Сабақтың мақсаты: Оқушылар арасында тоғызқұмалақ ойынын насихаттау. Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылығын ояту.
Дамытушылық: Тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушыларды ұшқырлыққа, ептілікке, есептеуге, жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке баулу.
Сабақтың міндеті: Оқушыларға тоғызқұмалақ ойынын үйрету,ережелері, дұрыс жүру,есептеу жолдары, бай отауларды алу, отаулар атаулары және олардың маңызы,тұздық ашу арқылы бір отауды өз меншігіне алу, жұп жасап, қорғанып жеңіске жету.
Тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушылардың ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру және өз елін сүюге тәрбиелеу.
Тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың барысы: Оқушыларды тізім бойынша тексеру, амандасу. Өткен тақырыпты пысықтау. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
Негізгі бөлім: Ұлттық ойындар көбінесе әр халықтың әлеуметтік – экономикалық жағдайларына, шаруашылық мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен қойдың құмалағымен ойналады. Сондықтан тоғызқұмалақ ойындары ұлттық ойындардың ішінде әріден келе жатқан көнелердің бірі болып табылады. Тоғызқұмалақ ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды ептілікке, ұшқырлыққа тәрбиелейді. Тоғызқұмалақ ойыны баланың ойлау қабілетіне тигізер әсері мол.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жұп жасап қорғану»
Сабақтың тақырыбы: «Жұп жасап қорғану»
Сабақтың мақсаты: Оқушылар арасында тоғызқұмалақ ойынын насихаттау. Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылығын ояту.
Дамытушылық: Тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушыларды ұшқырлыққа, ептілікке, есептеуге, жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке баулу.
Сабақтың міндеті: Оқушыларға тоғызқұмалақ ойынын үйрету,ережелері, дұрыс жүру,есептеу жолдары, бай отауларды алу, отаулар атаулары және олардың маңызы,тұздық ашу арқылы бір отауды өз меншігіне алу, жұп жасап, қорғанып жеңіске жету.
Тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушылардың ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру және өз елін сүюге тәрбиелеу.
Тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың барысы: Оқушыларды тізім бойынша тексеру,амандасу. Өткен тақырыпты пысықтау. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
Негізгі бөлім: Ұлттық ойындар көбінесе әр халықтың әлеуметтік – экономикалық жағдайларына, шаруашылық мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен қойдың құмалағымен ойналады. Сондықтан тоғызқұмалақ ойындары ұлттық ойындардың ішінде әріден келе жатқан көнелердің бірі болып табылады. Тоғызқұмалақ ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды ептілікке, ұшқырлыққа тәрбиелейді. Тоғызқұмалақ ойыны баланың ойлау қабілетіне тигізер әсері мол.
Тоғызқұмалақ ойынының негізгі ережелері:
Жүріс жасау ережесі
Құмалақ ұту ережесі
Тұздық алу ережесі
Атсырау ережесі
Қорғану ережесі
Тоғызқұмалақ ойынының негізгі терминдері:
құмалақ (шар)
қазан
отау (ұя, үй)
бастаушы (ойынды бірінші бастайтын адам)
қостаушы (екінші жүріс жасаған адам)
тұздық (қарсылас ойыншының бір отауын өз меншігіне алу)
атсырау (қарсылас ойыншыда құмалақтың бітуі)
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Тоғызқұмалақ тақтасы дегеніміз - 18 отау, 2 қазан, 162 құмалақтан тұрады. Ойын барысында әр ойыншыға 1 қазан, 9 отау, 81 құмалақ тиесілі. Әрбір отауға 9 құмалақтан салып, алған отаудан бір құмалақтан қалдырып, сағат тіліне қарсы жүріледі.
Ойыншы жеңіске жету үшін 82 құмалақ жинауы керек. Ойын тең дәрежеде аяқталуы мүмкін (81-81).
Жүрісті осыдан бастағаным дұрыс деп есептеген ойыншы сол отауға бір құмалақты ғана қалдырып, жүріс жасаған отаудан кейінгісінен бастап бір - бірден тастай отырып, ең соңғы құмалақты қарсыласының тоғызқұмалағы бар отауларының бірінен бір құмалақ алып, сонымен жұптап, өз қазанына салады. Демек, ойын ережесі бойынша қарсыласынан құмалақ ала отырып, өз құмалағын жұп санға келтіреді. Ойыншылар ойын барысында қарсыласына құмалақ алдырмау үшін өз отауларындағы құмалақтардың санын жұп күйінде ұстап отыруға тырысады. Құмалақтарының санын жұп болып тұрған отауды "жабық отау" деп атайды.
Сондай-ақ қарсылас ойыншылар бір-бірінің отауларындағы құмалақтар санын тақ жасауға ұмтылады. Құмалақтарының тақ болып тұрған отау "ашық отау" деп аталады да, қарсылас бұл отаудан құмалақ ала алатын болады.
Қорғаныс тәсілдерінің бірнеше түрлері бар:
1. Шабуыл көзін жою
2. Шабуылдаушы құмалақтардың бағытын ауыстыру
3. Қарсы соққы
4. Комбинация жасауға кедергі жасау
Қорғаныс арқылы бай отауларды, құмалақтарды ұттырмауға, тұздық бермеуге, қарсыластың алға қойған мақсатын жүзеге асырмау керек. Қорғаныс дегеніміз - қарсыластың шабуыл тәсілдеріне тойтарыс беру.
Ойын барысында ойыншылардың қай-қайсысы болмасын қарсыласының отауындағы құмалақтарын қолмен санауына рұқсат етілмейді. Тек отауларының ашық немесе жабық екенін және қайсысында қанша құмалақ екенін ғана сұрай алады. Сондықтан ойыншылардың қай-қайсысы болмасын, барлық отаудағы құмалақ санын есте ұстауға тырысады.
Қорытынды бөлім:
Сабақтың қорытындылау, ойын соңында жақсы ойын көрсеткен епті балаларды анықтау.
Елбасы қазіргі жастардың болашағына зор сеніммен қарап үміт артады. Яғни, дені – сау, білімді, білікті, жан – жақты қалыптасқан болашақ жастарды елестетеді. Қорытындылай келе, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» - дегендей, жұмысымыз жанданып, алар асуымыз көп болсын. Елімізді қорғар ер –азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл – қыздар молая берсін. "Бәрінен күшті адам өзіне - өзі сенген адам" -дегендей болашақта сіздерден араларыныздан озық ойлы ойыншылар, жеңімпаздар шығады деп есептеймін.