(Б, К) Мұғалім оқушылармен амандасады. Содан кейін ол оқушыларға келесі сұрақтарды талқылауды ұсынады: - басқыншылық ойындарда ойын кеңістігінде қандай бағдарлау дағдылары қажет? - жылдамдық пен үйлестіруді қалай дамытуға болады? Жүру барысындағы жаттығулар. а) аяқ ұшымен б) өкшемен в) жартылай отырып г) толық отырып д) саптық жүріс Жүгіру барысындағы жаттығулар. а) жай жүгіру б) аяқты алға сермеп в) тізені жоғары көтеріп г) өкшені жамбасқа лақтырып д) оң жақ қапталға тіркемей адым е) сол жақ қапталға тіркемей адым ж) арқамен жүгіру з) жылдамдыққа и) тынысты қалыпқа келтіру Жалпы денені жетілдіру жаттығулары 1.Бір қалыпты аяқ иық көлемінде, қол белде 1-4 басты оң жаққа, 5-8 сол жаққа айналдыру. 2.Бір қалыпты аяқ иық көлемінде, қол белде 1-басты оң жаққа, 2-сол жаққа, 3-артқа, 4-алға еңкейтеміз. 3.Бір қалыпты аяқ иық көлемінде қол иықта 1-4 иықты алдыға, 5-8 артқа айналдырамыз 4.Бір қалыпты аяқ иық көлемінде оң қол жоғары, сол қол төменде 1-2оң қол артқа кереміз 3-4 сол қолды артқа кереміз. 5.Бір қалыпты аяқ иық көлемінде, қол кеуде алдында бүгілу. 1-2 қолды кеуде алдында бүгіп кереміз 3-4 қолды жазып кереміз. 6.Бір қалыпты аяқ иық көлемінде, оң қол жоғарыда, сол қол белде 1-2 кеудені сол жақа еңкейтеміз 3-4 қолды ауыстырып еңкейтеміз 7.Бір қалыпты аяқ иық көлемінде, қол белде 1- оң аяққа еңкейеміз 2- ортаға 3- сол 4- Бір қалыпты 8.Бір қалыпты аяқ иық көлемінде қол төменде 1- қол жоғарыда 2- қол алға еңкейеміз 3- отырамыз 4- Бір қалыпты 9.Бір қалыпты аяқ иық көлемінде қол белде 1-2 оң аяққа 3-4 сол аяққа 5-8 қос аяқпен секіреміз
Тапсырманың дескриптерлері: - жылдамдық пен үйлесімдіктің арнайы жаттығулар кешенін құрастырып көрсете алады; - жаттығуларды орындаған кезде аралық пен ара қашықтықты сақтайды; - жаттығуларды орындаған кезде бірде бір төртбұрышты өткізбейді; - жаттығуларды қатесіз орындайды. Формативтік бағалау: Мұғалім «бағдаршам» әдісін қолданады (әр түсті дөңгелек карточкалары): жасыл – тамаша, сары – жақсы, қызыл – қанағаттанарлық. (Б, Ж, Ф) Жалпы оқушыларды сапқа тұрғызып жаңа сабақты түсіндіру. Акробатикалык алға қарай тоңқалаң асу, денені жинақтап алып аударылып түсу. Оған керісінше, артқа қарай домалап, асып түсу, жаттығудың аяқ кезінде қолды тіреу арқылы денені аударып түсіру. Алғада, артқада домалап түсуді орындау үшін жинақталу қажет. Жинақталуды үйренген соң, бастапқыда біреудің көмегі арқылы, алға қарай домалап түсуге көшу керек. Оқушы жүрелеп отырады, бас екі тізенің арасына қарай еңкейтіледі. Аяқты тіреп итерілу қарсаңында және домалап түсудің алдында басын төсенішке тигізбей екі тізесіне қарай жақындатады, сөйтіп, денені бірден аударып түсуге көмектеседі. Артқа қарай домалап түсуде әуелі шалқалап жатып, қолды иықтан асыра тіреу арқылы артқа тербетілеуден бастаған жөн. Сосын жауырынға тұрған қалыптан артқа қарай аударылып, қолды иықтан асыра еденге тигізіп қайтадан жүрелеп отыру. Келесі кезек-жүрелеп отырудан артқа домалап түсу, қолды тіреп тізерлеп отыру; домалап асып түсіп, аяқты алшақ қойып тіреп тұру; артқа қарай домалап асып түсу. Жүреден жартылай отырып, артқа тоңқалаң асу, аяқты түзу ұстап жауырынмен тұру, сосын алға тоңқалаң асу, соңында түзуленген аяқты жіберіп, алақанмен еденге тірелу, қайтадан қалпына келу. Дәл осылай, бірақ қолмен ешнәрсеге тірелмеу керек. Тапсырманың дескриптерлері: - қауіпсіздік техникасын сақтайды; - ойын кеңістігінде бағдар жасай алады; - қашушы шеңберден алыстамайды; - қашушы шеңбердің ортасынан жүгіріп өтпейді. Формативтік бағалау: Мұғалім оқушыларға бін бірі бағалау әдісін қолдануға ұсынады («бас бармақ» әдісі): бас бармақ жоғары – тамаша, бас бармақ – көлденең – жақсы, бас бармақ төмен – қанағаттанарлық. Сұраңыз: Бұл ойын қандай физикалық қасиеттерді дамытады?
Рефлексия. Сабақтың соңында оқушылар стикерлерге жаңадан алған ақпаратты жазып өз пікірлерін білдіріп мүғалімге тапсырады. Үй жұмысы: Ғаламтор арқылы жылдамдық және үйлесімдікті дамытатын арнайы жаттығулардың жиынтықтарын көріп талқылау. Жылдамдық және үйлесімдікті дамытатын арнайы жаттығулардың кешенін құрастыру. |