Тақырыбы: « Білім тарландары» Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ойын арқылы арттыру. Шапшаңдық, ойлау, тапқырлық қасиеттерін дамыту. Ұжымшылдыққа, ұқыптылыққа, ойын айта білуге үйрету. Білімділік:Оқушылардың өткен тақырыптары бойынша білімдерін тексеру. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, шапшаңдықпен, тапқырлықпен тез жауап беруіне дағдыландыру Тәрбиелік:Жолдастарына көмек беру, табиғатты суюге тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру. Түрі: Сайыс
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, топпен жұмыс, картамен жұмыс, ой қозғау әдісі, шығармашылық жұмыс.
Барысы:
I. Сәлемдесу, сайыс тақырыбы, мақсаты.
II. Ұйымдастыру.
1. 1 Қатысатын оқушыларды таныстыру
1. 2. Әділ - қазылар алқасын сайлау.
1. 3 Сайыстың кезеңдерімен және шарттарымен таныстыру
III. Қорытынды.
IV.Марапаттау.
Мұғалім:
- Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі сайыстың қатысушылары.
- Бүгін біздің «білім тарландары» атты сайысын бастаймыз.
- Бүгінгі сайысқа 6б сынып оқушылары қатысады, 7 оқушыдан 1 топ болып шығады. Сонымен бізде 3 топ қатысады.
Бүгінгі сайысымызды бағалайтын және сын беретін әділ - қазылар құрамымен таныстырайық:
Білім деген биік шың Бақытқа сені жеткізер. Білімді деген ақылшың Қиындықтан өткізер,–деп сайысымыздың ойын шарттарымен таныстырып өтелік. Сайысымыз 8 кезеңнен тұрады:
Оқушыларға төс белгі ретінде «тау», «жазық», «мұхит» суреттерінен өздеріне таңдау жасату. Сол бойынша топқа бөлу және не себепті таңдағандарын тыңдау.
Сонымен 3 топ: «Таулар», «Жазықтар», «Мұхиттар».
Сайыс шарты мен таныстыру.
1-тур «Жүйрік болсаң шауып көр» Сұрақ-жауап. Әр топқа 7 сұрақтан беріледі . сұрақ 1 ұпайдан. Жауап бере алмаған топтың сұрағына келесі топ жауап беруге болады.
«Жазықтар» тобына:
1. Цунами толқындары неліктен пайда болады? ( Мұхит астында жер сілкінуден )
2. Шығанақ деген не? (Судың құрлыққа сұғына еніп тұрған бөлігі)
3. Бір мұхиттың суы ластанса, 2-ші мұхиттың суы таза болуы мүмкін бе? (жоқ)
4. Қай теңізде тұздылық жоғары? (Қызыл теңізде)
5. Жер шарында судың көлемі үлкен бе, құрлықтың көлемі үлкен бе? (судың)
6. Ауаның көлденең бағытта қозғалуы? (жел)
7Жанартаудан төмен қарай ағатын, ыстық қоймалжың зат? (лава)
«Таулар» тобының сұрақтары.
Фонтан сияқты атқылайтын ыстық бұлақ? (гейзер)
Біздің еліміз қай литосфералық тақтаның үстінде орналасқан? (Еуразия тақтасы)
Судың мұхиттан құрлыққа, құрлықтан суға үздіксіз ауысу процесі қалай аталады? (дүниежүзілік су айналымы)
Жер сілкінуді сезетін аспап? (сейсмограф)
Атлант мұхиты терең бе Үнді мүхиты терең бе? (атлант)
Бір жағы тұщы бір жағы тұзды көл? (Балқаш)
. Судың биік кемерден құлап ағуы? (сарқырама)
«Мұхиттар» тобының сұрақтары
Барлық меридиан кесіп өтетін материк? (антарктида)
Есімі материкке атау болған саяхатшы? (Веспучи)
Экваторды екі рет кесіп өтетін өзен? (конго)
Жасанды өзен? (канал)
Мұхит суы ішуге жарамды ма? (жоқ)
Орал қаласы орналасқан жазық? (Шығыс Еуропа)
Аквалангты ойлап тапқан мұхит зерттеушісі? (Жак Ив Кусто)
2-тур «Тапқыр болсаң, тауып көр.» (географиялық координаталарды анықтау ) 5 ұпай
1) 640 с.е 130 б. б. – Исландия аралы Гекла жанартауы 2) 790 о е 1690 ш б – Эребус жанартауы
3) 500 о е 700 ш б – Кергелен аралы 4) 190 с е. 980 б б. – Орисаба жанаратауы
5) 190 с.е. 1550 б б –Килауза жанартауы
6) 55 0с е. 1600 ш б- Ключевск жанартауы
3-тур.«Алғыр болсаң анықта.» арал,түбектерді кескініне қарап анықтау.
4-тур.«Бірлесе көтерген жүк жеңіл.» 3мин
«План және карта», «Гидросфера», «Литосфера», «Атмосфера» тақырыптарына сай келетін ұғымдарды бөліп ажырату.
Куба аралынан оңтүстік бағытта жүзіп, Панама бұғазы арқылы Тынық мұхитына шықтым. Кемені солтүстікке қарай бұрып, Оңтүстік Америка материгінің батыс жағалауымен жүзи бердім. Материкті жағалап ұзаааақ жүздім. 1 ай жүзіп Аляска теңізіне келіп жеттім. Сәл аялдағаннан кейін батыс бағытта жүзіп Алеут аралдары арқылы бір үлкен теңізге шықтық.(қай теңіз?) Сол теңіздің атауымен аталатын бұғаз арқылы (қай бұғаз)тағы да бір мұхит айдынына өттік. (қай мұхит)
«Таулар» тобына
Орал тауына саяхат жасаған кезде мен бұл жас әрі биік таудың солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасып,материкті екі дүние бөлігіне бөліп тұрғанының куәсі болдым. Таудың батсында улкен Батыс Сібір жазығы, шығысында Шығыс Еуропа жазығы жатыр. Таудың солтүстігі Қазақстан территориясында Мұғалжар деген атпен белгілі. Таудан Жайық , Тобыл, Ертіс өзендері басталады.
«Жазықтар» тобына
Мен амазонка ойпатына саяхаттағым келеді. Ол үшін алдымен сонааау алыстағы Оңтүстік Америка материгінің оңтүстігіне жетіп алу керек. Ол жерде көбіне көп қайықпен жүзуге тура келеді. (неге?) Ойпатта солтүстіктен оңтүстікке қарай Амазонка өзені ағып, Кариб теңізіне құяды. Ойпаттың оңтүстігі Гвиана қыраты мен, солтүстігі Бразилия таулы үстіртіне ұласқан.
6-тур «Сандар сөйлейді»
Бұл бөлімде тақтада сандар жазылып шығады, топтар ол сандардың қандай объектіге тиісті екенін табады.
8848 м -- Джомолунгма шыңының биіктігі 1054 м -- Анхель сарқырамасының биіктігі 6695 м-- Хан-Тәңірі шыңының биіктігі 1620 м -- Байкал көлінің тереңдігі 180 млн км2,-- Тынық мұхиттың ауданы 11022 м-- Мариан шұңғымасының тереңдігі
Сергіту сәті. Жұмбақ шешу.
Тұрғыны жоқ елдер,үйі жоқ қалалар
Ағашы жоқ ормандар,суы жоқ теңіздер. (карта)
Сатайын десем ауыр кілем, Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)
Бір зат бар дүниеде құшағы кең, Ұшқан құс, жүгірген аң, бәріне тең. Адамзат, жан-жануар арасында, Мәңгілік өсіп-өніп, өмір сүрген. (Жер)
Сілкінетін жері көп,
Шектесетін елі жоқ.
(Жапония)
Аралайық әлемді,
Берем дерек, дәлелді.
Табыңдаршы өздерің
Жұмбақтадым кай елді?
Айтыңдаршы ал енді,
¥лы қорған бар елді.
(Қытай)
Айтыңдаршы ал енді,
Кенгуруі бар елді.
(Австралия)
Айтыңдаршы ал енді,
Пирамидалар бар елді.
(Мысыр)
Көк жүзінде көк жолақ, Қойды екен оны кім бояп? (Кемпірқосақ) ІІІ. Қорытынды бөлім:
Мұғалімнің қорытынды сөзі. Әділқазылар алқасына сөз беру. Топтарды марапаттау.
Ғылымның сырын ұғына, Шығыңдар білімнің шыңына. Дарындылық пен тапқырлық, Жеткізеді сіздерді, География сырына,- дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.