Саба?ты? міндеттері:
Тау жыныстарыны? жасы ж?не тау жасалу кезе?деріні? аны?тау жолдарын карастырады оны дамытады;
Геохронологиялык кестеден алынатын м?лімет ж?не оны? ?олданбалы ма?ызы ж?нінде ?зара диолог негізінде т?сініктеме беріледі;
Топ ішінде ?згелерді? пікірін ты?дап, орта? шешімге келуді? жолдарын ?йренеді.
Просмотр содержимого документа
«Жерді? геологиялы? тарихы »
Сабақтың тақырыбы: Жердің геологиялық тарихы
Сабақтың мақсаты: Жердің геологиялық тарихы туралы оқушылардың білгендерін еске түсіре отырып, жаңа білімді меңгерту .
Сабақтың міндеттері: Тау жыныстарының жасы және тау жасалу кезеңдерінің анықтау жолдарын карастырады оны дамытады; Геохронологиялык кестеден алынатын мәлімет және оның қолданбалы маңызы жөнінде өзара диолог негізінде түсініктеме беріледі; Топ ішінде өзгелердің пікірін тыңдап, ортақ шешімге келудің жолдарын үйренеді.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: академиялық дау-дамай, «INSERT» әдісі, менталды карта, семантикалық карта
І. Ұйымдастыру кезеңі, сыныптағы психологиялық ахуал.
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, топқа бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау өткен тақырыпқа шолу
ІІІ. Жаңа сабақ
IV. Жаңа сабақты бекіту
V.Үй тапсырмасын беру
VI.Оқушы әрекетін және сабақ барысын бағалау
Кері әсер парағы
Күтілетін нәтиже:
Картаны, оқулықты пайдалана отырып, алған білімін қолдана алады;
Өзара ақпарат алмасады;
Пәнге деген қызығушылығы оянады, оқушы бойына білім, білік, дағды қалыптасады.
І. Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, топқа бөлу). 2 минут
«Атом, молекула» тренингі.
Атомдар үнемі қозғалыста болып, олардың өзара байланысуынан молекула түзілетіні бәрімізге белгілі. Мысалы, су молекуласы үш атомнан, сутегінің екі атомынан және оттегінің бір атомынан құралады. Осы мысалды негізге ала отырып, сыныпты төрт топқа топтастырдым.
ІІ. Үйден оқуға берілген тапсырманы пысықтау үшін.
Тапсырма №1 . 3 минут
Академиялық дау-дамай. (иә, жоқ)
1. Географиялық карта математикалық жолмен жасалған (иә, неге ) 2. Топографиялық карта ірі масштабты (иә, неге) 3. Карта транспарант аэроғарыштан түсірілген (жоқ, неге) 4. Бедерлі карта белгілі бір жердің үшөлшемді көлемді бейнесі (иә, неге) 5. Проекциялар ГЛОНАСС Қашықтық зондтау деп бөлінеді (жоқ, неге) 6. Бастапқы меридиан Лондон маңында (иә, неге ) 7. GPS навигациялық жерсеріктік жүйе (иә, неге )
8. Атлас жердің және аспан денесінің моделі (жоқ, неге)
9. Өзен, жол, шекара, құбыр сызықтық белгі (иә, неге )
10.Изосызық аудандық белгіге жатады (жоқ, неге)
Тапсырма №2
Сыныптағы оқушылар үй тапсырмасын «Неге? иә», «Неге? жоқ» деген сұраққа жауап беру арқылы өз пікірлерін айтып, талқылайды. 3 минут
Әр топтың пікірін тыңдай отырып, қосымша ақпараттар беру арқылы олардың жауабын толықтыру.
ІІІ. Мағынаны ажырату. Жаңа сабақты меңгерту. (жалпы 28 минут)
Тапсырма №3
Талқылап алу үшін өзіңізге жұп таңдап алыңыз. Сонан соң жұбыңызбен «Жердің геологиялық тарихы » туралы не білетініңіз немесе не білемін деп ойлайтыныңыз туралы ой бөлісіп көріңіз.(3 минут)
Сонымен балалар бүгінгі өтілетін сабақтың тақырыбы:
«Жердің геологиялық тарихы»
Тапсырма №4 (7 минут оқиды + 6 минут)
Енді келесі жұмыс түрі, сыныптағы оқушылардың барлығы жаңа тақырыпты оқып болғанда жасалады.
Жұбыңызбен оқығандарыңыз туралы ой бөлісіп, Сіз қандай ақпаратқа тап болдыңыз? Сізде қандай сұрақтар туындады? Нені білетін болып шықтыңыз? Не нәрсені білмейтін болып шықтыңыз? деген сұрақтарға жауап беріп, топтарыңызда талқылаңыздар.
Талқылау аяқталған соң, әркім өз бетімен дәптерінде «INSERT» кестесін толтырғаны жөн:
Білемін
v
Жаңа ақпарат
+
Білдім
-
Мен ... деп ойлаймын ойламаймын *
Сұрағым бар
?
Оқушылар картамен жұмыс жасай отырып өзіндік жұмыстарын бітірген соң, жұптарымен кестедегі жазғандарын талқыға салып, топта ортақ кестені құрастырып,түрлі-түсті маркерлерді пайдалану арқылы плакат бетіне түсіріп, қорғайды.
4 минут 3 рет = 12 минут
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
Топта ортақ кестені талқылаған соң, плакатта жазылған алғашқы ақпаратқа ораламыз – сәйкес келген пікірлерді анықтаймыз, мақаланы оқып болған соң, сәйкес келмеген ойлар шешімін тапты ма немесе қосымша материалдар керек пе деген сұрақты талқылаймыз.
V.Үйге тапсырма.
Келесі сабаққа әр топ теория жүзінде алған білімдерін практикамен ұштастыра отырып ақпараттық техникамен көркемдей жеткізеді.
V. Тапсырма № 5. Бағалау. 5 минут
Оқушыларға «Сіздер менің орнымда болсаңыздар сыныптастарыңызды қалай бағалар едіңіздер?» деген ой тастаймын. Әр топтың көшбасшылары топтық жұмыс кезіндегі іс - әрекеттерді талдайды, бағалайды.
«Семантикалық кестені» толтыру арқылы балаларды бағалау
Тапсырма №1
Тапсырма №2
Тапсырма №3
Тапсырма №4
1 - топ
2 - топ
3 - топ
Тапсырма №4
Келесі жұмыс түрі жаңа тақырыпты оқып болғаннан кейін жасалады.
Ол үшін:
Жұбыңызбен оқығандарыңыз туралы ой бөлісіп,
2 - Сіз қандай ақпаратқа тап болдыңыз?
3 - Сізде қандай сұрақтар туындады?
4 - Нені білетін болып шықтыңыз?
5 - Не нәрсені білмейтін болып шықтыңыз? деген сұрақтарға жауап беріп, топтарыңызда талқылаңыздар.
Талқылау аяқталған соң, әркім өз бетімен дәптерінде «INSERT» кестесін толтырғаны жөн: