kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, саяси географиялық жағдайы

Нажмите, чтобы узнать подробности

ҚР әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайы.  Сабақ өтілді.  Ұтымды рапсырмалар берілді

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, саяси географиялық жағдайы»

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Елтану және саяси география негіздері

6.1 Дүние жүзі елдері


Күні:


СЫНЫП: 9

Мектеп: №10

Мұғалімнің аты-жөні: Кеукерова А.А:

Қатысқандар саны: 22 Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, саяси географиялық жағдайы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу мақсаттарына сәйкес)

9.6.1.3 - Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, саяси-географиялық жағдайына кешенді баға береді

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:

Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайын сипаттай алады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, саяси-географиялық жағдайының артықшылығы мен кемшілігіне баға бере алады

Кейбір оқушылар орындай алады:

Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, саяси географиялық жағдайының элементтеріне талдау жасап, баға бере алады

Бағалау критерийі

Түсіну: ҚР экономикалық-географиялық жағдайын сипаттай алады

Қолдану: ҚР экономикалық географиялық жағдайының артықшылығы мен кемшілігін анықтайды

Талдау: ҚР экономикалық- географиялық жағдайына талдау жасап, баға бере алады.

Тілдік мақсаттар -терминдер



Оқылым: ҚР экономикалық-географиялық жағдайы туралы мәтінді оқиды, түсінеді.

Тыңдалым: Бір-бірінің пікірін тыңдайды, талқылайды.

Айтылым: ҚР экономикалық-географиялық жағдайына баға беріп, талдау жасайды

Жазылым: ҚР экономикалық-географиялық жағдайының артықшылығы мен кемшілігін жазады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Экономикалық-географиялық жағдай, интеграция, транзиттік, нарықтық-географиялық, көліктік- географиялық, көршілік жағдай.


Құндылықтарды тәрбиелеу


-Денсаулық, достық және айналасындағыларға қамқорлық көрсету;

-Қарым- қатынас жасау қабілеті.

Пәнаралық байланыс

Тарих - ҚР экономикасының тарихына тоқталады.

Алдыңғы білім

Қазақстан Республикасының физикалық- географиялық жағдайы, әлеуметтік, экономикалық жағдайы туралы біледі.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Дереккөздер

ресурстар


Сабақтың басы


Сәлемдесу, түгендеу.

Психологиялық ахуал. «Жыланша» жаттығуы жүргізіледі

Оқушылар айнала отырады. Сосын бірі бастап, келесі адамның кезекпен қолын алып, тілегін айтады. Оның соңынан келесісі ереді. Ойын осылайша қашан барлығы бір-біріне тілек айтып болғанша жалғасып кете береді.

Топқа бөлу. Сабақтың тақырыбына сәйкес "Мозайка" әдісімен топқа бөлдім.

1-топ. нарықтық -географиялық

2-топ. көліктік-географиялық

3-топ. көршілік жағдай

Үй тапсырмасын сұрау. "Шеңбердегі доп" әдісі арқылы жүргізіледі.

Оқушылар шеңберлене отырып, бір-біріне сұрақ қоя кішкене допты лақтырады. Доп қолына тиген оқушы қойылған сұраққа жауап береді.

1. Әлемнің геосаяси ұйымдары неше деңгейге бөлінеді?

2. Госаяси аймақ дегенімін не?

3. Аймақтық ұйымдардың мақсаты неде?

4.БҰҰ -ның мақсаты қандай?

5. Ғылым, білім, мәдениет мәселесі жөніндегі ұйым?

6. Денсаулық сақтау ұйымының мақсаты қандай?

7.МАГАТЭ қандай ұйым және мақсаты қандай?

8.ТМД ұйымының мақсаты қандай?

Бағалау "Шынжыр" әдісі арқылы жүргізіледі. Әр дұрыс жауапқа бір лентадан беріледі.








Сабақтың ортасы
























































"Ой қозғау" әдісін қолдана отырып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау үшін төмендегі сұраққа талқылау жүргіземін.

Елдің физикалық-географиялық жағдайын өзгертуге болмайтын тағдыр деп атайды. Бұл сипаттаманың экономикалық-географиялық жағдайға қатысы бар ма? Өз көзқарасыңды негізде.

1-тапсырма. Мағынаны тану, топтық жұмыс. «Өкіл» әдісі бойынша топтар берілген мәтінді оқиды.

Берілген мәтінді түсініп оқып, төменгі жоспар бойынша сипаттаңыздар

  • мәтінді бірнеше бөліктерге бөлу;

  • әр бөлікке атау беру;

  • әр бөліктің негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді анықтау;

  • маңызды сөз тіркесі, сөйлемдерді табу;

  • мәтіндегі маңыздылығын кезегімен атап беру;

  • мәтіндегі оқуға орын алған жерлерді атау;

  • мәтінді аяқтаудың нұсқасын ұсыну.

Дескриптор:

ҚР әлеуметтік, экономикалық, саяси-географиялық жағдайын біледі.

ҚР экономикалық жағдайының элементтері мен түрлерін сипаттайды.



"Қарлы кесек" әдісі бойынша бағалау жүргізіледі.



2-тапсырма. "Карта сөйлейді" әдісі бойынша топтар ҚР әлеуметтік, экономикалық, саяси географиялық жағдайының артықшылығы мен кемшілігін картадан анықтап, берілген кестені толтырыңыздар (жұптық жұмыс)

1-топ. ҚР экономикалық географиялық жағдайының артықшылығын анықтаңыз

2-топ. ҚР экономикалық -географиялық жағдайының кемшілігін анықтаңыз

3-топ. ҚР Экономикалық географиялық жағдайын жақсартудың жолдарын ұсыныңыз

Кемшілігі

(1-топ)

Артықшылығы

(2-топ)

жақсарту жолдары

(3-топ)

1.Эуразия материгінің түпкірінде орналасуы;

2.

1. транзиттік жағдай

2.



1. Экономикалық ынтымақтастықты жақсарту

2.



Дескриптор.

ҚР экономикалық-географиялық жағдайының артықшылығын анықтайды.

КР экономикалық-географиялық жағдайының кемшілігін анықтайды

ҚР экономикалық-географиялық жағдайын жақсартудың жолдарын ұсынады.



"10 балдық шкала" әдісі арқылы жұптар өзін-өзі өзара бағалау жүргізеді.



3-тапсырма. "Венн диаграммасы" әдісі арқылы Қазақстанның ЭГЖ жағдайын Өзбекстан мемлекетінің ЭГЖ салыстырып кешенді баға береді. (топтық жұмыс)

1-топ. Нарықтық-географиялық жағдайын салыстырып, кешенді баға баріңіз.

2-топ. Көліктік-географиялық жағдайын салысырып талдау жасаңыз

3-топ. Көршілік жағдайын салыстырып, талдау жасаңыз

Дескриптор:

1. ҚР нарықтық-географиялық жағдайына кешенді баға береді;

2. ҚР көліктік-географиялық жағдайына баға береді;

3. ҚР көршілік жағдайына кешенді баға береді;

"Жұлдызша" арқылы топтар бірін-бірін арқылы бағалау жүргізеді.








Оқулық, қосымша материалдар





















Карталар, суреттер

Сабақтың соңы

"Зымыран сұрақтар" әдісі арқылы сабақты қорытындылау.

1. ЭГЖ дегеніміз не?

2. ҚР экономикалық жағдайының тиімді жақтары қандай?

3. ҚР экономикалық жағдайының тиімсіз жақтары қандай?

4.Интеграция дегеніміз не?

5. Неге елдің транзиттік әлеуетін дамытуға көп күш жұмсалады?

Кері байланыс: «3+2+1» әдісі арқылы жүргізіледі.

Оқушылар осы сабақта ұнаған 3 кезеңді, ұнаған 2 сұрақ, келесі сабаққа 1 ұсыныс беру тапсырмасын орындайды.

Үйге тапсырма: "Қазақстанның көліктік жағдайын жақсартудың жолдары" тақырыбында мақала жазып келіңіз.



Қосымша ақпарат

Саралау -сіз оқушыларға қандай тәсілмен көмектесесіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – сіз оқушылырдың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыстар.

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақтау

Ақпаратық қоммуникациялық технологияларды қолдану.

Сабақ барысында қолданылған саралау тәсілдері.

Қарқын тәсілі: Сабақтың басында "Шеңбердегі доп" әдісі арқылы сұрақтар қойып, үй тапсырмасын пысықтап алдым.


Дереккөздер тәсілі: "Картаны сөйлейді" әдісі кезінде қабілетті оқушылар әр түрлі дереккөздерді пайдалана білді, картамен жұмыс жасады.


Тапсырма тәсілі: «Өкіл» әдісі бойынша топтар берілген мәтінді оқиды.

Берілген мәтінді түсініп оқып, жоспар бойынша сипаттайды.


Жіктеу тәсілі:

"Венн диаграммасы" әдісі арқылы Қазақстанның ЭГЖ жағдайын Өзбекстан мемлекетінің ЭГЖ салыстырып кешенді баға береді. Шығармашылығы жоғары қабілетті оқушылар "Венн диаграммасы" әдісі кезінде ҚР экономикалық-географиялық жағдайын салыстыра отырып кешенді баға берумен қатар, күрделі талдау жүргізіп, өз ұсыныстарын білдірді.

Қорытынды тәсілінде: "Зымыран сұрақтар" әдісі арқылы сабақты қорытындыладым.


Сабақтың барысында қалыптастырушы бағалау жүргізілді. Қалыптастырушы бағалау кезінде оқушылар алдын-ала берілген критерийлер мен дескрипторлар бойынша бағаланды.

- "Шынжыр", "қарлы кесек" әдістері бойынша жеке бағалау жүргізілді

- "10 балдық шкала" әдісі бойынша жұптар өзара бағалау жүргізді

- жұлдызша әдісі арқылы бағаладым.


Сабақтың соңында «3+2+1» әдісі арқылы кері байланыс жүргізілді.

Оқушылардың жас ерекшелігіне және интербелсенді тақтаның зияндылығын ескере отырып, нормативке сай пайдалану, оқу кабинетінде қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы және қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Сабақ барысында сабақтың мақсатына жеттім. Сабақтың мақсатына жету үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдандым және қалыптастырушы бағалау жүргіздім. Оқушыларды қабілетіне қарай саралауға арналған тапсырмалар болды. Үлгерімі төмен оқушыларға сабақ барысында үнемі қолдау көрсетілді.

Қорытынды бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1: "Өкіл" әдісі арқылы мәтінмен жұмыс жақсы жүзеге асып, оқушылардың белсенділігі артты.

2: "Венн диаграммасы" әдісі арқылы тапсырманы орындау кезінде шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Келешекте сабағамды көптеген белсенді тәсілдермен және саралаудың тәсілдерін қолдана отырып, жақсарта түсемін

2: Оқушылардың қызығушылығын оятатын тапсырмалар көп қолдануым қажет

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Оқушылардың дайын білімді емес, тапсыманы өз бетімен меңгеріп, ойлай отырып орындайтындай белсенді оқудың әдіс-тәсілдерін жиі қолдануға назар аударуым қажет.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, саяси географиялық жағдайы

Автор: Кеукерова Айдана Ауесхановна

Дата: 05.12.2019

Номер свидетельства: 530482

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Календарные планы по географии для 6,7,9 классов"
    ["seo_title"] => string(46) "kaliendarnyieplanypoghieoghrafiidlia679klassov"
    ["file_id"] => string(6) "283306"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453816986"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "8 сынып?а арнал?ан саба? жоспарлары"
    ["seo_title"] => string(38) "8-synypk-a-arnalg-an-sabak-zhosparlary"
    ["file_id"] => string(6) "316517"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460106762"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Брейн-ринг "Атаж?рт""
    ["seo_title"] => string(19) "brieinringhatazhurt"
    ["file_id"] => string(6) "321171"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1461234290"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства