулінің барлық уақытына есептелгеноқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде) сызба, кесте, және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Оқушылар бұл кезеңде бағдарламаның аталған тарауын неге және не үшін оқып үйренулері керектігін, өздері нақты нені меңгеріп, үйренулері тиіс, алдағы жұмыстың негізгі оқу міндеті қандай екенін түсінуі қажет.

Сөйлесу бөлімінде оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейі, қарапайым білік пен дағдыларын және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы жүзеге асырылады.

Тақырып мазмұнына «өсу» бағытымен — қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмалар мен зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, жазбаша және ауызша тілін дамытуға мүмкіндік береді.

Оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әрбір берілген оқу материалын сабақта үш күрделілік деңгейінде тыңдау, жазу, көру және айтуға мүмкіндігі болатындай етіп құрылған.

3,4-сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай тапсырмалар беріледі (ІІІ және ІІ деңгейлер)

І деңгей тапсырмалары дарындылықтың екі түріне, яғни интеллектуалдық және креативтік дарынды балаларға арналған.

Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмалар қарапайымнан күрделіге қарай кезең-кезеңімен орындалу міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүкіндігіне қарай таңдауға ерікті.

Оқу модулінің қорытынды бөлімі – бақылау. Бұл бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларынешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.

Егер сөйлесу бөлімінде оқушыларға үш деңгейлік (жеңілдетілген стандарт, стандартты, стандарттан жоғары) тапсырмалар берілсе, қорытынды бөлімде барлық оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай бірдей тапсырмалар беріледі. Зерттеушілік сипаттағы тапсырмалар бөлек есептеледі. Олар баяндама, хабарлама, реферат түрінде болуы және оқушыллардың ғылыми қоғамына (ОҚҒ), конкурстарға ұсынылуы мүмкін

Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауды оқып-үйрену үш негізгі кезеңне тұрады:

· кіріспе –қызықтырушылық

· опериационалдық-танымдық

. рефлексиялық-бағалау

Психологтар дәлелгендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін балалардың мақсаты түсінуі аса маңызды. Ол үшін мақсат оның мағынасы нақты айқын белгіленіп, мақсатқа жету тәсілдері көрсетілуі керек.

Объектілердің нақты қасиеттері жайлы білімді қалыптастыруға түсіндіруді сызба және белгілік үлгілер түрінде көрініс тапқан әрекетін бастаған тиімдірік.

Қандай да бір құбылысты тану барысында адамда оны түсінгендік, меңгергендік сезімі пайда болуы тиіс.

Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды тұтас оқып үйренудің екінші — операциялық- танымдық кезеңін іске асыру болып табылады. Бұл бөлімді қарастыру үшін біз Л.Фридманның төмендегідей ережелеріне негізделген тұжырымдамасына сүйенейік:

1. Бала жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызмет жүйесі ретінде қаралады. Олар баланың қисынды ойлауын,қабілеттерін көзге елестету қабілетін, жадын, шығармашлық және тағы да басқа дамытуға , яғни білім берудің мақсаттары болып табылатын тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.

2. Оқытуды басқарудың психологиялық сенімді түрі-ең алдымен баланың қажеттіліктерін, қызығушылығын және қызмет мақсаттарындамытуға жағдай жасау.

3.Басқару икемді болуы тиіс. Балалардың іштей өсуі жүргенде ғана білім дәрежесінің артылуына мүмкіндік болады.

4. Балалар нақты оқу қызметінің мақсаттарын анықтауға тікелей қатысуы керек, яғни басқару тұлғалыққабағытталған болуы тиіс.

5. Оқу процесін басқару балалардың ішкі қуатына және мүмкіндіктеріне негізделіп жүруі тиіс.

Оқу модулінің сөйлесу білімін даярлағанда тәрбиеші оқу материалынның негізгі мазмұның бөліп,құрастырады.

Мұнда балалар оқу материалына қайта оралып, пысықтап, бекітуі үшін оның әр сабақта жеке бөліктермен берілетіні есепке алу керек, бұл бөліктерде қысқаша сыйымды түрде тұтас тараудың мазмұны беріледі. Пысықтауды қажет ететін материалды тәрбиеші үш күрделілік деңгейінде дайындайды. Үш деңгейдің қайсысын тандайтынын әр оқушының өзі шешеді. Бұның бір маңызы- күрделі , ізденушілік , шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды кез келген күрделілік деңгейіндегі бағдарламалық материал тапсырмаларын орындаған балаға , яғни іс жүзінде бәріне де беруге болады.

Бұл бөлімнің сабақтарын жоспарлағанда тәрбиеші балалардың өзара сөйлесуін қамтамасыз етуге баса көңіл аударады.

Тәрбиешінің сөйлесу бөлімін дайындаудағы бес әрекет-қадамнан тұратын даярлық құрылмы қалыптасады.

1. Модульдің сөйлесу бөліміндегі материалдың негзгі мазмұның белгілеу.

2. Оқу материалын біртұтас, жинақы, «өсу» бағытымен беру.

3.Тақырып бойынша жеңілдететін деңгейдегі және білім стандартының талаптарын қамтамасыз ететін деңгейдегі тапсырмалар дайындау.

4. Осы бөліктің сабақтарында өзара сөйлесуді қамтамасыз ету.

5.Балалардың пәнге қызығушылығын және креативтігін дамытуға арналған шығармашылық сипаттағы материал дайындау.

Модульдік оқытудың құрылымы:

Оның мазмұнына:

1. Оқытудың жалпы мақсатын қою;

2. Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;

3. Балалардың білім деңгейін алдын ала бағалау:

4. Оқу әрекетінің жиынтығы;

5. Нәтижені бағалау:

Осының арқасынды оқу процессі «модульдік» сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блокттардан жасалады. Қайта жаңғыртатын оқу циклі ретінде оқумодулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды:

- Кіріспе бөлім(модульге, тақырыпқа енгізу)

- Сөйлесу бөлімі(оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру)

- Қорытынды бөлім(бақылау)

Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшілігі- тәрбиешінің даярлық жүйесі. Тәрбиеші бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұның және нәтижелерін, сондай-ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрайды.

Бұл технология:

- баланың тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға:

- танымдық поцестерін дамытуға:

- жағымды қызығушылық қалыптастыруға:

- белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға:

- тұлғаны қиындықтарға даяр болу және білу, қарым-қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік,сыйласу, шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруа ықпал етеді.

Ол оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін 4 түрге бөледі.

1. Репродуктивтік деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім негізіндегі тапсырмалар беріледі. Мұнда тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқулықта бар мәселелерге байланысты құрылады.

2. Алгормитмдік деңгей. Мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған жаңа ақпаратты пайдалана отырып, тапсырманы орындайды.

3. Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдеибеттерді пайдалана отырып, жауап береді. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушының ой белсенділігі негізгі қызмет атқарады.

4. Шығармашылық деңгей. Оқушы таза өзіндік дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.

Сөз соңында бүгінгі күн талабына сай нақты, терең білім беруде жаңа технологиялар бірден-бір ұстаз сүйенер тұтқа дегім келеді. Модульдік оқыту технологиясы – баланың белсенді оқу қызметін ұйымдастырады, бала өз әрекетін жоспарлай, талдай, өз бақылай білуге үйренеді.

Оқу процесінде жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын қолдану мен оны озық тәжірибемен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының маңызды міндеттерінің бірі. Соңғы он жылдықта оқу-тәрбие процесіне жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқыту технологияларын енгізу мен жеке тұлғаның шығармашылығын дамытуға үлкен мән берудің өзі Қазақстанда болып жатқан өзгерістерді жаңаша тұрғыдан қарастыруды талап етуде. Осы уақытқа дейін арнаулы оқу орындарында оқу процесі жаңаша педагогикалық ойлауға орай ұйымдастырылмады, оқу процесінде субъект – субъектілік қатынас жүзеге аспады. Өйткені, оқу процесі дәстүрлі оқытуға негізделді.

Атап айтсақ, білімді толық меңгерту әдістемесінде оқытушының жұмысы мынадай жүйеде құрылады (М.М.Жанпейісова бойынша):

  • Оқушыларды оқытудың мақсатымен таныстыру;

  • Топта берілген блок (мазмұны бойынша жақын) тарау бойынша жалпы оқыту модулінің мазмұнымен таныстыру;

  • Оқытушының материалды қысқаша түсіндіруі (сызба, график, кесте және т.б.);

  • Оқушыларға оқу материалын зерттеу жұмысы негізінде беру;Оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде оқушының танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру;

  • Жалпы тарауды, тақырыпты 4-7 рет қайталау негізінде оқу материалын меңгерту;

  • Барлық тақырып бойынша тест (сынақ, сынақхат, бақылау жұмысы, т.б.) жүргізу.

Бұл технологияның ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады. Оқу модулінің құрылымы кіріспеден, диалог (сөйлесу) және қорытынды бөлімнен тұрады.

Модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу моделі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін берілген оқытушының нұсқауларынан және оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады.

Модульдік оқыту білім мазмұны , білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істеу алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.Бұл технология, біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ оқушылардың ойлау, елестету мен есте сақтау қабілетінің, ынтасының, белсенділігінің, білім сапасының дамуына көмектеседі. Әр оқушының кемінде мемлекеттік (стандарттық) деңгейде білім алуына кепілдік береді.

Модельде 3 деңгейлік тапсырмалар: тест сұрағы, сынақ тапсырмасы, шығармашылық жұмыс бойынша жұмыс жүргізіледі.

3 деңгей – мемлекеттік стандарт деңгейі, бұны барлық оқушылар орындауы, білуі міндетті.

2 деңгей – бұған қарағанда күрделірек,

1 деңгейді – өзіндік пікірін жеткізе алатын, өз ойын шығармашылықпен дәлелдей алатын қабілетті, озат оқушылар ғана орындай алады.

Қорытынды

Қорыта айтқанда, модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу моделі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін берілген оқытушының нұсқауларынан және оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрадыМодульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істеу алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.

Модульдік оқыту технологиясының жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден-бір технология

Қорыта айтқанда, оқушыларға тілдік коммуникативтік білім беруде М.М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде өте жоғары деңгейде. М.М.Жанпейісованың модульдік оқыту жүйесі арқылы тіл дамыту іске асады.

Модульдік оқыту технологиясын қолдану арқылы мынадай жетістіктерге қол жеткізуге болады:

1. Уақыт үнемделеді.

2. Сабақтың сапасын көтереді.

3. Оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік тудырады.

4. Оқушылардың белсенділігін мен қызығушылығын арттырады, сондықтан оқу үлгерімі көтеріледі.

Модульдік оқыту технологиясын енгізе отырып, білім беру мен тәрбиелеу ерекшелігі мынада

Оқу материалдарын белгілі бір жүйеге келтіріп, тірек-сызба арқылы беру.

Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін бекіту, еске түсіріп үнемі қайталап отыру.

Оқушыларды білімге қызықтыру және бірлесе отырып жұмыс жүргізуге үйрету.

Оқушылардың бұрыннан игерген білімдерін тереңдете түсу

Оқушының білім деңгейін дәл анықтау.

Модульдік оқыту технологиясын сабақта қолдану- мемлекеттік тілді оқытуда сабақтың білім сапасын көтерудің факторы болып табылады.

Модульдік оқытудың сөйлесу бөлімінде оқушылар көбінесе топтарға бөлініп,өтілген материалды қайта жаңғыртып, терминдерді, негізгі ұғым-ережелерді біледі.

Модульдік оқытуда интерактивті тақтаны пайдалану өте тиімді. Өйткені, қажетті сызбаларды, электронды оқулықты, зертханалық тәжірибелерді керек болған жағдайларда пайдалануға мүмкіндік береді.

Қазір арнайы пәндерді нәтижелі үйрету, оқыту әдістемесін жетілдіре түсу – бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Сол себепті білім жүйесінде көптеген жаңа технологиялар қолданылып жүр. Оқушыларды еңбекке, шығармашылық пәндерге деген ынта-ықыласын арттыру үшін дизайн мамандығына осы жаңа технологиялардың бірі — модульдік оқыту технологиясын қолдануға болады.Модульдік оқытудың ерекшелігі: мұғалім көп сөйлегеннен гөрі, баланы көбірек тыңдауға мүмкіндік береді; Модульдік оқытуда тағы бір ерекшелік бағалау парағын қолдану болып табылады. Сабақ жеке жұмыс, топпен жұмыс болуы мүмкін. Бала ескерусіз қалмас үшін әр жұмысқа балл қою арқылы қорытынды баға қойылады.Қазіргі таңда оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, сонымен қатар оларды өмірге қажетті өз болашағына азық болатын тәрбие беру де қолға алынуда. Жоғарыдағынын бәрін қорытындылай келе «Модульдік оқыту технологиясы» атты жобамыздың соңына да келіп жеттік. Алға қойылған міндеттер мен мақсаттар толығымен орындалды.





Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». Алматы 2006 жыл.

2.Қамзина М. «Модульдік оқыту технологиясы».//Тәрбие құралы. 2005 жыл, №4.

3.Педагогтың кәсіби деңгейін өсіруде әдістемелік жұмысты ұйымдастыру жолдары.//Ғылыми-практикалық жинақ. Алматы, 2008 жыл.

4.Искакова Р.,Ерназарова З.«Жаңа технологияны пайдалану әдістері». Қызылорда, 2004 жыл.

5.Жадрина М.Ж. «ҚР-дағы жоғарғы білім беру дамытудың тенденциялары мен мәселелері». Алматы 2002 жыл.

6. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан //Қазақстан халқына Жолдауы 28.02.2007 ж

7. Салина Р.М. Тестілер құруға әдістемелік нұсқаулар

8. Дьяченко В.К, Кусаинов Г.М. Диалоги о школе ХХІ века 1995 г

9. Кларин М.В.Педогогическая технология в учебном процессе 1989 г

10. Амонашвили Ш.А. Воспитательная и образовательная функция оценки учения школников М.., 1984








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жаңа педагогикалық технологиялар

Автор: Зейнепов Марат

Дата: 13.02.2017

Номер свидетельства: 391374

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Оқытудың педагогикалық технологиялары"
    ["seo_title"] => string(45) "ok_ytudyn_piedaghoghikalyk_tiekhnologhiialary"
    ["file_id"] => string(6) "448403"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1515406620"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(190) "Баяндама "Бастауыш сыныпта пәндерді оқытудағы жаңа технологияның білім сапасын көтерудегі тиімділігі""
    ["seo_title"] => string(80) "baiandama_bastauysh_synypta_p_ndierdi_ok_ytudag_y_zhan_a_tiekhnologhiianyn_bilim"
    ["file_id"] => string(6) "443954"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1513104708"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(247) "Технология  п?н   саба?тарында   жа?а  педагогикалы? технологияларды  тиімді  пайдалану  ар?ылы о?ушыларды? шы?армашылы?  ?абілетін   дамыту "
    ["seo_title"] => string(150) "tiekhnologhiia-p-n-sabak-tarynda-zhan-a-piedaghoghikalyk-tiekhnologhiialardy-tiimdi-paidalanu-ark-yly-ok-ushylardyn-shyg-armashylyk-k-abilietin-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "172202"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1423765392"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(171) "Баяндама Тақырыбы: "Нәтижеге бағытталған білім берудегі тиімді педагогикалық технологиялар""
    ["seo_title"] => string(80) "baiandama_tak_yryby_n_tizhieghie_bag_yttalg_an_bilim_bierudieghi_tiimdi_piedagho"
    ["file_id"] => string(6) "399437"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1489311639"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(156) ""Инновациялы? технологияларды пайдалана отырып жан-жа?ты дамы?ан жеке т?л?а т?рбиелеу" "
    ["seo_title"] => string(101) "innovatsiialyk-tiekhnologhiialardy-paidalana-otyryp-zhan-zhak-ty-damyg-an-zhiekie-tu-lg-a-t-rbiielieu"
    ["file_id"] => string(6) "129939"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1415797439"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства