Сабақтың барысы: Сыртқы интеграция (Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану) Тыныштық сәті Баяу музыка жіберіліп тұрады. Тыңдаушылар ыңғайланып отырып, көздерін жұмып бір сәтке қиялға беріледі. Көз алдыңызға елестетіңіз... әсем табиғат аясында келесіз. Таза ауа, айнала жап-жасыл, сылдырлаган мөлдір бұлақ дауысы естіледі. Алып-алып тау да бар. Табиғаттың әдемілігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Жалғыз өзің сол әсем табиғатта келе жатырсың, қолыңда бір дорба бар. Кенет алдыңнан үлкен мәуелі ағаш көрінді. Ағаштың шың басында көздің жауын алатындай қып-қызыл алмалар самсап тұр. Ол алманы алу үшін ағашқа мінуің керек. Сен сол ағашқа мініп, алмаларды жинай бастадың. Міну қиын болсада, ағаш бұтақтары қолыңды аяғыңды жырып қанатса да, тайсалмай алмалар жинап қолдағы дорбаға сала бастадың. Содан соң ұзақ жол жүріп, қатты шаршадың, тіпті терлеп кетіпсің. Алыстан ұзап ауыл көрінді. Ауылға жеттің, алдыңнан кішкентай іні-сіңілілерің, қарындастарың жүгіріп шықты. Ал сен дорбаңдағы алмаларды таратып, мәз-майрам қылдың. Олар саған алғыстарын айтып бетіңнен сүйді. Топтастыру әдісі. Топ суретті сәйкестендіру арқылы төрт топқа топтасады. (суретті құрастыру)
1 топ Сахара шөлі 2 топ Мадагаскар аралы 3 топ Ніл өзені 4 топ Африка Әңгімелесу. (Сабақ түсіндіріледі сұрақ жауаптармен) ЕҢ... ЕҢ.... Африкада жер шарындағы ЕҢ үлкен тропиктік континенттік шөл Сахара орналасқан. ЕҢ ұзын өзен Ніл өзені ағып жатыр. Африкада құрлықтағы ЕҢ ірі жануар Африкка пілі мекен етеді. Материк жағалауындағы ЕҢ ірі арал Мадагаскар орналасқан. Материктегі ЕҢ ірі сарқырама –Оң түстік Африкада орналасқан Тугела. 1933 жылы әл –Азизия қаласында ЕҢ жоғары температура тіркелген +58 Африкада ЕҢ ірі көл Виктория ЕҢ терең көл Танганика Материктің теңіз деңгейінен ЕҢ биік орналасқан нүктесі Килиманджаро ЕҢ төмен орналасқан нүктесі Афар ойысындағы Ассаль көлінің деңгейі Топпен шығармашылық жұмыс. 1 топ Тек материкке қатысты сөздерді теріп жабыстыру 2 топ Зерттеушілері туралы кесте толтыру 3 топ Материк ерекшелігін суреттеп жеткізу 4 топ Африкада кездесетін жануарларды қимылмен көрсету |