Ерте,ерте, ертеде ешкі жүні келтеде бір шал мен кемпір, (жалюзидің 1 жағы ашылады).жалғыз тауығы болыпты.Сол тауық күндердің бір күнінде жұмыртқа басуға жатады. Олардың үйінің жанында орман болады.(жалюзидің 2 жағы толық ашылады). Сол орманның ішінде қу түлкі өмір сүрген екен. Қу түлкі тауықтың жатқанын көріп, жұмыртқасын аңдып отырады. Тауық жиырма күн жатқан соң қарны ашып, тамақтануға кетеді. Сол кезде қу түлкі тауықтың жұмыртқасын ұрлап әкетеді. (жалюзи лер жабылады).
Нұсқаушы: балаларды спорт залға саппен кіргізіп, бір сапқа тұрғызу. Амандасу.
Негізгі бөлім
Түлкі: (Қу түлкі қолында жұмыртқа ұстап, спорт залдың ортасымен қашып кетіп бара жатады).
Нұсқаушы:Балалар, қараңдаршы? Біздің спорт залға қайдан түлкі пайда болыпты? Тоқта түлкі қайда асығып бара жатырсың? Сен не әкетіп бара жатырсың?
Түлкі: (Аң-таң болып, жұмыртқасын қалдырып өзі қашып кетеді).
Нұсқаушы:Сендер бір дыбысты естіп тұрсыңдар ма? (жұмыртқадан балапанның дауысы шығады). Жұмыртқа жарылып, ішінен балапан шығады. Сәлем балапан. Сенің үйің қайда? Т.б сұрақтар қойлады.
Нұсқаушы: Бізжолға шықпас бұрын дайындалып, дененімізді шынықтырайық. Оңға бұрыл. Балапан сен де бізбен бірге жүр. (ЖДЖ тыныс ретке келтіру) балалар, біз күш жинадық па?
Балалар: Ия жинадық. (көрсетеді)
Нұсқаушы: Балалар, қараңдаршы? Қу түлкі біздің жолымызға кедергілер қойып кеткен екен.Сендер саппен жүріңдер әйтпесе жолда қалып қоясыңдар. Оңға бұрыл. Саппен бірінің артынан бірі жүреді.Балапанның үйін табу үшін біз кедергілерден өтуіміз керек.
(Музыка әуені жүреді)
1-ші тапсырма: Мына ұзын бөренеден өтуіміз керек. 2-ші тапсырма: Мына қапшықтармен өтуіміз керек. 3-ші тапсырма: Мына томардан өтуіміз керек. 4-ші тапсырма: Мына туннельден өтуіміз керек.
Нұсқаушы: Балалар,қараңдаршы? Біз балапанның үйіне жетіп қалған секілдіміз. (Сол кезде жалюзи ашылады алдынан тауық шығады. Балапан қуанып, тауыққа қарай жүгіріп құшақтайды).
(Осы кезде түлкі де пайда болады).
Түлкі: (Өз айлакерлігін іске асыру үшін тауық пен балалардан кешірім сұрайды).
Нұсқаушы: Тауық сен түлкіні кешіресің бе?
Тауық: Менің балапаным табылды. Сондықтан түлкі мен сені кешіремін.
Нұсқаушы: Балалар, балапан анасын тапты. Ал, сендер түлкіні кешіресіңдер ме?
Балалар: Ия кешіреміз.
Түлкі: Қуанып,сендерменімен бір ойын ойнаңдар. (Түлкінің ойында балапанды жеп қою болады.)
Ойын: «Өз үйінді тап». (Музыка әуені жүреді)
Түлкі: Ой мен шаршадым. Тауық сенің балапаның, балапанының достары да өте ақылды, шапшаң, епті, икемді екен.
Тауық: Менің балапанымды қорғап, үйге жол көрсеткендерің үшін рақмет балалар! Менде сендерге деген сыйлығым бар. (Музыка әуені жүреді, себетпен сыйлық береді)
Нұсқаушы: Балаларды сапқа тұрғызу. Балалар біз бүгін неге көмектестік?Неден қорғадық? Сұрақ-жауап арқылы қорыту. Балалар қоштасып саппен спорт залынан шығып кетеді.