kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Тарих тарландары»

Нажмите, чтобы узнать подробности

""тарих тарландары " интеллектуалды ойын

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Тарих тарландары»»

«Тарих тарландары» атты интеллектуалдық ойын.

Шұбалаң негізгі мектебінің
тарих пәні мұғалімі Бейсенбина Ж
«Тарих тарландары» атты интеллектуалдық ойын.
Мақсаты:
Оқушылардың қазіргі білім негізінде Қазақстан тарихының өркениет құндылықтарымен байланысын анықтай отырып жан-жақты білімін, ойлау, сөйлеу шеберлігін шыңдау арқылы өз интеллектуалдық қабілеттерін арттыру.
Міндеттері:
-Қазақстан тарихы пәнінен білімдерін шыңдау;
-Сөздік қорын,ойлау қабілеттерін арттыру;
-Отан тарихын құрметтеуге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер,интерактивті тақта,слаид.

Эпиграф: Өз тарихын сыйламаған халық,өзін де сыйламайды.
Н.Ә.Назарбаев.
Жүргізуші сөзі:
Адамзат тарихында қай кезеңде болсын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген.Пайғамбарымыздың хадистерінде білім алуға ұмтылу әрбір мұсылманның парызы делінген. Қазіргі ғаламдық заманда дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н.Ә.Назарбаевта жолдауларында баса көрсетті. Қазақстан Республикасы өркениетті ел болуы үшін ең бастысы-білімді болу. Білім - патриотизм негізі. Білімді болу- жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зерделеуге, миға тоқудың нәтижесі.
Бүгінгі сайысымыздың ұраны:
Білекті-бірді жығады,
Білімді-мыңды жығады.
Құрметті ұстаздар, оқушылар,сайысқа қатысушы үміткерлер, «Тарих тарландары» атты интеллектуалдық ойынды бастауға рұқсат етіңіздер.
Құрметті сайыскерлер ойынымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.
Ойынның барысы:
І.Таныстыру.
ІІ. «Өткел».
ІІІ. «Белес».
ІV. «Бекет».
V.”Жерұйық”.

VI«Конверт сұрақ»

І.Таныстыру. (Әр топтың топ басшылары қысқаша таныстырады)

ІІ. Өткел. Мына әріптерден сөздер құрастыр. Бұл кезеңде «Басқатырғыш» шешеміз.

1.РХЕАГИЯОЛО-заттай деректер бойынша адамзат тарихының ежелгі кезеңін зерттейтін ғылым.(АРХИОЛОГИЯ)
2.ТРОЕПФЛИГ- тас,жартас бетіне қашау арқылы сызып немесе ойып салынған сурет.
3.ЮЙЬШАН- ғұн мемлекетінің билеушісінің лауазымы.(ШАНЮЬЙ)
4.ГРАЭТФИЯНО- әр түрлі халықтардың тұрмыс-тіршілігін зерттейтін ғылым.(ЭТНОГРАФИЯ)
5.АЦИЯТАДАП- қалыптасқан жағдайға бейімделу.(АДАПТАЦИЯ)
6.ФЕРЕРЕНДМУ- аса маңызды мемлекеттік мәселе бойынша жалпы халықтық дауыс беру.(РЕФЕРЕНДУМ)
7.АТКРДЕИЯМО- халық еркі немесе билігі.(ДЕМОКРАТИЯ)
8.ҰЕЫҚ- Қазақстан 2010 жылы осы ұйымға төрағалық етті. Астана қаласында 2010 жылы 1-2 желтоқсанда саммиті өтті.
9.ПОСЭК-1917 жылы Астанада өтетін дүниежүзілік көрме.Тақырыбы: «Болашақтың энергиясы».(ЭКСПО)
10.ЕКОНЮС-БҰҰ-ның білім және мәдениет жөніндегі ұйымы.(ЮНЕСКО)
ІІІ.Белес. «Бұл кім?»
1.Б.з.б.484-425 ж.ж.шамасында өмір сүрген грек тарихшысы. Цицерон оны «тарихтың атасы»деп атаған.Ол алғаш «тарих»атты еңбек жазған.
2.«Географияның»авторы.Оның кітабында Кавказ бен Орта Азиядағы ежелгі халықтар мен тайпалар туралы көптеген құнды мағлұматтар келтірген. Ежелгі грек тарихшысы және географы. Б.з.б. 64 жыл-б.з-дың 24 жылдар шамасында өмір сүрген.
3.Парсы патшасының басын кесіп, қан толтырылған торсыққа салады да, «сен қанға тоймаушы едің, енді тойғаныңша іш!» деген сақ патшайымы.
4. ....Менің есігімде темір балқытушы болып жүрген құлдың қызымды сұрауға қалай дәті барды екен деп Бумын қағанды кемсітеді.
5.Арабтар шайқастарға тікелей өзі қатысып ылғи да жеңіске жетуіне байланысты «сүзеген», «мүйізді қаған» деп атаған Түргеш қағаны. Бірақ ол өз қолбасшысы Баға тарханның опасыздығынан қаза болды.
6.Қарахан мемлекетінің негізін қалаған. Ислам дінін қабылдағаннан кейін саманилерден қолдау тауып, өзінің туысы Оғұлшақты жеңіп шығады. Ол билеп тұрған Тараз бен Қашқарды да бағындырады. Сөйтіп бірыңғай бір орталыққа бағынған Қарахан мемлекетін құрды.
7. Тарихшы ғалымдар билік құрған уақытын Қазақ хандығының «Алтын ғасыры» кезеңі деп атаған. Ол тарихта «Жеті жарғы »заңдар жинағын жасаған билеуші ретінде танылған.Үш жүздің ең таңдаулы да беделді деген өкілдерін жыл сайын басын қосып, аса маңызды мәселелерді талқылау үшін Күлтөбеде жиын өткізген. Ханның ордасы қасиетті қала Түркістан болды.
8.1723 ж. көктемінде Қазақ жеріне 70 мың жоңғар әскері жеті бағытта шабуылдап, бейбіт халықты қара шыбындай қырып салған. Бұл - «Ақтабан шұбырынды алқакөл сұлама, ақ мешін» қайғысының бастамасы»(1723-1727). Осы қанды қырғынды ұйымдастырған жоңғар билеушісі.
9. «Жайық өзені қашан сарқылып, арнасы кеуіп қалғанша қазақтар оның бойынан кетпейді» деп қазақтардың Жайық бойындағы алқапта мәңгілік көшіп-қонып жүру құқығын белсенді қорғаған.
10.1835 жылы қарашада Құсмұрын бекінісінде туып, Сырымбетте (Солтүстік Қазақстан) өсті.Оның шын есімі - Мұхаммед-ханафия.Ол географ, саяхатшы, ойшыл, тарихшы, этнограф, әрі суретші. Әкесі Шыңғыс Абылай ханның немересі. Оның жетіліп, сана сезімінің ерте оянуына әжесі Айғаным әсер етті.1858-1859 жылдары өзін әлемге әйгілі еткен Қашқар саяхатына барды.
11.1864 жылы 8қаңтарда Торғайда қазақ балаларына арналған мектеп ашты. Ол орыс -қазақ мектептеріне арнап «Қырғыз хрестоматиясы»(1879), «Қырғыздарды орыс тіліне үйретуге басшылық»атты оқу құралдарын жазды. «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесін жазып қазақтарды егіншілікті кәсіп етуге шақырды.
12.1866 жылы бұрынғы Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7-ауылында дүниеге келген.Ол 1879-1886 жылдары Қарқаралыдағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1890-1894 жылдары Санкт-Петербургтегі Орман институтының экономика факультетінде оқиды. «Алаш» партиясының төрағасы.
ІV.Бекет.
20 20 30
30 30 30
40 40 40
50 50 50

20/1. «Тарих»сөзін алғаш қолданған кімдер? (арабтар)
20/2.Шығыстағы тарихтың атасы Сыма Цяньның еңбегі: «тарихи жазбалар»
20/3.Ең алғаш қағазды ойлап тапқандар: қытайлар
30/1.Ислам дінінің жыл санау үлгісі: хижра
30/2.Алғашқы адамдардың еңбек құралдары: қазғыш таяқ,үшкір тас, шоқпар, шапқы
30/3.Батыс Түрік қағанатының жазғы ордасы: Мыңбұлақта
40/1.Оғыз мемлекетінің астанасы: Янгикент
40/2.Қимақ мемлекетінің астанасы: Қимақия
40/3. «Жерұйықты»іздеп,Сырдарияның бел ортасы Ұлытауда дүниеден қайтты. Қазақ хандығының насихатшысы, «Көшпелілер философы»атанған жырау,күйші, «Қырында киік жайлаған»толғауында өзара қырқысқанАлтын орда ханы Мұхаммедтің ықпалды билерінің бірі: Асан қайғы(Асан Сәбитұлы)
50/1.Қазіргі Астана қаласының шетінде,Есіл өзенінің солтүстік алқабында ерте орта ғасырдағы қала.Қалашық керуендер мен жолаушылар бекеті және түнейтін орны қызметін атқарған.Ол 10-12ғасырда ірі саяси және қолөнер орталығы болған.Бозоқ(Бұзоқ)қаласы
50/2.Алғашқы ұлттық теңгелерді жасауды қолға алған ағылшынның фирмасы: Харрисон
50/3.Алғашқы тың игеруші механизатор,Еңбек Ері.Ол 1945ж.Қостанай облысы Ұзынкөл ауданында дүниеге келген. Алғашқылардың бірі болып, 1972ж. Облыстық, ал 1973ж.бүкілодақтық механизаторлар арасындағы жарыста жүлделі орын иеленді.Ауыл шаруашылық техникаларын меңгерудің алғашқы көшбасшысы болған қазақ қызы: Кәмшат Байғазықызы Дөненбаева.
V.Жерұйық. «Жылдар сөйлейді».
1.1991ж.16желтоқсан-Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туралы заңының қабылдануы.
2.1992ж. 2наурызда -Қазақстан Республикасы БҰҰ-на мүше болды.
3.1992ж.7мамырда-Қазақстан Республикасының Қарулы күштері құрылды.
4.1993ж.28қаңтарда-Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.
5.1993ж.15қарашада-Ұлттық валюта-теңгені енгізді.
6.1994ж.19сәуірде-жаңа парламент өз жұмысын бастады.
7.1995ж.30тамыз-Жаңа Конституция қабылданды.
8.1996ж.6шілдеде-астананы Алматыдан Ақмолаға көшіруге шешім қабылданды.
9.1997ж.10қазан- «Қазақстан-2030».Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы жарыққа шықты.
10.1997ж. -Жалпы Ұлттық татулық және қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы.
11.1998ж.- Халықтар тұтастығы мен Ұлттық тарих жылы.
12.1999ж.-Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы.
13.2000ж.-Мәдениет жылы.
14.2002ж.-Денсаулық жылы.
15.2003-2005ж.ж.-Ауылды дамыту жылы.

«Конверт сұрақ»

Конвертте 4 сұрақтан берілген. сол сұрақтарға топ болып ақылдасып жауап  береді.

1-сұрақ: термин сөздерге қатысты

№1 конверт: 1. Ханталапай дегеніміз не?  (Қазақтың ханын сайлаған кезде хан болып сайлайтын адамды ақ киізге отырғызып көтереді. Би – сұлтандар ақ киіздің шетінен ұстап, жиналған жұртты аралайды. Ханды үш рет көтеріп, халық әрбір көтерген сайын «Хан» деп үш рет айғайлайды. Содан кейін жиналған жұрт жапа – тармағай жабылып, ханды көтерген киізді «тәбәрік» етіп бөліп алады және мал – мүлкін де талап алатын болған.)

№2:  1. «Қазақ» сөзінің мағынасы (Академик В. В. Радлов «Қазақ» сөзінің мағынасы тәуелсіз, ерікті адамдар деп жазады, А. А. Самойлович, Ш. Құдайбердиев «қазақ» сөзінің мағынасы өз алдына ел болып, еркін жүрген халық деп жазады, Ш. Ш. Уалиханов «қазақ» өте қадірлі сөз, күшті, мықты, шабытты дегенді білдіреді дейді.)

№3:     1. «Алаш» сөзінің шығуы («Алаш» сөзі шамамен ІХ-Х ғғ аралығында алғаш рет айтылады.  Бұл сөз қазақ халқының ұраны болған. Кейбір шежірелерде қазақ атауының орнына да қолданылған. Аңызда Қотан байдың үш ұлы Алашаны хан көтеріп, Үйсіні – Ұлы жүз, Болаты – Орта жүз, Алшыны – Кіші жүз болып еншілерін алып бөлінеді. Бұларға барып қосылған қазақ қауымы «Алаш мыңы» аталады. Содан ел аузында «Атамыз Алаш, атымыз – қазақ, үш жүздің ұрпағымыз» деген сөз қалады.)

№4:     1. «Ақсүйектер» және «қарасүйектер» деген кімдер? (ХҮІ-ХҮІІ ғғ  қазақ хандығы халқының құрамы негізгі екі топтан тұрды. Олар ақсүйектер мен қарасүйектер. Екі топтың экономикалық жағынан ғана емес, саяси және құқықтық жағынан да айырмашылықтары болды. Сұлтандар деп аталатын Шыңғыс ұрпақтары мен шығу тегі араб саналатын қожалар ақсүйектерге жататын. Олар қоғамдағы ең ықпалды саяси күш еді. Қазақ қоғамының  қалған топтары мен жіктерінің бәрі – әмірлер, бектер, билер, батырлар қарасүйектерге жатты.)

№5:     1. «Билер кеңесі» дегенді қалай түсіндіресіңдер? ( Хан даулы мәселелерді шешуде билер сотының беделін арттырып, оларды кесімді үкім шығаратын ерекше органға айналдырды. Сонымен бірге «Билер кеңесі» бірте – бірте жергілікті атқарушы өкіметке айналды.  Үш жүздің басын қосып Қазақ хандығын нығайтуда «Билер кеңесінің» рөлі өте зор болды.)

№6:     1. «Жеті жарғыда» қарастырылған мәселелер. (1. Жер дауы. 2. Үй іші мен бала тәрбиелеу. 3. Ұрлық – қарлық, барымта. 4. Бір халық пен басқа ру арасындағы дау. 5. Ұлтын жаудан қорғау. 6. Құн дауы. 7. Жер дауы.)

Қорытынды:
«Білімді, сауатты адамдар - ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деген екен Елбасымыз. Бұл сөз әр ұстаз жүрегіне ой салады. Себебі, кез-келген елдің болашағы жастардың, ұстаздардың біліктілігімен, оның өз шәкіртіне деген ықыласына көбірек тәуелді. Сондықтан әлемдік стандартқа сай біліммен қаруланып, еліміздің болашағы үшін қызмет етіп, отанымыздың арқа сүйер азаматы болыңыздар!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
«Тарих тарландары»

Автор: Бейсенбина Жұмагүл Айтбаевна

Дата: 31.01.2018

Номер свидетельства: 453820

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Тарих тарландары"
    ["seo_title"] => string(19) "tarikh_tarlandary_1"
    ["file_id"] => string(6) "467907"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1524830503"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "Т?рбие са?аты: Тілдер мерекесіне " Тіл тарландары" "
    ["seo_title"] => string(53) "t-rbiie-sag-aty-tildier-mieriekiesinie-til-tarlandary"
    ["file_id"] => string(6) "233702"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1443196222"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Білім тарландары "
    ["seo_title"] => string(16) "bilim-tarlandary"
    ["file_id"] => string(6) "197943"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1428333634"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Интеллектуалды ойын "Білім тарландары" (6-сынып) "
    ["seo_title"] => string(46) "intielliektualdy-oiyn-bilim-tarlandary-6-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "164148"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422599462"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "? А?ыпбек?лы  Мен та?дайтын маманды?"
    ["seo_title"] => string(33) "oakypbiekulymientandaitynmamandyk"
    ["file_id"] => string(6) "298082"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456292028"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства