Просмотр содержимого документа
«Географиялы? ала? »
Қарағанды облысы
Жезқазған қаласы
Кеңгір селосы
№ 2 орта мектеп
Географиялық алаң
Мақсаты:
1. Оқушылардың алған білімдерін қайталай отырып, танымдық қабілетінің дамуына жағдай жасау.
2. Картамен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру;
3. Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Қолданылатын құрал - жабдықтар: Интерактивті тақта, таныстырылым, карта, кестелер.
Ойынның жүру барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды топтарға бөлу, белгіленген орындарына отырғызу, әділ - қазылар алқасын белгілеу, барлық қатысушылардың назарын аудару.
ІІ Кіріспе бөлім
Ойынның мақсаты мен шарттарымен, ойынға қатысатын топтар мен әділ - қазылар құрамымен мұғалім өзі таныстырады.
ІІІ Негізгі бөлім
1 тур: Өзін - өзі таныстыру (топ басшысы)
2 тур: «Кім жылдам» ойыны
Әрбір топқа 10 сұрақ беріледі, әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай.
Жауаптарын тез берулері керек.
І топтың сұрақтары
1) Күн жүйесіндегі күнге жақын орналасқан ғаламшар (Меркурий)
2) Елтаңбаның авторы (Ш. Уалиханов)
3) Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал қалай аталады? (шаш гигрометрі)
4) Жердің тас қабаты (литосфера)
5) Жазықтар қандай түспен боялады? (жасыл)
6) Ең биік тау (Гималай)
7) Тіршілік қабаты (биосфера)
8) Васко – до – Гамма кім? (саяхатшы)
9) Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында (9)
10) Жаздағы таңертеңгілік байқалатын су тамшысы (шық)
ІІ топтың сұрақтары
1) Күн жүйесінде үшінші орналасқан ғаламшар (Жер)
2) Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал атауы? (барометр анероид)
3) Жер бетіндегі ауа қабаты (атмосфера)
4) Таулар қандай түспен боялады? (қоңыр)
5) Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен (Ніл)
6) Су қабаты (гидросфера)
7) Ливингстон кім? (саяхатшы)
8) Ең үлкен арал (Гренландия)
9) Муссон деген не? (жел)
10) Ылғалды материк (Оңтүстік Америка)
3 тур: «Адасқан нысананы табу» ойыны Уақыты 30 секунд, түгел дұрыс орындаса
10 ұпай.
І топ ІІ топ
Батыс Сібір тау Тұран қырат
Зайсан қақпасы Жалпы Сырт көл
Қаратал жазық Орал өзен
Алтай өзен Лепсі тау
Торғай көл Балқаш жазық
4 тур: "Алтын қоржын"
Қоржынның ішіне жасырылған заттың оқушыларға сипаттамасы беріледі, сол арқылы оның ішінде не бар екенін табу керек. 3 көмек болады, әрбір көмек алған сайын 1 ұпай шегеріліп отырады. Ойлануға 1 минут, дұрыс жауап 20 ұпай
І топқа:
Бұл өсімдікті орта ғасырларда ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден-бір ем ретінде қолданған. Сондықтан оны "жылан өсімдігі" деп атаған. Ал ежелгі Мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлдарға күн сайын беріп тұрған.
Бірінші көмек: Бұл өсімдіктің отаны - Орта Азия.
Екінші көмек: Францияда шілдеден қаңтарға дейін әр бейсенбіде бұл өсімдіктің ғажайып жәрмеңкесі өткізіліп тұрады.
Үшінші көмек: Исі өткір, ащы, тамаққа пайдаланамыз.
Жауап: Сарымсақ
ІІ топқа:
Ең алғаш бұл сусын 18 ғасырда голландықтар дастарханында пайда болған. Ресейге бұл сусын тосыннан келген. 1638 жылы Москвадан монғол ханына сыйлық келеді.
Риза болған хан жауап ретінде өз сыйын жібереді. Орыс елшілері бұл сыйды көріп, жарамсыз зат ретінде қабылдап, өз елдерін төмендету деп есептейді. Дегенмен сыйлық Ресейге жетеді, патша оны ұнатады. Басында оны дәрі ретінде пайдаланады, ал ХІХ ғасырдан бастап оны өте көп мөлшерде пайдалана бастады.
Бірінші көмек: Отаны - Қытай
Екінші көмек: Қытайдан басқа Үндістанда, Шри-Ланкада, Жапонияда, Индонезияда, Вьетнамда. Грузияда, Таиландта, Бирмада өсіріледі.
Үшінші көмек: Бұл сусынды ішпесе қазақтардың басы аурады.
Жауабы: Шай
5 тур:«Географиялық пішіндер»
Оқушылардың алдына материктердің,көлдердің, теңіздердің географиялық пішіндері қиылып, үлестіріледі. Құрастырулары керек. Нысандардың қай материкте,қай жарты шарда орналасқанын айтып берулері керек. Дұрыс жауап 10 ұпай.
6 тур: "Алтын қоржын"
І топқа:
Грекияда Аполлон бұл өсімдік жапырағынан гүлдесте жасап басына және өзінің саз аспабына әдемілік ретінде тағып жүрген. Содан бері күні бүгінге дейін бұл гүлдесте" даңқ символы" ретінде халықаралық түрлі сайыстағы жеңімпаздардың мойындарына тағылып жүр.
Бірінші көмек: Отаны - Жерорта теңізі жағалауы.
Екінші көмек: Бұл өсімдік Греция мемлекетінің елтаңбасында бейнеленген.
Үшінші көмек: Бұл өсімдік жапырағын дәмдеуіш ретінде тамаққа да пайдаланады.
Жауап: Лавр жапырағы.
ІІ топқа:
Қытайда бұл өсімдік дәмдеуіш ретінде жоғары бағаланады. Оның тарихы да қызықты. Қытай әміршісінің сарайында аула сыпырушылардан бастап барлық қызмет көрсетушілер ауыздарынан жағымды иіс шығып тұру үшін бұл дәнді ауыздарына салып жүруі керек болған.
Бірінші көмек: Гүлін көбінесе ер адамдарға сыйлайды
Екінші көмек: Емге де пайдаланады.
Үшінші көмек: Бұл өсімдіктің отаны - Индонезия.
Жауап: Қалампыр дәні.
7 тур: " Географиялық ассоциация"
Оқушыларға әр түрлі ұғымдар беріледі, ойланып қандай географиялық ұғымды білдіріп тұрғанын табулары керек. Әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай
І топқа
1. Толқын, қауіп - қатер, жылдамдық, апатты құбылыс, жер сілкіну.
Цунами
2. Өзен, теңіз, булану, бұлт, жауын-шашын, күн.
Дүние жүзілік су айналымы
3. Ессентуки, Анталия, Майами.
Курортты жерлер
4. Москва, Дели, Мадрид, Вильнюс, Осло.
Астаналар
5. Теңіз, көл, өзен.
Су қоймалары
6. Игуасу, Анхель, Виктория
Сарқырамалар
7. Гольфстрим, Солтүстік Атлант, Бразилия
Жылы ағыстар
8. Мариана, Ява, Пуэрто - Рико.
Шұңғымалар
9. Гренландия, Отты Жер, Мадагаскар, Хонсю
Аралдар
10. Атлас, Аппалач, Декан, Анд, Карпат.
Таулар
ІІ топқа:
1. Мұхит, мұз, тау, "Титаник", қауіп - қатер.
Айсберг
2. Тау, су, гүрілдеу, ғажайып көрініс, жыра
Сарқырама
3. Самум, бриз, тайфун, муссон, ураган.
Желдер
4. Гвинея, Бискай, Парсы.
Шығанақтар
5. Гоби, Сахара, Такла - Макан, Тар
Шөлдер
6. Ганг, Евфрат, Колумбия, Хуанхэ, Дунай
Өзендер
7. Чад, Байкал, Гурон, Эри, Виктория
Көлдер
8. Тайга, саванна, тундра
Табиғат зоналар
9. Рим, Пекин, Братислава, Копенгаген, Каир
Астаналар
10. Ла-Манш, Беринг, Гибралтар
Бұғаздар
8 тур Берілген сөздердің орнын табу.
І топ
л п о ю с – полюс
и а н м е д р и – меридиан
е ф а м о т а с р – атмосфера
а л л ь л е п р а – параллель
ІІ топ
ф т о к в э а – экватор
ф е с р а и б о – биосфера
ф р е а с д и г о р – гидросфера
и о ж з г т ь л а р а – горизонталь
9 тур:«Интеллектуалды жекпе-жек» топ басшыларының сайысы.
16 сұрақ қойылады, екі топ капитандары қатар шығып тұрады да, кезек-кезек жауап береді. Біреуінің жауап бере алмағанына екіншісі жауап беріп ұпайын алуға болады. Тез - тез жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай.
1. Ең ұзын өзен? Ніл
2. Ең жүйрік аң? Гепард
3. Ең алып құс? Африка түйеқұсы
4. Ең суыққа төзімді құс? Пингвин
5. Ең үлкен мұхит? Тынық мұхиты
6. Ең үлкен арал? Гренландия
7. Ең терең көл? Байкал
8. Ең биік шың? Эверест
9. Ең биік сарқырама? Анхель
10. Ең қалың мұз жамылғысы? ( Антарктидада)
11. Ең құрғақ жер? Атакама шөлі
12. Ең төмен теңіз? Өлі теңіз
13. Ең биік тау көлі? Титикака
14. Ең тұзды теңіз? Қызыл теңіз
15. Ең үлкен архипелаг? Индонезия
16. Ең терең шұңғыма? Мариан
Бой сергіту. Жұмбақ.
Бар ма,жоқ па,
Оны анық білмейміз.
Ол жоқ жерде
Өмір сүріп жүрмейміз. (Ауа)
Көлігі жоқ көшеді,
Өзін кезбе деседі. (Бұлт)
Ұйықтайды ұл түнде, күндіз қызы,
Жүргенде білінбейді басқан ізі. (Күн мен Ай)
Жылт –жылт еткен
Жылғадан өткен. (Су)
Жүргізуші: Қорытынды сөз кезегі ойындарымыздың әділ шешімін айту үшін әділ-қазылар алқасына беріледі.
Жүргізуші: Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білімнің шыңына.
Дарындылық пен тапқырлық,
Жеткізеді сіздерді,
География сырына,- дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.