Дайындық бөлімі 1.Кезекшінің рапорт беруі. 2.Сабақ тақырыбы мен міндетін, мақсатын түсіндіру. 3.Саптағы арнайы жаттығулар. 4.Дене қозғалысына байланысты жаттығулар жасату. а)Аяқтың ұшымен, қырымен, ішкі қырмен, өкшемен жүру. б)Жеңіл жүгіріс. в)Жанымен жүгіру, оң жағымен, сол жағымен. г)Арқамен жугіру. д)Аяқты жоғары көтеріп жүгіру. е)Аяқты арқаға көтеріп жүгіру. 5.Орнында тұрып жаттығу жасау. а)Аяқты алшақ ұстап, қолды белге қойып, басты айналдару. (4 рет оңға, 4 рет солға) б) Аяқты алшақ ұстап, қолды иыққа қойып, иықты айналдыру. (4 рет оңға, 4 рет солға) в) Аяқты алшақ ұстап, сол қолды жоғары, оң қолды төмен түсіріп екпінмен жаттығу жасау. (4 рет) г) Аяқты алшақ ұстап, қолды кеудеге қойып, екпінмен кеудені оңға, солға бұру. д) Аяқты алшақ ұстап, қолды алға созып, сол аяқпен оң қолға, оң аяқпен сол қолға тигізу. е) Аяқты алшақ ұстап, қолды тізеге қойып, ішке қарай 4 рет, сыртқа қарай 4 рет айналдыру. ж) Қолды жоғары көтеріп 10 рет секіру. Негізгі бөлім: 1.Оқушыларды сапқа тұрғызу. 2.Екі топқа бөлу. 3.Жаңа сабақты түсіндіру. 4.Жаңа сабақты орындау. а)Кеудеден пас беру б) Допты жоғарыдан беру в)Допты алып жүру г)Екі жақты ойын |