Ұйымдастырушылық- оятушылық | Педагог төмендегі тапсырмаларды орындатады: «Менің көңілді добым» адымдап, аяқты жоғары көтере, қолды еркін ұстап жүру (педагог балалардың арасында жүріп, қолмен қимыл жасап, «доптармен» ойнаған сынай көрсетеді). Бір аяқпен еденді тарсылдата, шоқырақтап, екі аяқпен секіре жүру. Сап-тізбекте бірінің артынан бірі белгі бойынша тоқтап, арақашықтықты сақтап, бір-біріне соқтығыспай, бытырап (доптар жан-жаққа домалап кетті), шоқырақтап, секіре жүгіру. Белгі бойынша тоқтау. Балалардың өкшемен қатты тарсылдатпай, жеңіл секіруін қадағалау. Өздігінен уқалау: Қолымыз сабындадық, қолымызды жудық! Таза су бетімізді аймалайды, тазалайды. Сабынмен құлағымызды жудық, Таза су бетімізді аймалайды, тазалайды. Алақанымыз қандай?! | Педагогті мұқият тыңдайды, дұрыс орындауға тырысады. |
Ұйымдастырушылық-ізденушілік | Жалпы дамыту жаттығулары Екі қатарға тұрғызып, жалпы дамыту жаттығуларын орындатады. Жаттығудың жасалу ретін түсіндіріп тұрып көрсетеді. Балаларға орындатады. Балалардың дұрыс орындалуын қадағалайды. Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары: -Гимнастикалық орындық үстімен қолға зат ұстап жүру (биіктігі 30 см, ені 20 см); -Допты астынан екі қолмен алға (алысқа) лақтыру. Қимылды ойын: «Адымдай жүр» | Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды. Педагогті мұқият тыңдайды, тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады. Ойынға жаппай қатысады. |