kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мақала "Үш тілде білім беру - заман талабы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазіргі жас ұрпақты тәрбиелеу мақсаттарының бірі - үш тілді еркін меңгерген, заман талабына сай, бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеу.  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мақала "Үш тілде білім беру - заман талабы"»

Үш тілді білу – заман талабы


Елбасымыз Н.Назарбаев «Ұлттық білім берудің  барлық буынының сапасын жақсартуда бізді  ауқымды жұмыс күтіп тұр. Мектеп  түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс», – деп атап көрсеткен. Осы бағыттарда жұмыс жасау үшін мұғалімдердің басты мақсаты іздену, оқу, келешекке сену.

Қазіргі өскелең ұрпақ – үлкен өмірге бейімделген, қоғамға қосар үлесі бар жеке тұлға болып қалыптасуда. Олардың нақты мақсаты – шапшаң дамыған, өзгеріске толы заман талабына сай, өмірде өз орнын таба алатын, халыққа кедергісіз қызмет жасай алатын алғыр да білімді болу. Білім берудегі өзгерістердің бірі – тілдерді меңгеруге деген ұмтылыс пен қызығушылықты  ояту.

Бүгінгі ұрпақ ана тілін игеру арқылы  өз тарихын, төл мәдениеті мен әдебиетін бойына сіңіреді, санасында ұстайды. Орыс тілі Қазақстан үшін ақпарат тілі мен қоса ұлтаралық байланыс, ал ағылшын тілі ғылым, инновация  тілі десек дұрыс болар. Инновациялық  ақпарат  ағылшын тілін жетік меңгеруге алып келетіні сөзсіз. Бұл үш тілді  еркін меңгерген  оқушы бәсекелестікке қабілетті тұлғаға айналатыны шындық.

Тілдердің тұғырлылығын арттыруға бағытталған бағдарламалардың бірі -«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы». Бағдарлама мақсаты: қазақ тілінің мәртебесін көтеру, орыс тілін жетік білу, ағылшын тілін меңгерту. Қазіргі таңда мектебімізде оқушылар бір мезгілде үш тілде қазақша, орысша және ағылшын тілінде ауызекі сөйлеудің алғашқы сатыларында. Нәтиже жаман емес. Әрине, қиындықтары жоқ деп айта алмаймыз. Бірақ, мақсат – мемлекеттік тілімізді қолданыстағы орыс, ағылшын тілдерімен теңестіріп, әлемге таныту.

Қазақ балаларының дарындылығын танытып, әлемдік тілде еркін сөйлеуге үйрету үшін баланы балабақшадан, мектепалды даярлық, бастауыш сыныптарынан бастау алғандары дұрыс. Жас буын бірнеше тілді тез меңгере алады және тілдік дағдыларының қалыптасып келе жатқандығын сабақ барысында анықтай алдық. Білім беру жүйесінде тек бастауышта емес жоғарғы сыныптардағы физика, химия, биология, информатика  пәндері ағылшынша оқытылатын болды. Мектепте қазақ тілін оқыту барысында орыс тілі, ағылшын тілі пәндерін бірлікте алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты жүргізіліп жүр. Бұл жерде өтіліп отырған бағдарламаға сай үш пәнді бірлікте ала отырып, пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады. Алайда  жеке тұлғаның әрекетін дамытуды мақсат етудеміз. Көптілділікті оқытуға көңіл бөлу бүгінгі уақыт талабы, ата – аналар сұранысы деуге толық негіз бар.

Әлемде қанша ұлт, нәсіл болса, соларды бір – бірінен даралап тұратын басты бойтұмары – туған тілі. Алайда, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», – деп ақын жырлағандай, өз тілінде еркін сөйлеп, өз тілін құрметтейтін тұлғаны баулысақ, өзге тілді қадірлейтін тұлғаны баулитынымызға көз жеткіземіз.

Сондықтан жастарды тілге баулу, еркін сөйлеуге машықтандыру балабақшада, мектеп қабырғасында, оқу орындарында қолға алынып, жүзеге асырылуы қажет.

Үш тұғырлы тіл саясатын дұрыс түсінбей, тек қана қазақ тілін қолданайық деп наразылық көрсетудің  қажеті жоқ. Одан да біз мемлекеттік тілді дамытып, орыс тілі мен ағылшын тілін қажетіне қарай үйренуіміз керек.

Қорыта келгенде, Қазақстанның тілдер саясатындағы басты бағыт – тілдердің үштұғырлылығы. Бағдарлама қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерту. Алайда, Қазақстан жерінде тұратын азаматтардың басын біріктіретін тіл ретінде қазақ тілі басты тіл болу керек.


 



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мақала "Үш тілде білім беру - заман талабы"

Автор: Панияз Шолпан

Дата: 22.11.2018

Номер свидетельства: 487100

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Үштілділік-заман талабы"
    ["seo_title"] => string(24) "ushtildilik_zaman_talaby"
    ["file_id"] => string(6) "348663"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1476286075"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Үштілділік -заман талабы"
    ["seo_title"] => string(26) "ushtildilik_zaman_talaby_1"
    ["file_id"] => string(6) "348671"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1476286914"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(247) "Ағылшын тілі сабақтарында қазіргі заман талабы - көп тілді тұлғаны қалыптастыру мақсатында қолданылатын заманауи технология түрлері."
    ["seo_title"] => string(80) "agylshyn_tili_sabaktarynda_kazirgi_zaman_talaby_kop_tildi_tulgany_kalyptastyru_m"
    ["file_id"] => string(6) "482463"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1540786667"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) "Разработка внеклассного мероприятия "За?ды білу-заман талабы""
    ["seo_title"] => string(65) "razrabotka-vnieklassnogho-mieropriiatiia-zan-dy-bilu-zaman-talaby"
    ["file_id"] => string(6) "275081"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1452514394"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "?ш тілділік  - заман талабы"
    ["seo_title"] => string(22) "ushtildilikzamantalaby"
    ["file_id"] => string(6) "303844"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1457611991"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства