?аза?стан Республикасыны? президенті Н.?.Назарбаев: «Болаша?та е?бек етіп ?мір с?ретіндер - б?гінгі мектеп о?ушылары. М??алім оларды ?алай т?рбиелесе, ?аза?стан сол де?гейде болады, сонды?тан ?стаз?а ж?ктелетін міндет ауыр» - деген еді [1]. Сол себепті б?гінгі та?да ?лемдік стандарт?а сай білім беру ?ажеттілігі туындап отыр.
?стазды? биігі ойлана ?араса? биіктей береді, ??іле ?араса?, тере?дей береді, ?ол созса? ?арсы алды?да, айналса? арты?да т?р?андай» – деп Сократ айт?андай Егеменді елімізді? алды??ы ?атарлы отыз мемлекетті? ?атарына ?осылу?а табандылы?пен жылжу саясаты ?о?амымызды? барлы? саласында т?бегейлі ?згерістер енгізіп, жа?а талаптар ?ойылып отыр. Соны? ішінде болаша? ?рпа??а ?лемдік де?гейде білім беру ма?сатына орай білім мазм?нына жа?аша ?арау – басты міндеттерді? бірі. ?азіргі кезде білім беруді? жа?а ж?йесіні? жасалынуы, білім мазм?ны мен ?діс-т?сілдеріні? жа?аруы б?секелестікке ?абілеті мол, шы?армашылы? ба?ытта е?бектенетін, ой ?абілетімен ерекшеленетін азаматты т?рбиелеуді к?здейді.
Сапалы білім – ел болаша?ын ай?ындайтын басты к?рсеткіш болып табылады. Б?гін мектеп партасында отыр?ан б?лдіршіндер ерте? ел та?дырын шешетін азаматтар. Оларды? сапалы білім алуын б?гін ?амтамасыз ету –м??алімні? басты міндеті.
Жа?а технологияны? басты ма?саттарыны? бірі – баланы? о?ыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпазды?ын ?алыптастыру, ?з бетінше шешім ?абылдау?а да?дыландыру
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жа?ашыл м??алім- заман талабы»
Баяхметова Бақыткүл Қарағұлқызы- Амангелді жалпы білім беретін орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Жаңашыл мұғалім- заман талабы
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады, сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» - деген еді [1]. Сол себепті бүгінгі таңда әлемдік стандартқа сай білім беру қажеттілігі туындап отыр.
Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» – деп Сократ айтқандай Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді. Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету –мұғалімнің басты міндеті. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Егеменді еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар иесі - бүгінгі жас ұрпақ. Егеменді еліміздің еңсесі енді көтеріліп , тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Дамыған елге қарап бой түзеген еліміз ұрпақ бойына білім нәрін себуші мына біздерді, ұстаздар қауымын, жаңа заман талабына сай білімін жетілдіруді қолға ала бастады. Әрбір педагогтың білімі мен білігінің биік болуын көтеруді мақсат тұтқан еліміз ұстаздардың білімдерін жетілдірсе, біз өскелең ұрпақтың білім аясын кеңейтуіміз керек. Алғашында дәстүрлі оқытудан сындарлы оқытуға тосырқай қарағанмен, тәжірибе барысында оқушы бойындағы оң өзгерісті байқап қуандық . ХХІ ғасырда біздің еліміз ғаламдану және жаһандану процессіне көшуде. Осы процессті жандандырып дамытуда жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор роль атқаратыны сөзсіз.
Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – балаға еркіндік бере отырып оқыту, оның белсенділігін арттыру, ойын ашып айтуына, өз бетінше шешім қабылдауына үйрету. Міне, сол үшін дәстүрлі оқыту кезіндегі әдіс – тәсілдерімізден гөрі, жаңа, сындарлы оқыту теориясы тәсілдерін сабақта қолданудың маңызы өте зор.
Танымал философ Т. Эдисон: « Өркениеттің ең маңызды міндеті-адамды ойлауға үйрету» - деп жазған болатын. Егер оқушы ойлаудың «ережелерімен» таныс болмаса, кез келген сабақта баланы нақты дәлелдерді талдауға, қандай да бір мәселенің шешу жолдарына болжам жасауға, өз еңбегіне шынайы баға беруге, өз ойын саралауға, біреудің ойына сын тұрғысынан қарауға үйрету қиынға соғады. Осыларды іске асыру үшін, мұғалім кез келген іс-әрекетіне, сабақтың кез-келген кезеңдерінде оқушыларды тиімді жолдар мен қарама-қайшылықтарды таба білуге, өз ісіне жауапкершілікпен қарап қолданған анықтамалар мен теоремаларды,формулаларды,ережелерді, сабақтың теориялық тұрғысын нақты дәлелдей білуге, басқалардың тапқан жолдары мен ойларына сеніммен, төзіммен қарауға үйрету барысында – топтық жұмыс арқылы ынтымақтасқан ортада еңбек етуге үйретудің орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлау үшін адамның өз ойын бағалау ниеті, оны жүзеге асыра алуы, өзі мен өзгенің пікіріне сеніммен қарауы, шешім қабылдауда парасатты болуы маңызды. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету оқушының оқуға ынтасын көтеріп, білім сапасын арттыруына әкеледі. Сондай нәтижелі жұмыстың бірі «Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану, топпен жұмыс түрлерін байқау» тақырыбында 5сыныпта , 8 сыныптарда жұмыстар жүргізілді.Көшбасшылықты жүзеге асыру үшін, өзім беретін сыныбымда білім сапасын арттыруға байланысты жұмыс жүргіздім. Балаларды оқыту үшін барынша қолайлы жағдай жасау арқылы оқудың жоғары мәдениетті деңгейін орнатуға барынша күш жұмсадым. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, сабақ барысының өзгешелігіне мән бере бастады. Сабақтарымды үнемі жеті модуль аясында өткізуге тырыстым . Солардың ішіндегі «Оқуды басқару және көшбасшылыққа» көбірек назар аудардым. Сыныптағы көшбасшыны анықтауды бірінші сабағымнан бастап зерттеумен болдым. Топ арасында көшбасшылық жасап отырған оқушыларымды айта кетейін. Олар: Ақерке Орынбасар, Сәлімжан Ақерке , Бақытов Дидар, Әбдіғалім Қадыр.Олар әрбір тапсырманың тиянақты орындалуын қадағалап, топ мүшелерін жұмыс істеуге тарта білді. Сабақты кезекпен айтқызып өздері толықтырып кері байланыс жасап отырды. Олардың сабақ үлгерімі өте жақсы оқушылар қатарында. Олар сабақ барысында ғана емес жай жүргенде де достарына қол үшін беріп жүретінін байқадым. Сондай- ақ мен барлық оқушылармен біркелкі жұмыс жасай отырып, олардың бойындағы әлі ашылмай жатқан қасиеттерін ашып, көшбасшылық жасай білуге үйретуді қолға алдым. Топпен жұмыс жасаудың ерекшелігі, топ мүшелері бірін -бірі тыңдай біледі, өз ойларын ортаға салып бір шешім қабылдауға үйренеді. Араларында көшбасшылық қабілеттері күннен-күнге дами түседі. Шағын топтарда жұмыс жасату арқылы көшбасшылықты анықтау, оқушыны көшбасшылыққа жетелеу, баланың көшбасшылығын көре білу, үлкен топтарға көшбасшылыққа ұмтылуға бағыттау және оқытуда өзімнің көшбасшылығымды жүзеге асыруға ұмтылдым. Білім үдерісінің табысты болуы мұғалімдердің оқуды өздігінен меңгеріп, таныта білген білім дағдылары аясында жүзеге асады.
5 «а» сыныбында «Жай бөлшектерге амалдар қолдану» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ мақсаты: Оушылардың жай бөлшек тарауы бойынша алған білімдерін пысықтау Матеметикалық тілде өз ойларын нақты және дәл жеткізе білуге, салыстыра білуге дағдыландыру
Әр түрлі гүлдердің суретінжинап, дыбыссыз қадаммен 2 топқа бөлінді,Оқушылар «жай бөлшек» тақырыбында постер қорғады
Оқушылар постер қорғау барысында ойларынталдайды, болжайды, қиялдайды;
* әңгімелеуде өз болжамын шығармашылық тұрғыда жеткізеді;
* жаңа ақпаратпен жұмыс жасау барысында ықыласты болады,
* өз болжамының сәйкес келуін немесе сәйкес келмеуіне рефлексия жасайды;
* таным әрекеті үдерісінде қарым-қатынас шеберлігі артады
Әр топ өз міндеттерін орындайдыбір-бірімен, жұппен, топпен өзара талқылайды,есеп шығарады,сурет құрастырады.
ТОПҚА БӨЛІНУ Постермен жұмыс Постер қорғау
Сабақ барысында қолданылған барлық модульде оқушылар өзін-өзі реттей, бағалай, бақылай отырып, ойларын ашық айта алды, өздері шешім қабылдап, бір-бірімен пікір таластыруға мүмкіндік жасады.Жалпы осы курс кезеңінде алған білімдерімді, түрлі жаңа әдіс-тәсілдерді, модульдерді сабақта тиімді жолмен пайдалана отырып, оқушылардың арасында ынтымақтастыққа қол жеткіздім. Әрі кездесетін түрлі қиындықтарды жою мақсатында топтық жұмыс ұйымдастырдым. Бұл өз кезегінде оқушыларымды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермеледі. Олардың қызығушылықпен, бар ынта-жігерімен жұмыс жасауға жағдай жасадым. Топтық жұмысты ұйымдастырудың алдында сыныптағы оқушылардың белсенділік қызметін ұйымдастыру мақсатында топ ережесін жасау арқылы тәртіп талабын орнықтырдым. Ережені оқушылардың өздеріне құрғыздым. Оқушылар ережеге мынадай тәртіп талабын жазды: сабақтан кешікпеу; сабаққа түгел, ұйымшылдықпен қатысу; бір-бірінің пікірін тыңдау; бірін-бірі сыйлау; берілген тапсырманы нақты орындау; бірігіп, белсенді жұмыс атқару; бәсекелестікке қабілетті болу.
Топ ережесі әдемі жазылып, кабинетке ілінді. Сабақтың алдында әр түрлі тәсілдерді пайдаланып, түрлі түстер, суреттер, өлең жолдары арқылы сабақ сайын өзгертіп, топтарға бөліп отырғызамын.Әр топта жұмыстанған оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы, олардың өзгергені көп кешікпей көрінді. Тұйық оқушыларым ашыла бастады. Қабілетті оқушылар ізденіп, үлгерімі төмен оқушылар қысылмай, ойларын ашық айтатын дәрежеге жетті. Осы жерде топтық жұмыста ынтымақтастықта белсенді жұмыс жүргізді. Оқушылар өздеріне берілген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарап, басқа топ мүшелеріне түсіндіру үшін суреттер салып, сахналыс көріністер қояды. Түрлі дәлелдер келтіріп, бір-біріне сұрақтар дайындап, өз беттерімен сұрақтарға жауап бере алады.
«Функцияны зерттеу және графигін салу» кезінде 10 «а» сыныбында сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету кезінде мынадай жұмыс түрлерін жасадым.
Оқушылар жұптарға бөлінді
Оқушыларға арнайы қателері бар дайын жауаптар жинағы ұсынылды.
Оқушылар мыналарды табу үшін өз бетінше жұмыс жасады:
Формулалардың қайсысы дұрыс емес?
Формулалар неліктен дұрыс емес?
Формуланы қалай түзетуге болады?
Жұптағы әр оқушы өз үлгілеріндегі қателерді серіктесіне түсіндірді.
Оқушы серіктесінің жіберген қатесін байқап, оны көрсетті.
Оқушылардың қандай қателерді тапқанын сұралды және олардың жауаптарын құпталып немесе теріске шығарды.
Мен осы бағдарламаның стратегияларын тәжірибе жүзінде қолдану барысында, ең бастысы – оқушылардың сабаққа ынтасы артып, олардың бір-бірімен пікір алысып, ой бөлісіп, ашық сөйлеуі, еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастады. Өздеріне сенімсіздік білдіріп,тысқары отыратын оқушылар да ойларын аз да болса жүйелеп, еркін айта бастады,қызығушылығы оянды.
• Нәтижесінде оқушыларымның бойынан мынадай өзгерістер байқалды:
· Ынтымақтастыққа үйренді;
· Жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуге дағдыланды;
· Өз ойларын еркін жеткізуге үйренді,
Жүргізілген жұмыстар қаншалықты сабағыма пайдалы екенін түсіндім. Сол себептен өзімнің өткізген сабақтарымда тиімді пайдалануға тырыстым. Осындай сабақтарды өткізу арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыруда ілгерлеуді байқадым. Оқу үдерісіне осындай жұмыстарды жүргізу нәтижесінде сабақ тартымды, қызықты әрі жандана түседі.
Осылайша оқытудың жаңа мазмұнын жасауға бетбұрысты әрбір мұғалім өзінен бастағаны жөн деп ойлаймын. Бұл үшін ұстаздың өзі де өзгеруі, яғни, дәстүрлі оқытудың қатып қалған қағидаларынан арылуы тиіс.
Мен осы бағдарламаның стратегияларын тәжірибе жүзінде қолдану барысында, ең бастысы – оқушылардың сабаққа ынтасы артып, олардың бір-бірімен пікір алысып, ой бөлісіп, ашық сөйлеуі, еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастады. Өздеріне сенімсіздік білдіріп,тысқары отыратын оқушылар да ойларын аз да болса жүйелеп, еркін айта бастады,қызығушылығы оянды.
Қорыта айтатын болсақ. осы жоғарыда айтылғандардың негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу - оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып , өз сұрағына өзі жауап іздеп жан –жақты білім алуына көмектеседі. Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап, басқа елге елді танытады. Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де – білім. Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдана білу сіз бен біздің үлесімізде, құрметті әріптестер! Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаз болайық.