Гимнастикалық жаттығуларға қандай жаттығулар жатады.
Жалпы дамыту жаттығулары
Секіргішпен жасалатын жаттығулар
Жұптасып жасалатын жаттығулар
Құралсыз орындалатын жаттығулар
Және де оқушылар акробатикалық жаттығуларда жатады.
Оқушыларға сұрақ
Ал енді акробатикалық жаттығулар туралы не білесіңдер. Акробатикалық жаттығуларға қандай жаттығулар жатады.
Акробатикалық жаттығулар
Тақтаға бүгінгі күнді, сабақтың тақырыбын жазу.
Сабақтың мақсаты: Акробатикалық элементтер арқылы
гимнастикалық спорт тәсілдерін меңгеру.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау, достыққа,
ұйымшылдыққа, ұжымшылдыққа, бір-біріне
көмек көрсетуге дағдыландыру. Акробатикалық
элементтер тәсілдері арқылы төзімділікке, ептілікке,
икемділікке баулу.
ІІ. Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс.
Бұл әдісте жаңа тақырыпты оқушылар өздері оқып, түсініктерін айтады. Дайындалуға 10 минут. Дайындалып болған топ уақытынан бұрын айтуға болады. Мәтінмен таныса отырып тапсырмалар орындау.
Тапсырма
І - топ.
Акробатикалық жаттығулар.
Қарлығаш кейпіне келу, алға аунап түсу, көпір жасау, жауырынға тұру, жартылай шатқа отыру.
ІІ – топ.
Бөрене. Тепе-теңдік жаттығулары.
Қарлығаш бейнесін жасау.
Қолды жайып, аяқтың ұшына жүру.
Кері бұрылу, бөренеден секіріп түсу.
Сабағымыздың келесі бөлімі сызықтық диктант деп аталады. 2 топқа да ортақ орындалады.
Шарты:Топ басшысы бір қағазға кесінді сызады, оны бес бөлікке бөледі. Мұғалімнің оқыған сұрақтарына топта бір-бірімен жағалай отырып, бір қағазға әрбір оқушы бір сұраққа кезегімен ия деген жауапқа «+» белгісін, жоқ деген жауапқа «–» белгі қою арқылы жауап береді. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай, әрбір топ барлығы 5 ұпай жинай алады.
Сұрақтар:
Тепе-теңдік сақтау жаттығуларын үш түрге бөлуге болады. –
Шаршаған кезде тепе-теңдік жаттығуларын орындауға талаптанбау керек. +
Акробатикалық жаттығулар секіргішпен жасалатын жаттығуға жатады. –
Көтеріңкі тіректі тепе-теңдікті сақтау жаттығулары гимнастикалық орындықта, дөңгелек және төртбұрышты бөренеде, гимнастикалық баспалдақта орындалады. +
Акробатикалық жаттығуларға тепе-теңдікті сақтау жаттығулары жатады. +
ІІІ. Ой толғаныс.
Венн диаграммасы
Тапсырма: Тепе-теңдікті сақтау жаттығуларымен секіргішпен жасалатын жаттығуларды салыстыру.
Қорытындылау.
Сонымен оқушылар бүгінгі сабағымызда біздер тепе-теңдік сақтау жаттығуларымен таныстық және де оларды орындадық.
Үйге тапсырма: Тепе-теңдікті сақтау жаттығуларын қайталау.
Бағалау.
Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысып, 5 деген баға алған оқушылар:
Сабаққа өз үлестерін қосқан, жақсы қатысқан оқушыларға 4 деген баға қойылады.
Сабақ аяқталды.
Сау болыңыздар.
І – топ
Акробатикалық жаттығулар.
Қарлығаш кейпіне келу, алға аунап түсу, көпір жасау, жауырынға тұру, жартылай шатқа отыру.
ІІ – топ
Бөрене. Тепе-теңдік жаттығулары.
Қарлығаш бейнесін жасау.
Қолды жайып, аяқтың ұшымен жүру.
Кері бұрылу, бөренеден секіріп түсу.
Құпия сан ойыны.
Акробатика
2. Аяқтың ұшымен жүремін, биікке шығамын
3. Сәуле Барлыбаева
4. 1933 жыл
5. Қалалардың ашық алаңдарында
Сұрақ.
Акробатика – грек тілінен алынған, қазақша қандай ұғымды білдіреді.
Акробатикалық жаттығулар алғаш қайда орындалды.
Қазіргі таңда спорттың кең тараған бір түрі.
Акробатикалық жаттығулардан ел намысын қорғаған спортшы
Қазақстанда спорттық акробатика қай жылы тарай бастады.