Ішкі нтеграция (жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау) Қазақстанның өзендерін ластамау жолдарын мен амалдарын қарастыру. Суды қорғау жобасын құру. Судың қасиетін, құрылымын адамның жан дүниесімен салыстыру. Рефлексия:Оқушыларға смайликтер таратамын. Жолаушылап келе жатқан сәуегей қарияға үлкен сарай құрылысына тас әкеле жатқан үш құрылысшы кездесіпті. Қария оларды тоқтатып әрқайсысына сұрақ қойыпты. Бірінші құрылысшыдан:- Бүгін күні бойы не істедің?- деп сұрапты. Ол болса:-күні бойы құрып кеткір тастарды тасумен болдым- деп жауап беріпті. Екінші құрылысшыдан:- Бүгін күні бойы не істедің?- деп сұрапты. Ол болса:-күні бойы өзіме жүктелген жұмысты жауапкершілікпен жасадым- деп жауап беріпті. Үшінші құрылысшадан:- Ал сен не істедің?- дп сұрапты. Жүзінен қуаныш нұры төгілген үшінші құрылысшы қарияға қарап күлімсіреп:- Мен бүгін күні бойы мына зәулім сарай құрылысына қатыстым деп жауап беріпті. -Балалар! Кім бірінші құрылысшы секілді жұмыс істеді? (қызыл смайлинк) -Кім екінші құрылысшы секілді жауапкершілікпен жұмыс істеді? (сары смайлинк) -Ал кім өзінің білім сарайының құрылысына қатысты? (жасыл смайлинк) Үй тапсырмасы «Су- тіршілік көзі» атты Эссе жазып келу. Сабақтың қорытынды сәті Қазақстан бойынша экологиялық қауіпті, лас, аймақтарды анықтап, оқушылар экологиялық жағдайлардан шығу жолдарын анықтап, идеяларын ортаға салды. Тобыл, Есіл, Ертіс өзендерін өздерінің жан дүниелерімен салыстырып, ұқсастықтарын тапты. Тобыл өзені еркін, жайдарлы.Есіл өзені ерке, сылқым, жан-жағына қуаныш сыйлай білетін. Ертіс жігерлі, қайсарлы, тік мінезді. |