kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ҚМЖ- Натурал көрсеткішті дәреже- 7 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл құжатта 7 сынып Алгебра пәніндегі “Натурал көрсеткішті дәреже” тақырыбына арналған қысқа мерзімді жоспар берілген. ҚМЖ тақырыпқа берілген 3 сағаттың 2-ші сағаты бойынша жасалынған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ҚМЖ- Натурал көрсеткішті дәреже- 7 сынып»

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.1 А

Мектеп: №5 мектеп- лицей

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Махаева Д.М.

Сынып: 7 Қатысқандар: 17

Қатыспағандар: -

Сабақтың тақырыбы

Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері- 3сағат

(2-сабағы)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.1.2.2 Санның дәрежесі қандай цифрға аяқталатынын анықтау;

7.1.2.3 Нөл және бүтін теріс көрсеткішті дәреженің анықтамасын және оның қасиеттерін білу.

Сабақтың мақсаты

Көбейтіндіні және бөліндіні дәрежеге шығарудың ережесін түсінеді. Санның дәрежесі қандай цифрға аяқталатынын анықтайды. Көбейтіндіні және бөліндіні дәрежеге шығару ережесін есептер шығаруда қолданады.

Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Түсіну, қолдану

Бағалау критерийі

Нөлден өзге санның нөл дәрежесі ережесін түсінеді. Теріс көрсеткішті дәреженің қасиеттерін есептер шығаруда қолданады.

Тілдік мақсаттар

Негіз, натурал көрсеткішті дәреже ұғымдарын түсіндіріп бере алады және оларды қатыстыра отырып ой тұжырымдай алады.

Құндылықтарға баулу

2-құндылық: Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім

Сабақтағы топтық және жұптық жұмыстар барысында ұжымшылдық, ортақ істің нәтижесіне жауапкершілікпен қарау, жеке жұмыста білімді қолдана алу, өзін-өзі дамыту дағдылары артады.

Пәнаралық байланыс

Физика, 7сынып.

§4. Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі. Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу.

Өлшем бірліктер: м2; cм2;мм -2=1/мм2 ; м/с=мс-1.

Алдыңғы білім

Натурал көрсеткішті дәреже, анықтамасы.



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5мин







2мин

Сабақ барысында оқушылардың көңіл-күйі сұралып, түгенделеді. Оқушылар зейінін сабақ тақырыбына аударып, олардың қызығушылығын арттыру үшін 3 фигура шаршы, куб, шеңбер ілінеді. Оқушылардан олардың ұқсастығы мен айырмашылықтары туралы айтуы сұралады.

  • Қандай фигураларды көріп тұрмыз?

  • Олардың ұқсастығы бар ма? Айырмашылығы ше?

  • Сонда не байқадық?

Бүгінгі сабақтың тақырыбы ашылады, мақсаты анықталады.

Оқушылар ұнаған фигураларын таңдау топтарға бірігеді.


Әр топтан топ басшысын сайлау мақсатында ширату тапсырмалары (Артығын алып таста) беріледі:

  1. 1. (-2+4)2 2. 23 3.2-3 4.(-2)2 5.(-2)-5

  2. 1. Натурал сан 2. Дәреже 3.Негіз

4. Дәреже көрсеткіші 5.Сан тізбегі

  1. 1. (2*9)3 2. 158 3. 1/5 4.15-8 5.1/15

Шаршы, куб, шеңбер











тапсырмалар


7мин



Сабақтың ортасы



6мин







16мин











6мин
















Тапсырма №1

«Жалғасын тап» әдісін пайдаланып, жұптасқан оқушыларға формулалар мен есептер жазылған тапсырмалар ұсынылады. Тапсырманы шапшаң орындай отырып, жалғасын табады.

m)n=?

bm/bn=?

bm * bn=?

Егер а3=b a9=?

Егер а4=b a8=?

Егер а2=b a8=?

а4/ a3=?

2-3+4-2=?

(-5+0,2)2 =?

Топта есепті талдайды, талқылайды, жауаптарын алмасу арқылы бір-бірін топ ішінде бағалайды. Нәтижелері тақтада көрсетіледі.

(Жоғары бал-3)

Тапсырма №2. Деңгейлік тапсырмалар (оқулықпен жұмыс)

«Эстафета » әдісін пайдалана отырып оқулықтағы

№ 1.8 (Санның квадраты түрінде жазыңдар),

№1.15 (Өрнекті ықшамдаңдар),

№1.24 (Көбейтіндіні негізі х болатын дәреже түрінде жазыңдар) есептерін шапшаңдықпен орындайды.

Бірінші орындаған топқа қосымша 1балл беріледі.

Топтар жауап парағын алмасу арқылы бірін-бірі бағалайды.

(Жоғары бал- 1+2+3+3=9)


Тапсырма №3

«Конверттегі сұрақ». Топтарға арналып конверттер дайындалады және өтілген тақырыптардан 3 сұрақ жазылып, конверттерге салынады. Топ мүшелері өздеріне берілген конверттің ішіндегі өтілген тақырыптарды пысықтау мақсатында берілген сұрақтарға жауап береді. Оқушылар ойын тұжырымдап,тақтаға жазады. 3 конверт ішінен 1тосын сый шығады, ол топқа сұрақ берілмейді, бірақ бағаланады. Топтар бір-бірін бағалайды.

1.а)Натурал көрсеткішті дәрежеге анықтама беріңдер. ә)Натурал көрсеткішті дәреже қандай элементтерден тұрады?

б)«1383» өрнегі қалай оқылады?

2.а)Негіздері бірдей дәрежелерді көбейту формуласын жазып, сәйкес ережені айтып беріңдер.

ә)Нөлге тең емес санның көрсеткіші нөл болатын дәрежесі неге тең?

б)00 санының мағынасы бар ма?

3. Бал жазылған парақша- Тосын сый

(Жоғары бал-2)


АКТ, слайд, формулалар










Үлгі оқулық (14-16б.) , деңгейлік тапсырмалар








Конверт, сұрақтар
















28мин



Сабақтың соңы

2мин







3мин

3мин











1мин





1мин

Топ басшыларының бағалау парақтарында қойылған жиынтық баллдары және

  1. Топтың ережені сақтауы

  2. Тапсырманың уақытында орындалуы

  3. Топ мүшелерінің белсенді қатысуы

  4. Мазмұндылығы мен тақырыптын ашылуы

  5. Сұраққа жауап беруі

ескеріледі.


Үйге тапсырма

№1.19. Есептеңдер,

№1.26. Өрнектің мәнін табыңдар.


Бүгінгі сабаққа жазбаша кері байланыс жүргізіледі(Сыныптан шығу билеті). Оқушыларға өтілген тақырыптарды бекіту мақсатында сұрақтар жазылған таратпалар беріледі, олар сұрақтарға жауап беріп, оны сыныптан шығуға рұқсат етілген уақытқа дейін мұғалімге беруі керек.

  1. Көбейтіндіні қосу амалы түрінде қалай жазуға болады? Мысал келтіріңдер.

  2. Негіздері бірдей дәрежелерді бөлу формуласын жазыңдар.

  3. Теріс санның тақ дәрежесінің таңбасы қандай?


Оқушылар сабақтағы топтық және жұптық жұмыстар барысында ұжымшылдық, ортақ істің нәтижесіне жауапкершілікпен қарауға, жеке жұмыста білімді қолдана алуға, өзін-өзі дамытуға дағдыланды, үйренді. Сабақтың жақсы өтуіне барлығы да үлкен үлес қосты. Енді осы сабақтың шыңына жету үшін бір-бірін қошеметтеп, шапалақпен отшашу жасайды.


Рефлексия. Қолдарына таратылған смайликтерді рефлексия тақтасына жабыстырады(Көк-түсіндім және сары түсті-әлі де түсініксіз).


Бағалау парақтары









Үлгі оқулық (15-16б.)




Сұрақтар жазылған таратпалар, дәптер















смайликтер

10мин



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау

Тапсырмалар топтық, жұптық жұмыстар барысында саралады: «Артығын алып таста», «Жалғасын тап», «Эстафета» «Конверттегі сұрақ» әдістері арқылы берілген деңгейлік тапсырмалар.

Бағалау

Өзара бағалау жүргізіледі, топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекеті бақыланады, жетістіктері айқындалады.Кері байланыс (жазбаша) жүргізіледі.


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

Сыныпта техника қауіпсіздік ережесі айтылады.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:


Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:


Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:





Бағалау критерийлері

Топтар

Балы

Ұйымдастырылуы

Топтың жұмысы ұйымдастырылған,

жоғарғы деңгейде-

орташа деңгейде-

ұйымдастырылуы жеткіліксіз-


Мазмұны

Тақырып ашылған, мәлімет жан- жақты  берілген-

Жан-жақты  мәлімет бар, бірақ дұрыс үйлестірілмеген-

Мәлімет біржақты

ғана берілген-


Топ мүшелерінің белсенділігі

Топ мүшелері

түгел қатысты-

жартысы ғана қатысты-

бірер мүшелері ғана белсенді  болды-


Креативтілігі

Шығармашылығы: жоғарғы деңгейде-

орташа дәрежеде-

жеткіліксіз-





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
ҚМЖ- Натурал көрсеткішті дәреже- 7 сынып

Автор: Махаева Дина Мейрамбековна

Дата: 24.09.2017

Номер свидетельства: 429532


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства