Жоғалған ханшайым.Ертеде бір ханның жалғыз қызы болыптыАвтор: Ертеде бір ханның жалғыз қызы болыпты.Хан қызын жанынан тастамайды екенАвтор: Ертеде бір ханның жалғыз қызы болыпты.Хан қызын жанынан тастамайды екен
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жоғалған ханшайым»
Жоғалған ханшайым
Автор: Ертеде бір ханның жалғыз қызы болыпты.Хан қызын жанынан тастамайды екен.Қайда барса сонда бірге ертіп барады екен.Бір күні хан қызын бір сапарға қалдырып,көрші елге қонаққа кетіпті.Хан кеткен соң қалада дүниеде жоқ алтын кеме пайда болады,кемені көрмеген жан қалмайды,ең соңында ханның қызы көруге кірсе кеме хан қызын алып,көзден ғайып болады.Хан келсе қызы жоқ, не болғанын білмей ел естірте алмай есі шығып, даң болады.
Хан жұртын жинап:
-Уа,халайық қызымды тауып әкелген кісіге қызымды және хандығымды берем! –деп жар салады.
Басқа елден келген бір жігіт:
-Тақсыр, қызыңызды мен тауып әкелейін маған бес кісі нөкер мен бір кеме жасатып беріңіз – дейді
- Құп, балам айтқаның болсын бәріде дайын болады тек жалғызымды тауып берсең болды- дейді Хан
Автор:Жігіт нөкерлерін алып ұзақ сапар кешеді. Кемені жүргізуді ешкім білмейді кеме өздігімен жүре береді.Бір неше күн өткен соң кеме 1 аралға келіп тоқтайды.Кеме тоқтаған соң жігіт жағаға шығып іздеп жүріп бір аралға кез болады.Жігіт нөкерлерді қызды іздеуге жіберіп өзі қорада қалады.Ол енді не болар екен деп аң-таң блып отырғанда бойы 1 қарыс сақалы 40 қарыс 1 шал қораға кірді.Шал екеуі алыса кетті.Екеуі екі күн, екі түн алысты.Ақыры шал қорыққаннан шынын айтты.
Жігіт шалдың басын алды.Нөкерлерін ертіп шалдың айтуы бойынша қыздың тұрған жерін тапты.Қыз алып үйде екен.
Жердің астына түсерде жігіт нөкерлерге:
-Мені үш күн осы жерде күтіңдер! Үш күнде келмесем елге қайта беріңдер! –дейді
Жігіт жер астына кеткен соң нөкерлері өзара ақылдасып :
-Жігітті қамап қызды алып кетейік-дейді.Жігіт үйге келе жатып 40 есіктен өтіп 41 есікті ашса, ішінде ай мен күндей сұлу қыз отыр.Сөйлесе келе ханның жоғалған кызы осы екенін білді. Қыз жігітке:
Егер біз тез құтылмасақ, мені көзден таса етпей күзететін жолбарыс бар.Ол күніне бір мәрте осындай мезгілде бір күнге бір жаққа кетеді екен.Сен осыған тап келдің- дейді.Жігіт қыздың қолынан ұстап сыртқа алып шықты.Бір қастық ойлаған нөкерлері бір жақ болып барлығы жабылып жігітті жаралы етіп, үйшікке қамап,өздері қызды алып кетті.Олар қызға:
-Құтқарған нөкерлер деп айт,айтпасаң өлесің,ең үлкенімізге тұрмысқа шығасың!-деп қызды қорқытып көндіреді.Тірі қалған жігіт үйді аралап жүріп,есігі мықты бекітулі тұрған бөлмеге кез болады.Үлкен күш салып ашып кірсе,үш балапан шырылдап айнала ұшып жүр.Қараса үлкен жолбарыс атылғалы тұр екен.Жігіт жолбарыспен ұзақ алысып ақырында қылышпен шауып өлтіреді.Осылайша балапандарды өлімнен құтқарады.Бір кезде күн күркіреп, найзағай ойнайды.Жоғары қараса жауындатып,борандатып
келе жатқан алып қарға екен.Балапандарының амандығын көріп қарға жігітке:
-Жылда осындай кезде мен азық әкелуге кеткенде балапандарымнан көз жазып қалушы едім.Саған жақсылық жасайын адамзат не тілегің бар ? дейді
Жігіт жағдайын айтып.Қарға есікті ашуға ұша жөнелді.
Жігіт үйшіктен шығып,жалба жұлба киім киіп баяғы өзі кеткен хан ордасына тазша болып келеді.Ел шетіне жақындап,далада қой бағып жүрген қойшыдан хабар сұрайды.Қойшы жоғалып кеткен хан қан қызының табылғанын оны тауып әкелген нөкерлерінің біріне қызды ұзатуға той болып жатқанын әңгіме етеді.Хан сарайына келсе қызын нөкерлеріне ең қосқалы жатыр екен.Отыз күн ойыны бітіп,тойдың ақырғы күні екен.Жалба жұлба тазша жанына қыздарын ертіп шыққан ханшаға тауып жолығады.Жігітін танстырып әкесіне:
Мені құтқарған мыналар емес,жігіт құтқарды-деп өзінің көргенін баян етеді.
Автор:Хан жаза кесіліп нөкерлерді өлтіріп,жігітке қызын да хандығын да беріп,қайтадан ойын тойын жасатыпты.