1 | 5 минут | Топқа бөлу «Атомдар және молекулалар» жаттығуы | Мұғалімдер шеңбер құрап тұрады. Коучтің нұсқауымен «атомдар ыдырайды» деген кезде бөлмеде мұғалімдер еркін жүреді, «екі» деген кезде молекулалар бірігеді. «Үш» деген кезде үштік құрайды. Осылай ойын жалғасып, «төрт» дегенде топ құралады. Сол құралған құраммен мұғалімдер топ болып орындарына отырады. | Би билеу Топқа бөлу | Сергиді Топ құралады |
2 | 10 минут | Қызығушылықты ояту: оқушыларға білім берудің тиімді әдіс-тәсілдері бойынша пирамида құру сұралады | Алдарына берілген пирамидаға тиімді әдіс-тәсілдерді орналастырады. | АКТ Ой қозғау | Тиімді әдіс-тәсілді біледі, өз ойларын айта білуге дағдыланады,қызығушылықтары артады. |
3 | 10 минут | Мағынаны ажырату: «Бүгінгі сабақ қандай?» бүгін көрсетілген семинар сабақтардан және өздерінің әдістемелік сабақтарында, қосымша әдебиеттерден алған білімдерін пайдаланып | жеке, жұппен, одан соң топта талдап, постер құрады.. | топпен жұмыс | Басқаны тыңдай білуге, өз ойын тұжырымдап жеткізе білуге үйренеді. |
4 | 15 минут | Ой толғаныс: Сын тұрғысынан ойлау әдісінің бір түрі «Бононың 6 қалпағы» бойынша әр топқа ұнаған қалпақтарын таңдатады, сол қалпақтың түсі бойынша тапсырма береді, уақытты белгілейді. | Әр топ ұнаған қалпақты таңдайды. Сол тапсырма бойынша жеке, жұппен, топпен талдайды, спикер топтағы тапсырманы қорғайды. Ақ (ақ бұлттар) - фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру Қызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру Қара (тұман) – негативті ойлау, мысалы: “бұл орындалмайды, себебі....” Сары (күн) - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!» Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар Көк (аспан) – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды. | «Бононың 6 қалпағы» әдісі, АКТ, топтық жұмыс | Жаңа әдіс-тәсілмен танысады. |
5 | 5 минут | Кері байланыс. Осы коучингтен алған пікірлері туралы сұрақтар беріледі. | Сұрақтарға жауап беріп, әсерлерін қағаз бетіне түсіреді, тақтадағы «+», «-» флипчартына өздері жазған қағазды жабыстырады. | Жазбаша ойларын білу | Сыни тұрғыдан ойлануға үйренеді. |