Экваторлық белдеудің көп жерін: Экваторлық Африканы, Оңтүстік Америкадағы Амазона өзенінің алабын, Малайятопаралдарын және Мұхиттықаралдарды экваторлық ылғалды, мәңгі жасыл ормандар белдемі (гилея белдемі) қамтиды.
Күлгінденгенферраллит топырақта сан алуан өсімдік түрлері өседі (пальмалар, эпифиттер және лианалар) . Мұхит және теңіз жағалауларында мангр тоғайлары кездеседі.
Ылғалды экваторлық ормандардағы жануарлар дүниесі шағын денелі бақырауық және ілмекқұйрық маймылдар , жалқауаң , тапир, опоссум, құмырысқа жегіш, қан сорғыш жарғанаттар, пекари шошқасы мен дүние жүзіндегі ең ірі кеміргіш-капибарадан және т.б. тұрады.
Экваторлық
Мұндағы ағаштардың біразы құрғақшылық маусымда суды аз буландыру үшін жапырағын тастайды.
Табиғат зоналары
Ауданы мен тіршілік дүниесінің алуан-түрлілігі жағынан Жер шарында Амазония ормандарының теңдесі жоқ. Мұндағы қызыл-сары ферралитті топырақтарда тек қана ағаштардың 2 мыңнан астам түрі өседі. Сондықтан да бұл аймақты ғаламшардың «өкпесі» деп те атайды.
Оңтүстік Американың табиғаты
Амазонка ойпаты
Рио-де-Жанейро
Тотықұс
Тукандар - тоқылдақ тәрізділер класына жатады . Олардың мүйізтұмсықтарға ( көгілдір құстарға жататындар ) ешқандай қатысы жоқ , ұқсастығы - тұмсықтарында .
Ылғалды экваторлық ормандарда кездеседі
Колибри
Колибри (Trochіlі) – ұзынқанатты құстар отрядының бір тармағы. Колибридің қазіргі кезде бір тұқымдасқа жататын 321 түрі Солтүстік және ОңтүстікАмерика өңірінде кеңінен таралған. Денесінің ұзындығы 5,7 см-ден – 21,6 см-ге дейін, салм. 1,5 – 20 г-дай. Жер бетіндегі ең ұсақ құстар.
Ылғалды экваторлық ормандарда кездеседі
Анаконда
Анакондалар ( лат.Eunectes ) – жалғанаяқтылар тұқымдасының бір туысы, қазіргі кездегі жыландардың ең ірісі. Денесінің ұзындығы 10 м-дей (1944 ж. Колумбияда ұсталған анаконданың ұзындығы 11,4 м-ден асқан). Анаконданың жон арқасында 2 қатар қоңыр түсті ірі дақтары, танау тесігінде терілі қатпары болады. Суда жақсы жүзеді, әрі сүңги алады. Анаконданың 4 түрі бар. Олар ОңтүстікАмериканың тропиктік зонасында тіршілік етеді.
Гаоциндер
Оңтүстік Американың табиғат зонасында тіршілік етеді. Ормандарда қауырсындары әртүрлі түстерге енетін құс.
Араукария
АРАУКАРИЯ (АRAUCARIA) – өзінің ине секілді қылқанды жапырақтарымен көпке таныс өсімдік. Оның «үй шыршасы» деген қосымша аты бар. Үй жағдайында өте жай өседі. Мәдени түрде өсіріліп жүрген түрлерінің басым көпшілігі “Чили араукариясы” (Araucaria araucana). Ол табиғатта Аргентинаның Чили тауларында өседі, биіктігі 50 метрге дейін жететін алып ағаш.