Сапқа тұрғызу. Рапорт қабылдау. Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Саптық бұрылыстар: оңға, солға және кері бұрылу. Саппен жүріп жасалатын жаттығулар: саппен жүру арақашықтық сақтау. Екі қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Екі қолды белге қойып, өкшемен жүру. Екі қолды алға созып, жартылай отырып жүру. Екі қол желкеде отырып жүру. Жүгіріп жасалатын жаттығулар: Оң жақ қырмен және сол жақ қырмен қолды айналдырып жүгіру. Қолды алға созып тізені көтеріп жүгіру. Екі қол артта өкшені қолдың ұшына тигізіп жүгіру. Жылдамдықты арттырып жүгіру. Дем басу жаттығуын жасау. Терең тыныс алу дембасу. Жалпы дамыту жаттығулар: Екі қол белде басты оңға және солға айналдыру. Екі қол белде басты алға, артқа, оңға, солға иілу. Екі қолды иыққа қойып алға, артқа айналдыру. Екі қол белде, белді оңға және солға айналдыру. Екі қолды алға созып, оң аяқты сол қолдың ұшына, сол аяқты оң қолдың үшына тигізу. Екі қолмен тізені ұстап, тізені айналдыру. Екі қол белде, оң аяқпен сол аяқпен және қос аяқпен бір орында секіру. Дем басу жаттығуын жасау. Терең тыныс алу дем басу. |