а) Сапқа тұрғызу б) сәлемдесу в) сабақтың тақырыбы мен міндеттері саптық жаттығулар І. Дайындық бөлімі. Жүру, жүгіру және секіру жаттығулары:қозғалыстағы жаттығулар топтамасы,жүру жаттығулар топтамасына көшу және орында тұрып орындалатын жаттығулар топтамасы ІІ. Негізгі бөлім . «Көңілді» старттар ойыны мен ұлттық ойындар 1.Жүгіру обрушпен 2. Кедергелердің арасынан допты алып жүру 3. Допты таяқшамен алып жүру 4. Кедергілердің арасынан скакалкамен жүгіру «Арқан тарту» Ойынның ережесі: Арқан тарту. Алаң ортасына көлденең сызық сызылады. Ойынға екі ұшы тұзақтап байланған ұзын жіп немесе арқан керек. Ойынға қатысушылар өз топтарымен бірге екі жақтан арқанды белге салып өз жағына қарай тартады. Ортадағы көлденең сызықтан қай топ бұрын сүйреп өткізсе, солар жеңіске жетеді. Асық ойыны. «Тас қала» Ойынның ережесі: Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Олар тегіс жерді таңдап алып шеңбер сызады да, дәл ортасына асықтарды бірінің үстіне бірін пирамида етіп жияды. Сонан соң асық тігілген жерден ойынға қатынасушылардың жас ерекшелігіне орай көн белгіленеді. Оның қашықтығы 7 — 8 метрден кем болмайды. Ойынды бірінші болып бастайтын ойыншыны анықтау үшін сақаларын иіреді. Кімнің сақасы бұрын алшы түссе ойынды сол бастап, қалғандары да осы тәртіппен өз кезектерін алады. Алшы бірінші, тәйке екінші, бүге үшінші, шіге төртінші. Егер ойыншының асығы омпа түссе, онда ол алшыдан жоғары болып есептеледі де, бірінші орынды сол алады. Егер де екі не үш адамның асығы бірдей не алшы не бүк, не шік, не тәйке түссе, онда саңалар қайта иіріледі. Атушы «Тас қалаға» сақасын дәл тигізіп, бір асықты шеңберден шығарса, ойынды жалғастырып, сақасы түскен жерден қайта атады. Шеңберден атып шығарған асықтарын ала береді. Егер бірінші атушы тигізе алмаса, онда екінші ойыншы атады. Егер атқан ойыншы «Тас қаланы» бұзып, бірақ асықты шеңберден шығара алмаса, онда айыбын қосып «Тас қаланы» қайта түрғызады. Егер атушы тас қаланы бұзып бір асықты шеңберден шығарса, онда қалған асықтарды шеңберден шығара алмаганға дейін ата береді. Қалған ойыншыларды бүзылған «Тас қаланың» бытырап жатқан қалдықтарын атып алады. Көнде жатқан асықтар түгелдей біткен соң, ойын қайта басталады. Ойын ережесін түсіндіру. Ойын ережелерін қатаң түрде сақталуын ескерту. Ойын ережесін түсіндіру. Ойын ережелерін қатаң түрде сақталуын ескерту. Күрес. Екі адамның белгілі бір уақыт аралығында белдесіп күш сынасуын күрес деп атайды. Күресте дайындығы мол, күшті әрі епті балуан жеңіске жетеді. Күрес денені шынықтырады. Ол адамның қимыл - қозғалысын жетілдіреді. Күрестің бірнеше түрі бар. Қазақ күресінің әдіс - тәсілдері. а) Әдісті қолданушы қарсыласының оң жеңінен ұстап, оң қолмен белбеуден ұстап, жамбас әдісін қолданып құлату б) Жеңнен омыраудан ұстап иықтан асыра тастау. в) Желкеден жеңнен ұстап қырқа әдісін қолданып құлату. г) Жеңнен, жағадан ұстап шалу әдісін қолданып құлату д) Жаға, жеңнен ұстап іштен шалып құлату әдісін қолдану е) Жеңнен белбеуден ұстап жаңға тастау әдісін қолдану ІІІ. Қорытынды бөлім Сапқа тұрғызу . Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма. Ұйымдастырылған түрде спорт залдан шығару. | 2 5 35 10мин 5мин 10мин 10мин 2-3 1мин 1мин 1мин | Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.ескертулер Жаттығуларды дұрыс ,толық , ара қашықтықты сақтап,басқа балаларға кедергі жасамау. Денені түзү,тізені бүкпеу, қол, аяқты толық жазу, созу. Әр бұйрық пәрмені бойынша жат.орында өткен материалдарды еске түсіру. Түсіндіру ,көрсету ,үйрету ,сақтандыру әдістерін қолдану. Басты мақсат мектеп жасындағы балаларға аталған пәнді ұйымдастыру және өткізу әдістемесіне көңіл аудару. Тәжірибелік сабақта студенттер пәнге арналған жаттығулардың техникасын игеру мен қатар жаттықтыру әдістемесіне педагогикалық тұрғыда көңіл бөлінеді. Бұл бағыт студенттердін жалпы физикалық дайындығынада әсерін тигізеді. Қауіпсіздік талаптарын қатаң сақта Жаттығудың дұрыс орындалуын қадағалау Ойынның ережесін басшылыққа алу,әдістемлек нұсқау беру. Мадақтаулар,жіберілген қателіктер мен кемшіліктерді түзетіп ,ескертулер жасау.Орындау техникасына қарай. |