kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ана-?мірді? шуа?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ызылорда  облысы.

Жа?а?ор?ан  ауданы.

№ 56 ?аза?  орта  мектебі.

?лібекова  Г?лнара

                                                                    Ана-?мірді?  шуа?ы

 

     Айналайын  аты?нан  «Ана»  деген. Сол  сезімді  оятар  «бала»  деген. Е?  ?ымбатты  Ана,  ысты?ына  к?йген,  суы?ына  тон?ан  алтындай  ана?ды,  арда?тай  біл!  Жыл  сайын  таби?атты?  ?сем  де  тамаша  мезгілімен  8 –наурыз  халы?аралы?  ?йелдер  к?ні  т?спа-т?с  келеді. М?ны?  ?зіндік  сыры  бар. Д?ниені?  ?зегіне  ??  беріп,  к?к  желекке  б?леген  к?ктем  болса,  дархан  тіршілікті?  тамырын  со?тыратын –Ана!   1913  жылы  8-наурызда  Санк-Петербургте  т???ыш  рет  халы?аралы?  ?йелдер  к?ні  атап  ?тілді. Содан  бері  жыл  сайын  бізді?  елімізде  осы  к?н  ерекше  салтанатпен  аталып  ?тіледі. Бізді?  елімізде  ана  ?йелге  деген  с?йіспеншілікке  ал?ыс  сезімдеріні?  шуа?ына  б?ленген  б?кіл  халы?ты?  мереке  8-наурыз  к?ні  болып  есептеледі. ?о?амымыз  ?йелдерді?  экономика  мен  м?дениетті  дамыту?а  жеткіншек  ?рпа?ты  т?рбиелеуге  ?осып  отыр?ан  орасан  зор  ?лесін  жо?ары  ба?алады. Хал?ымызда  «жан  ?осылса  жа?ынын  табады»  деген  с?з  бар. Адам  баласы  ?уанса  да,  ?иналса  да  ауыз?а  алар  с?зі –ана. А?ын  ананы  ?н-жырына  ?осады,  суретші  оны?  бейнесін  салып  ?алдырады,  с?улетші  оны  тастан  ?ашайды. Ана  барлы?  адамны?  ж?не  б?кіл  д?ниені?  тірегі. Ана  десе,  тал?ымайтын  ж?рек,  тасымайтын  ?ан,  сезбейтін  сезім  жо?. Ананы?  тілі,  сезімі,  тілегі –тіл  жетпес  те?із  сия?ты. Аналарды  ??рметтейік,  н?р?а  б?лейік,  олар  алдында  бас  иейік.

        ?йел –ана. Осы  бір  ??ла??а  жа?ымды  естілер  с?здерді?  аясында  д?ние  ?аламда?ы  е?  жа?сы,  е?  ?демі  ??ым  сиып  т?р?андай  ма  дерсі?. Себебі -?йел  тіршілікті?  т?т?асы,  айнасы  десек,  ана  сол  ?мірді  ?з  ?олымен  жасап,  ?зі  ?ор?ап,  ?оршап  отыр  емес  пе?   Содан  да  шы?ар,  кез  келген,  ?о?амда  ?йел –ананы?  орны  ерекше,  олар?а  деген  ы?ылас  та,  ниет  те  ?згеше. Таби?атта  болмыс  бітімі  н?зік,  с?лу  да  сырлы  ?ыз  ??мырында  ?кісі  б?ла?дап,  шалпысы  сы??ырла?ан,  бас?ан  ізі  білінбес  бойжеткендер  де  ?мір  за?дылы?ына  бой?сынып,  тірлікті?  тат?ызар  шекер-т?ттісінен  г?рі  кермек –ащысын,  ?атуы  мен  татуын,  тау?ыметін  иы?тарына  салып  ж?рген  аналарда –б?рі-б?рі  д?ниені?  ажарын  ашатын,  тіршілікті?  алатын  ді?гегі.

        -Бекзат  ?йел  затынан  жаратыл?аны  аян. Ендеше,  «?йел  ай  секілді,  есікті  жапса?  т???иы?тан  т?седі»  деген,  б?л  ф?ниде  ?йел –ананы?  жылуы  сезілмеген,  мейірім  н?ры  т?гілмеген,  саясы  т?спеген  ?алам  кемде –кем  шы?ар.

        Адам  бойында?ы  асыл  ?асиетті?  б?рі  ананы?  а?  с?тінен  жаралып,  к?нні?  н?р  шапа?ынан  н?р алып,  б?р  жаратынын  атам-?аза?  заманнан-а?  білген.  «Алып  анандан»  деп,  алыпты?  алыбы –халы?ты  ана?а  те?ейтіні  де  тегін  емес. Шынында  да  ел  баста?ан  к?сем  де,  топты  жар?ан  шешен  де,  аузын  ай?а  білеген  а?ын  да,  семсерін  кекке  суар?ан  батыр  да,  ой  кенін  ?аз?ан  ?алам  да,  ?лемді  аузына  ?арат?ан  дарын  да  анадан  ту?ан  ?ой. Бар  тіршілікті?  бастау  к?зі,  ?рі  ?йыт?ысы  осы  ана  ?арлы?аштай  ?анатымен  су  сеуіп,  ?ашан  да  ?з  отбасыны?  ?ана  емес,  к?ллі  отандасыны?  тынышты?ын  ?ор?айды. Ел  басына  ?атер  т?нсе,  ерлермен  бірге  ат?а  ?онып,  ?з  хал?ыны?  бей??т  ??ірі,  бейбіт  ?мірі  ?шін  шыбындай  жанын  ?иып,  ?асы?тай  ?анын  т?гуге  де  ?зір. ?й  ішіні?  ала?сыз  тіршілігін  ?ана  емес,  ?лысыны?  ынтыма?  бірлігін  ойлап,  жо?ында  еріні?  орнын  басып, еліні?  ?амын  жеген  аналар  да  адамзат  тарихында  аз  ?шыраспайды. Ана!  О, дари?а,  аспан  астында  ананы?  барын,  жер  басып  ж?ргенін  сезінуден  ас?ан  ба?ыт  бар  ма?  К?н  н?ры,  та?  самалы, г?л  исі,  осыны?  б?рі  сені  тап?ан  ана?ны?  ?асиетінен  тарал?ан,  мейірімнен  тара?ан  рахат  екен  ?ой. Тіршілікті?  бар  ?ызы?ы  ананы?  са?ан  елжіреп  ?ара?ан  к?з  шарасына  сыйып,  к?з  шарасында  ?ана  т?рады  екен-ау!   Жер  ?стінен  ана?  кетті  дегенше,  осында  жары?  д?ниеге  деген-ау!   Жер  ?стінен  ана?  кетті  дегенше,  осында  жары?  д?ниеге  деген  жан  жылы?ыны?  жарымы  ?ара?  ?алды  десе?ші!

       Ана, Ана!  Сені  ?олымен  жасап,  са?ан  жары?  к?рсетіп  бір  рет  кешер  ??мыр  берген  ??дыреті  к?шті  ??дай  ?ой  ана  деген!  Сені  жаратушы  да,  ?ашан  ?зі?мен-?зі?  болып  кеткенше  жаны?ды  са?таушы  да  сол -Ана!        

      Ана!  Осынау  киелі  с?з  кімні?  ж?регін  елжіретпеген? А?ын  ж?рекжарды  жырын  арнайды,  сазгер  ?нін  арнайды,  суретші  ?лемдегі  е?  мейірбан  жанны?  бейнесін  саларда  анасыны?  келбетін  к?з  алдына  елестетер,  ал  жазушы  атаулыны?  ана  та?ырыбына  ?айта-?айта  оралма?аны  бар  ма  екен?!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ана-?мірді? шуа?ы »

Қызылорда облысы.

Жаңақорған ауданы.

№ 56 қазақ орта мектебі.

Әлібекова Гүлнара

Ана-өмірдің шуағы


Айналайын атыңнан «Ана» деген. Сол сезімді оятар «бала» деген. Ең қымбатты Ана, ыстығына күйген, суығына тонған алтындай анаңды, ардақтай біл! Жыл сайын табиғаттың әсем де тамаша мезгілімен 8 –наурыз халықаралық әйелдер күні тұспа-тұс келеді. Мұның өзіндік сыры бар. Дүниенің өзегіне өң беріп, көк желекке бөлеген көктем болса, дархан тіршіліктің тамырын соқтыратын –Ана! 1913 жылы 8-наурызда Санк-Петербургте тұңғыш рет халықаралық әйелдер күні атап өтілді. Содан бері жыл сайын біздің елімізде осы күн ерекше салтанатпен аталып өтіледі. Біздің елімізде ана әйелге деген сүйіспеншілікке алғыс сезімдерінің шуағына бөленген бүкіл халықтық мереке 8-наурыз күні болып есептеледі. Қоғамымыз әйелдердің экономика мен мәдениетті дамытуға жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуге қосып отырған орасан зор үлесін жоғары бағалады. Халқымызда «жан қосылса жақынын табады» деген сөз бар. Адам баласы қуанса да, қиналса да ауызға алар сөзі –ана. Ақын ананы ән-жырына қосады, суретші оның бейнесін салып қалдырады, сәулетші оны тастан қашайды. Ана барлық адамның және бүкіл дүниенің тірегі. Ана десе, талқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім жоқ. Ананың тілі, сезімі, тілегі –тіл жетпес теңіз сияқты. Аналарды құрметтейік, нұрға бөлейік, олар алдында бас иейік.

Әйел –ана. Осы бір құлаққа жағымды естілер сөздердің аясында дүние ғаламдағы ең жақсы, ең әдемі ұғым сиып тұрғандай ма дерсің. Себебі -әйел тіршіліктің тұтқасы, айнасы десек, ана сол өмірді өз қолымен жасап, өзі қорғап, қоршап отыр емес пе? Содан да шығар, кез келген, қоғамда әйел –ананың орны ерекше, оларға деген ықылас та, ниет те өзгеше. Табиғатта болмыс бітімі нәзік, сұлу да сырлы қыз ғұмырында үкісі бұлаңдап, шалпысы сыңғырлаған, басқан ізі білінбес бойжеткендер де өмір заңдылығына бойұсынып, тірліктің татқызар шекер-тәттісінен гөрі кермек –ащысын, қатуы мен татуын, тауқыметін иықтарына салып жүрген аналарда –бәрі-бәрі дүниенің ажарын ашатын, тіршіліктің алатын діңгегі.

-Бекзат әйел затынан жаратылғаны аян. Ендеше, «әйел ай секілді, есікті жапсаң тұңғиықтан түседі» деген, бұл фәниде әйел –ананың жылуы сезілмеген, мейірім нұры төгілмеген, саясы түспеген ғалам кемде –кем шығар.

Адам бойындағы асыл қасиеттің бәрі ананың ақ сүтінен жаралып, күннің нұр шапағынан нәр алып, бүр жаратынын атам-қазақ заманнан-ақ білген. «Алып анандан» деп, алыптың алыбы –халықты анаға теңейтіні де тегін емес. Шынында да ел бастаған көсем де, топты жарған шешен де, аузын айға білеген ақын да, семсерін кекке суарған батыр да, ой кенін қазған ғалам да, әлемді аузына қаратқан дарын да анадан туған ғой. Бар тіршіліктің бастау көзі, әрі ұйытқысы осы ана қарлығаштай қанатымен су сеуіп, қашан да өз отбасының ғана емес, күллі отандасының тыныштығын қорғайды. Ел басына қатер төнсе, ерлермен бірге атқа қонып, өз халқының бейқұт өңірі, бейбіт өмірі үшін шыбындай жанын қиып, қасықтай қанын төгуге де әзір. Үй ішінің алаңсыз тіршілігін ғана емес, ұлысының ынтымақ бірлігін ойлап, жоғында ерінің орнын басып, елінің қамын жеген аналар да адамзат тарихында аз ұшыраспайды. Ана! О, дариға, аспан астында ананың барын, жер басып жүргенін сезінуден асқан бақыт бар ма? Күн нұры, таң самалы, гүл исі, осының бәрі сені тапқан анаңның қасиетінен таралған, мейірімнен тараған рахат екен ғой. Тіршіліктің бар қызығы ананың саған елжіреп қараған көз шарасына сыйып, көз шарасында ғана тұрады екен-ау! Жер үстінен анаң кетті дегенше, осында жарық дүниеге деген-ау! Жер үстінен анаң кетті дегенше, осында жарық дүниеге деген жан жылығының жарымы қараң қалды десеңші!

Ана, Ана! Сені қолымен жасап, саған жарық көрсетіп бір рет кешер ғұмыр берген құдыреті күшті құдай ғой ана деген! Сені жаратушы да, қашан өзіңмен-өзің болып кеткенше жаныңды сақтаушы да сол -Ана!

Ана! Осынау киелі сөз кімнің жүрегін елжіретпеген? Ақын жүрекжарды жырын арнайды, сазгер әнін арнайды, суретші әлемдегі ең мейірбан жанның бейнесін саларда анасының келбетін көз алдына елестетер, ал жазушы атаулының ана тақырыбына қайта-қайта оралмағаны бар ма екен?!







































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Ана-?мірді? шуа?ы

Автор: ?лібекова Г?лнара

Дата: 27.01.2015

Номер свидетельства: 162226


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства