Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады) Ұйымдастыру: 1.Сынып оқушыларын топтастыру жағымды ахуал туғызу. Аспанмен астасқан – Ару тауым! Маралы мен бұғысы ойнақ салып, ақ қайыңы мен балқарағайы бой таластыра өскен өр таудың төрі – талай тарланның кіндік қаны тамған қасиетті қоныс. Төбесі көк тіреген Алтай тауы, көрікті Қатон жері туралы тамсана айтып жатқанда, алдымен, ойға оралатыны – Оралхан Бөкей! І. Үй тапсырмасын сұрау : (5 минут) 1.«Байлығым бар,байлығымның мұңы бар» (Оқушы әңгімесін тыңдау) Жалған тапсырма.Не дұрыс емес? Бұл неліктен дұрыс емес? Бұны қалай түзетуге болады? 1топ:1.Алтайдың Қазақстанға оңтүстік –шығыс шеті ғана кіреді 2.Алтай Зайсан ойпатынан басталып Балқаш көліне дейінгі аралықты алып жатыр 3.Алтайдың ең биік шыңы Тастау(4506) 4.Нарын мен Күршім жоталарында қалайы мен вольфрам өндіріледі 5.Сынаптан лампа сымдары жасалады 2 топ:1.Алтай тауының барлығы үш ауданға бөлінеді 2.Азутау жотасы мен Сарытаудың ортасында 1449м биіктікте Марқакөл орналасқан 3.Қалба жотасы Үлбі,Иванов,Үбі тау жоталарынан тұрады 4.Қалба тауында алтын мен сирек металдар кездеседі 5.Қорғасыннан әшекей бұйымдар жасалады 3 топ:1.Кенді Алтай Ертіс өзенінің сол жағында жатыр 2.Қазақстандық Алтай герцин қатпарлығында түзілген 3.Алтай тауы мезозой дәуірінің аяғында мүжіліп,қайта тау жасалған 4.Пайдалы қазбаларды байыту үшін Өскеменде,Риддерде,Зырянда зауыттар салынған 5.Мырышты болаттың даттанбауы үшін қолданады 4 топ:1.Геологиялық құрылысы жағынан метаморфты палеозойлық саз балшықты кремнийлі тақтатастан түзілген 2.Алтай тауларында жанартаулық эффузиялық тау жыныстары кездеспейді 3.Кенді Алтайда қорғасын,мырыш,қалайы,вольфрам,күміс,сынап қоры аз 4.Қалайыны термометр құралын жасағанда пайдаланады 5.Вольфрамнан қола,қару-жарақ жасалады (Смайлик арқылы бағалау) ІІ. Жаңа сабақ:Алтай тауының климаты,табиғат зоналары мен шаруашылықтары Аспанмен астасқан – Ару тауым! Маралы мен бұғысы ойнақ салып, ақ қайыңы мен балқарағайы бой таластыра өскен өр таудың төрі – талай тарланның кіндік қаны тамған қасиетті қоныс. Төбесі көк тіреген Алтай тауы, көрікті Қатон жері туралы тамсана айтып жатқанда, алдымен, ойға оралатыны – Оралхан Бөкей! Топтық жұмыс «ойлан,жұптас,талқыла және өз-өздерін оқыту» (20 минут) Топтар:1.Алтай тауының климаты 2.Алтай тауының өзен,көл,мұздықтары 3.Алтай тауының табиғат зоналары мен өсімдік,жануарлары 4.Алтай тауының табиғаты мен шаруашылықтары Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы-ларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және бір топтағы 5 оқушы өз мәтіндерін басқа топқа барып түсіндіреді, онан кейін келесі топ кезектесіп айналып түсіндіріп шығады,сосын өз топтарына келіп тақырыпты талқылайды. Әрбір топ басбармақ арқылы бағалайды IІІ. «Түрткі,сынақтан өткізу,қайта бағыттау сұрақтары (2 минут) 1.Алтай өзен суларының көктем мен жазда толысу себебі не? 2.Ертіс өзені неліктен ел аумағына қарай ақпайды? 3.Ертіс өзенінің оң жағына қарағанда сол жағында салалары неге аз? IV.Кестемен жұмыс.Бірін-бірі бағалайды (2 минут) р/с | Алтай шаруашылықтары | Қолданылуы | 1 | Орман шаруашылығы | Ағаш даярланады,ағаш өңделеді,сыртқа шығарылады,жихаздар жасалады | 2 | Бұғы-марал шаруашылығы | Мүйіздерінен панта алынады,Пантадан пантокрин дәрісі жасалады | 3 | Омарта шаруашылығы | Хош иісті,дәмі мен шипалы қасиеті жоғары бал жиналады | V. «Деңгейлік тапсырмалар» І деңгей. 1.Ең үлкен өзенді тап,астын сыз Бұқтырма,Ертіс,Шүлбі,Күршім 2.Ең үлкен көлді тап,астын сыз Марқакөл,Зайсан,Бұқтырма,Тұранғыкөл 3.Электр стансалары салынған жерлерді тап,астын сыз Қалжыр,Шүлбі,Өскемен,Бұқтырма,Нарын,Күршім ІІ деңгей. Семантикалық карта | Орманда | Бұлғынқаракүзен,ақкіс | Мал, омар та | Сортаң өсімдіктер | Боз, бетеге | Күлгінді тарғақ шөп, қоңыр- бас | Итмұрын, қарақат, жидек | Майқарағай балқарағай, шырша, самырсын | Орманда | | | | | | | | + | Тоғайда | | | | | | | + | | Тауаралық аудандарда | | | | | | + | | | Дала зонасы | | | | | + | | | | Шөлейт | | | | + | | | | | Тау жота шалғында | | | + | | | | | | Терісі бағалы | | + | | | | | | | Бұғы-марал | + | | | | | | | | ІІІ деңгей Тапсырмалар | Алтайдың батыс және шығыс беткейлерінің климатында қандай айырмашылықтар бар? | Өзен режимінің Алтайлық типі немен ерекшеленеді? | Адам табиғи байлықтарды қалай игеруде? | VI.Тест жұмысы. «Ия», «Жоқ» (2 минут) 1.Алтайдың Қазақстандық бөлігінің климаты континентті 2.Тау іші салқындау,ал қыста керісінше жылы 3.Жазықтарға инверсия әсер етеді 4.Шілдеде тауға биіктеген сайын температура жоғарылайды 5.Ең үлкен өзені Ертіс,оған Кендірлік,Күршім,Бұқтырмы,Үлбі,өзендері кейде құяды 6.Қазақстандық Алтайдың тауларында 328 мұздық бар 7.Алтай тауларында шөл,шөлейт,дала зоналары таралған 8.Бұл тауларда орманды,шалғынды,қарлы-мұзды зоналар таралмаған 9.Орман алқаптарында май қарағай,бал қарағай,шырша,самырсын өседі 10.Тау етегі мен аласа таулардың топырағы құнарсыз 11.Терісі бағалы бұлғын,қаракүзен,ақкіс деген жануарлар мүлдем кездеспейді 12.Су тышқаны,жанат тәріздес ит жерсіндірілген 13.1976 жылы мұнда Марқакөл қорығы ұйымдастырылған 14.Шығыс Қазақстан ағаш даярлау,ағаш өңдеу шаруашылығының орталығы 15.Бұл аймақта бұғы-марал өсіретін шаруашылық дамымаған. Бақылаушының бағалау парағы (2 минут) № | Бағалау өлшемдері | Көшбасшы | Хатшы | Баяндамашы | Уақыт сақшысы | Бақылаушы | 1 | Өз міндетін атқаруы | | | | | | 2 | Мәтінді талдауы Қатемен жұмыс жасауы | | | | | | 3 | Өз үлесін қосуы | | | | | | |